• Басты
  • Дариға Назарбаева «Таңғажайып әуен» қайырымдылық фестиваліне қатысты
5 Желтоқсан, 2019 09:52

Дариға Назарбаева «Таңғажайып әуен» қайырымдылық фестиваліне қатысты

Сенат Төрағасы, «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева Урюпинск балалар үйінің 90 баласы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі аясындағы Open space шарасына қатысты.
Дариға Назарбаева «Таңғажайып әуен» қайырымдылық фестиваліне қатысты

«Дегдар» қоры ата-ана қамқорлығынсыз қалған және даму ерекшеліктері бар балаларды қолдау үшін «Таңғажайып әуен» фестивалін ұйымдастырған болатын. 

Шара ерекше актерлер театрының балаларға арналған қойылымымен басталды. Балалар спектакльден кейін кескіндеме, пісіру, қыш өнері және қазіргі заманғы би бойынша шеберлік сыныптарына қатысты, робототехника үйірмесіне, бейнелік және химия зертханаларында болуғы мүмкіндік алды. Аниматорлар, клоундар мен сыйқыршылар және жонглерлер жас меймандарға ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.

Дариға Назарбаева қамқорлықсыз қалған балалармен және дамуы ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтарға алғысын жеткізе отырып: «Балалардың өмірі толық әрі қызықты болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отырған тәрбиешілер мен педагогтарға өте ризамын. Сіздерге алғысым шексіз!», - деді. 

Сенат Төрағасы сондай-ақ Петропавлдағы ерекше актерлер театрының тәжірибесін бүкіл елімізде пайдалану туралы шешім қабылданғанын және бүгінгі күні Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып,  театрлардың жанында инклюзивті студиялар құру жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

Дариға Назарбаева балаларға арнаған сөзінде келе жатқан мерекелер – Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен және Жаңа жылмен құттықтай келіп: «Сіздерге Жаңа жыл түніндегі барлық тілектеріңізді орындалуына тілектестігімді білдіргім келеді. Ол тілектетердің бәрі орындалады деп сенемін», - деді. 

 «Дегдар» гуманитарлық қоры фестиваль аясында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы ауылдарда орналасқан төрт балалар үйінің мұқтажына қайырымдылық жинағын жүргізуді қолға алды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды