- Басты
- Жаңалықтар
- Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Алматыда «Сенсорлық интеграция және баланың дамуы. Сенсорлық интеграцияға негізделген терапиялық тәсілдер» бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау және білім беру саласының 28 маманын үш апталық оқыту басталды.

Аталған бағдарламаға үш кезеңдік іріктеуден өткен психологтар, дефектологтар, логопедтер, дәрігерлер, ЕДШ/АДШ жаттықтырушылары және ЖОО оқытушылары қатысты.
Курс шеңберінде қабылдаудың тактильді, вестибулярлық, проприоцептивті және басқа да әдістеріне және сенсорлық сезімдерге бағдарланған аутистік спектрі бұзылған балалармен жұмыс жасаудағы сенсорлық-интегративтік тәсіл зерделенетін болады.
Сенсорлық интеграция қарым-қатынасты жақсартуға, стереотиптік қайталанатын қозғалыстардың азаюына, зейіннің шоғырлануына ықпал етеді, сонымен қатар көптеген елдерде қолданылатын эрготерапия бағдарламасының бөлігі болып табылады.
Дәрістер мен практикалық сабақтарды дәрігер, физикалық оңалту жөніндегі маман, «Физикалық оңалту» АКҰ директоры Екатерина Клочкова және нейропсихолог, денеге бағытталған практикалар бойынша маман, «Сөйлеу аумағы» логопедтік орталығының, Емдік педагогика орталығының сарапшысы Мария Шапиро сияқты ресейлік сарапшылар өткізеді.
Бұл курстың басты мақсаты аутистік спектрдегі аурулары бар балаларға көмек және түзету көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерінің бағдарламасына эрготерапияның бір бөлігі ретінде сенсорлық-интеграциялық тәсіл әдістерін енгізу болып табылады.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы алған білімі мен құзыреттілігі негізінде өзінің сенсорлық интеграция курсын әзірлейді және оған денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдардың кемінде 10 қызметкерін өтеусіз негізде оқытады деп жоспарлануда.
Бұдан басқа, білім алғандар арасында мастер-жаттықтырушылар іріктеліп алынады, олар жоғары оқу орындары үшін ұлттық әдістемелер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тартылатын болады, сондай-ақ кейіннен денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің мамандарын жаппай оқытуды бастайды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар
-
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді
-
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды
-
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы
-
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды
-
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды

