• Басты
  • ҚДБ теңге облигацияларының үшінші шығарылымын жүзеге асырды

ҚДБ теңге облигацияларының үшінші шығарылымын жүзеге асырды

7 Ақпан, 2020 10:10
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың 62,5 млрд теңге сомасындағы үшінші шығарылымын жүзеге асырды, деп хабарлады Strategy2050.kz ҚДБ-ға сілтеме жасай отырып. 

 Бағалы қағаздардың айналым мерзімі 5 жыл, купондық ставкасы - жылдық 10,75%. Бүкіл соманы төлеу АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Мәміле бойынша есеп айырысулар 12 ақпанда өткізілетін болады.

Банктің теңге еврооблигацияларын шығару Еуропа және Қазақстан инвесторларына ұсынылды. Банк облигацияларын орналастыру географиясы құрлықтық Еуропаның (Италия, Германия, Швейцария, Лихтенштейн, Франция, Дания мен Финляндия) – 32%, Қазақстанның - 29%, Ұлыбританияның  - 28% және басқа да елдердің 11% инвесторларымен ұсынылады, олардың қатарында Ресей және Таяу Шығыс елдерінің инвесторлары бар. Абсолюттік цифрмен алғанда, сөз 25 астам инвесторлар туралы болып отыр.

Банктің теңге еврооблигацияларын шығару бойынша халықаралық инвесторлар кездесулері 30 қаңтар – 4 ақпан аралығындағы кезеңде Франкфурт, Цюрих, Лондон және Алматы қалаларында болды. Шығарылымның бірлескен букраннерлері ретінде Halyk Finance, J.P. Morgan, Societe Generale және UBS Investment Bank жұмыс істеді.

ҚДБ-ның ірі жобаларды кредиттеуге маманданатынын назарға алатын болсақ, Банктің теңге еврооблигацияларын шығару есебінен тартылатын қаржы қаражаты бизнесті кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттарда кредиттеуге мүмкіндік береді.

«Теңге еврооблигацияларын орналастыру ойдағыдай өтті деп ойлаймын, бізге оларды мерзімі бойынша да, сондай-ақ ставкасы бойынша да қолайлы шарттармен орналастырудың сәті түсті. Банктің теңге еврооблигацияларына қызығушылық білдірген 13 елдің инвесторларынан тұратын география Банктің сенімді эмитент екендігін және инвесторлардың Қазақстанның ұлттық валютасына сенетінін білдіреді», - деп атап өтті ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев.

ҚДБ-ның бұған дейін теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың екі шығарылымын жүзеге асырғанын еске саламыз. 100 млрд теңге көлеміндегі еврооблигациялардың алғашқы шығарылымы 2017 жылғы желтоқсанда және 100 млрд теңге 2018 жылғы сәуірде іске асырылды.

Барлық жаңалықтар