• Басты
  • ҚДБ мен «Bagalau Qazaqstan» өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты
27 Қыркүйек, 2019 17:15

ҚДБ мен «Bagalau Qazaqstan» өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты


«Қазақстанның Даму банкі» АҚ және «Bagalau Qazaqstan» Қазақстан бағалаушыларының орталық бірлестігі» ӨҰ бірден бірнеше түйінді бағыттар бойынша ынтымақтасу ниетінде. Бірінші кезекте – тиісті қызмет салаларында тәжірибемен және біліммен алмасу, сондай-ақ ақпараттық, әдістемелік және сараптау-техникалық өзара көмек көрсету, деп хабарлады Strtategy2050.kz.
ҚДБ мен «Bagalau Qazaqstan» өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

ҚДБ қаржыландыратын жобалардың технологиялық күрделілігі, инвестициялық бағыттарының әртүрлілігі және ауқымдары оларды бағалау кезінде тәуелсіз, кәсіби сараптамалық пікір тартуды талап етеді. Атап айтқанда, жобалар бойынша сыртқы бағалау талдаудың үшінші – банктік сараптама кезеңінде қажет. «Бағалау қызметі туралы» жаңа Заңның күшіне енгенін және соның салдары ретінде бағалау қызметінің өзін өзі реттеуге көшкенін ескеретін болсақ, осы меморандумға қол қою аса өзекті болып отыр. 

Бүгінде, «Bagalau Qazaqstan» бағалаушылар палатасы өзіндік бір бағалаушылар қызметін реттеуші бола отырып, Банктің қарыз алушыларына Палата мүшелері көрсететін жоғары стандарттардың кепілі болып табылады.

 «Ынтымақтастықтың осындай форматы барынша тиімді деп есептеймін. Банк бүгін қол қойылған келісімнің шеңберінде әсіресе даулы мәселелер бөлігінде Бағалаушылар палатасының Сараптау кеңесінің көмегіне жүгінуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, біз қазір ҚДБ қызметкерлерін Сараптау кеңесінің құрамына енгізу туралы мәселені қарастырудамыз. Осыған байланысты, біз Банк пен «Bagalau Qazaqstan» бағалаушылар палатасы мақсаттарының үйлесетініне өте қуаныштымыз – ол, бірінші кезекте, бағалаушылар біліктілігінің артуы, кәсіби мүдделердің қанағаттандырылуы, бағалау қызметін жетілдіруге және бағалау жөніндегі есептердің сапасын жетілдіруге жәрдемдесу», – деп атап өтті ҚДБ Басқарушы директоры Бақыт Сұрапбергенов.

Тараптар тәжірибемен және білімдерімен алмасуды бірлескен семинарлар мен форумдар өткізуден бастайды. Оның үстіне, енді екі жақты келісімнің болуы әдістемелік, сараптамалық және техникалық деректермен оңай алмасуға мүмкіндік береді. «Bagalau Qazaqstan» бағалаушылары және ҚДБ өкілдері бағалау қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бірлесіп әзірлеуге және халықаралық деңгейдегі стандарттар мен әдістемелерді енгізуге кіріседі. Қазір «Bagalau Qazaqstan» палатасының құрамына 332 бағалаушы кіретінін атап өткіміз келеді, олардың арасында халықаралық компаниялардың да өкілдері бар.

«Біз елдің ең ірі инвестициялық банкімен ынтымақтастықты нығайтқанымызға қуаныштымыз. Менің пікірімше, осындай түрдегі тығыз өзара іс-қимыл бағалаушылардың кәсіптік ортасын қалыптастыруға ықпал етеді», – деп атап өтті «Bagalau Qazaqstan» бағалаушылар палатасы Басқармасының төрағасы Ерлан Есжанов.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды