• Басты
  • Дағдарысқа байланысты жүк тасымалын қолға алып жатырмыз - Air Astana
4 Маусым, 2020 23:15

Дағдарысқа байланысты жүк тасымалын қолға алып жатырмыз - Air Astana

Қазір жолаушыларға қарағанда жүк тасымалына сұраныс артып отыр. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер "Самұрық-Қазына" кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлады БАҚ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Дағдарысқа байланысты жүк тасымалын қолға алып жатырмыз - Air Astana

Отырыс барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавиурстық пандемияға байланысты әлем бойынша әуе тасымалы дағдарысқа ұшырап жатқанын айта келе, Air Astana басшысынан әуе компаниясы қазіргі күрделі жағдайдан шығу үшін қандай шара қолданып жатқанын сұрады.

Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер қазір жағдай расымен қиын екенін, дегенмен табыстың өзге жолдарын іздеп жатқандарын айтты.

Қазір әуе қатынастары қиын кезеңді бастан өткеруде. Барлығына қиын, дегенмен біздің жолымыз болды. Біз дағдарысқа 14 айлық трендтеуден кейін келіп отырмыз. Күрделі жағдайға қарамастан жаңа табыс көздері де табылды. Қазір жүк тасымалына сұраныс артып отыр. Сондықтан Air Astana соған қарай ыңғайланып отыр, - деді ол.

 Питер Фостердің айтуынша, әуе компания бастапқыда тек жолаушы тасымалдап келсе, қазір жүк тасымалы мәселесін егжейлі зерттеп жатыр екен. 

Қазіргі таңда бізде Қытай мен Еуропа елдеріне шығатын 32 чартерлік рейс бар. Кейбір Боинг-767 ұшақтарымызды жүк тасымалына ыңғайлап жатырмыз. Қосымша дивизиондар орнатылуда. Жақын арада екі Боинг ұшағы жүк тасымалы үшін жабдықталып болады. Бұл әлемдегі дағдарысқа икемделуді білдіреді, - дейді Питер Фостер.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды