Денсаулық сақтау министрі: 6 облыс пен 2 қала «қызыл аймақта»

26 Қаңтар, 2021 13:47

Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз кезегі Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевқа және ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға берілді. Досаев пен Цой айтқан мәліметтер Strategy2050.kz тілшісінің материалында.



Ерболат Досаев 2020 жыл Қазақстан экономикасы үшін коронавирус салдарынан оңай болмағанын айтты. Дегенмен, 2021 жылы дағдарысқа қарсы шаралар нәтижесінде тұрақтылық деңгейіне өту міндеттемесі тұр.

«Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Пандемия кезінде Ұлттық банк қаржы технолигияларын белсенді түрде дамытты. Пандемиядан кейін кез келген ел экономикалық құлдырауды бастан кешуде. Экономика өсімі тек Қытайда ғана өскен. 2021 жылы әлемдік экономиканың 5,2 % дейін қалпына келу күтіледі. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес 2030 жылға дейінгі ақшалық-кредиттік жоспарын дайындадық. Сонымен қатар 2025 жылға дейінгі ұлттық төлемді дамыту бойынша бағдарлама қабылданды», - деді ол.

Ұлттық Банк Төрағасы экономиканы несиелеу туралы мен теңге құнының құлдырауы туралы айта келіп, өткен жылдың соңында теңге 6,1 % нығайғанын, ал 2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады.

«Қарапайым заттар экономикасы» 400 млрд теңгеге дейін кеңейтілді. Екінші деңгейлі банктер 516 млрд теңге көлемінде несие берді. 2020 жылы банктер 528 млрд теңге сомасында 1393 кәсіпкерлік субъектісіне несие берді. 2020 жылы қарыздық нарығын қабылдау мақсатында инновацияларды дамыту тұжырымдамалары қабылданды. 2020 жылы Ұлттық Банк 28 орталық банкті қамтитын цифрлық зерделеу жұмысын бастады. Ұлттық банк активтер мен тәуекелдерді дамыту жүйесін жалғастиыратын болады. Ұлттық банк экономиканы қалпына келтіруді жүзеге асыру барысында ақша-кредиттік жүйені қалпына келтіреді», - деп баяндамасын аяқтады Ұлттық Банк төрағасы.

Денсаулық сақтау министрі вакцинация мен коронавирус инфекциясының таралуына қатысты болжам жасады. Айтуынша, қараша айынан бастап елде ауру жұқтырудың өсімі байқалған. Қазақстанның 8 өңірі «қызыл аймақта». Цой өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты талдау жасады.

«26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Бұл ретте Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында эпидемиологиялық ахуалды жеткілікті деңгейде бақылау жүргізіліп жатпағанын атап өту керек. Осының салдарынан республикада коронавирус жұқтырған азаматтардың 40 пайызы – осы облыстардың тұрғындары. Осыған байланысты аталған өңірлердің әкімдері тиісті әрі тиімді шектеу шараларын енгізіп, оның сақталуына баса мән беруі керек», - деді Алексей Цой Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Барлық өңірде тұрақтылық қорлары құрылған. Бұған мемекеттік бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді.

Республика бойынша 5000 өкпенді жасанды желдету апараттары сатып алынды. 40 000 стационар төсегі оттегі концентраттарымен қамтамасыз етілді. 10 млн маска мен қорғаныш киімдері жіберілді. 1 ақпаннан бастап вакцинациялау жұмыстары басталады. Жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина салынады. Қазіргі уақытта медицина мамандары вакцина салу бойынша оқытылып жатыр», - деді.

Цойдың айтуы бойынша, вакцина ең алдымен алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген жәрігерлер мен мұғалімдерге салынады. Вакцинация бойынша электронды паспорт енгізіледі.

Цой үш сценарийді атады.

«Позитивтік сценарий бойынша, егер вакцинацялаудан халықтың бір бөлігі өтіп, әлеуметтік ара қашықтық пен маскалы режим сақталса, наурыз айының соңына дейін тәулігіне 3000 ауру жұқтыру болуы мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 9000 адам ауру жұқтыруы мүмкін», - деді министр.

Мемлекет басшысы Цойдың баяндамасын тыңдап болған соң дәрі-дәрмектің жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарылып жатқаны туралы сұрады. Цой арнайы жұмыс тобы құрылып бұл мәселе бақылауға алынып, дәрі-дәрмектің қолжетімді болуы үшін жұмыс жасалып жатқаны туралы айтты.

Барлық жаңалықтар