• Басты
  • Демократиялық қоғамды дамыту пікір ашықтығы мен алуандығын көздейді – А.Жолдыбалина
25 Мамыр, 2020 17:44

Демократиялық қоғамды дамыту пікір ашықтығы мен алуандығын көздейді – А.Жолдыбалина

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Саяси партиялар туралы» ҚР-ның Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған еді. Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина сарапшылық пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Демократиялық қоғамды дамыту  пікір ашықтығы мен алуандығын көздейді – А.Жолдыбалина

А.Жолдыбалина айтып өткендей, Президенттің 2019 жылдың 20 желтоқсанында айтқан реформалары 2020 жылы белсенді жүзеге асырыла бастады және соған сай жедел әрі сапалы заң жобаларын әзірлеу талап етілді.

 «Экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар халықтың кең ауқымының сұраныстары мен мүддесін көрсетіп отырғаны айқын. Осы орайда әлеуметтік және саяси аспектілер бағытындағы реформалар мемлекеттік саясатты ырықтандыру процесін сапалы толықтыра түсуде. Демократиялық қоғамды дамыту ең алдымен пікір ашықтығы мен алуандығын көздейді. Бұл ретте қазақстандық қоғамда азаматтық қоғамдық дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Оған үкіметтік емес ұйымдардың, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының көптігі дәлел бола алады», - деді А.Жолдыбалина.

  Сарапшының айтуынша, қоғам ел Парламентінде болуы тиіс қуатты әрі беделді саяси азшылықты табиғи жолмен құру кезеңіне біртіндеп келе жатыр.

 «Қазіргі уақытта саяси партиялар мен саяси қызметтің өзі бүкіл әлемде түбегейлі өзгеріске ұшырау үстінде. Соңғы жылдары саяси құрылымның және қоғамдық даму трендтерінің ақпараттық-коммуникациялық кеңістік аясында өзгеріске ұшырауы партиялық құрылым форматын өзгерту, оның ішінде идеологиялық платформаны жаңғырту, партияның электораттармен өзара іс-қимыл форматын өзгерту, қаржыландырудың өзге көздерін іздеу қажеттілігіне байланысты бола түсті. Бүгінде Қазақстандағы әрбір саяси партия жақтастары қатарын арттыру бағытында жұмысты күшейте түсуде», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, әлем бойынша ұлттық парламенттің 35% немесе одан да көп әйел-мүшелері тек 26 елде ғана бар – ол Ұлыбритания, Италия, Франция, Эстония және басқа да көбінесе Еуропа елдері.

   «Олардың басым көпшілігі 2000 жылдардың ортасында арнайы квоталарды енгізу арқылы бұл игілікке қол жеткізді (мәселен, Франция, Бельгия, Португалия, Испания). Аталған елдерде енгізілген квоталар әйелдер үшін саясатта жетістікке жетуге кедергі туғызатын гендерлік саяси алаңдағы ауытқуларды теңестіруге, кейбір құрылымдық тосқауылдарды азайтуға шынымен көмектесті. Осындай нормалар елдің парламенті шын репрезентативті болып табылатынын және өзі өкілдік ететін халықтың пікірін білдіретініне кепіл болады. Ол сондай-ақ әр азаматтың сайлануға деген құқығын растайды», - деді ол.

   А.Жолдыбалина құрамында әйелдер саны жоғары парламент әдетте елдегі әлеуметтік мәселелерді тиімдірек шешеді және денсаулық сақтау мен білім беру салаларына ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.

   « Гендер саясатын жүзеге асыру бойынша заңнамалық бастамалар шешуші мәнге ие, себебі ол мультипликативті нәтиже беріп, әйелдерді бизнестегі және азаматтық сектордағы табысқа ынталандырады, сондықтан гендер теңдігі – ол тек саясаттың ғана емес, іскерлік әлемнің де мәселесі. Көптеген зерттеулер компаниялардың құрамында әйел-менеджерлер неғұрлым көп болса, соғұрлым ол табысты болатынын көрсетуде. Экономика мен қоғам өзінің барлық дарындарын жынысына қарамай қолдануға мүдделі», - деді ол.

   Сарапшы қосқандай, квоталар өз негізінде әлеуметтік топтарды қолдауға және көп уақытта жиналып келген теңсіздікті жоюға бағытталған позитивті кемсітушілікке қарсы уақытша шаралар болып табылатынын ұмытпауымыз жөн.

   « Осындай теңсіздік жойылған сәттен бастап бұл квоталардан бас тартуға болады. Гендерлік квоталар өз кезегінде жергілікті жағдайға бейімделуі керек, сонымен қатар құқық қолдану механизмдерімен қуатталу қажет», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды