• Басты
  • Д.Әзімбаевa: Қалааралық автобустар эпидемиологиялық жағдай дұрысталғанда жолға шығады

Д.Әзімбаевa: Қалааралық автобустар эпидемиологиялық жағдай дұрысталғанда жолға шығады

14 Мамыр, 2020 17:27

Қалааралық автобустар эпидемиологиялық жағдай дұрысталғанда жолға шығады. Бұл туралы елдегі темір жол рейстерін қайта іске қосу кезінде санитарлық-карантиндік бақылау мәселесі жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева айтты , деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Дария Әзімбаеваның сөзінше, қаларалық автобустар әзірге жолға шықпайды, тек санитарлық-эпиемиологиялық жағдай жақсарғанда ғана жолға шықпақ.

"Қаларалық автобустардың ашылуы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың дұрысталуына байланысты болады. 1 мамырдан бастап авиа рейстер ашылғаны белгілі. Енді 1 маусымнан бастап қалааралық теміржол қатынастары ашылады.  Ұшақта жолаушылардың денсаулығын қадағалайтын бортсеріктер болса, темір жолдағы вагондарды жолсеріктер бақылауда ұстайды. Сол себепті қалааралық автобустар ашылмайды, жоғарыда атап өткенімдей, тек эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты болады", - деді ол.


Сонымен қатар ол жеке көліктерде де санитарлық талаптарды сақтауға шақырды, өйткені көліктерге дезинфекцияны тек көліктің иесі жауаы керек. 

"Жеке көліктерге келетін болсақ, әлі блок-посттар ашылған жоқ. Жеке көліктерді иесі дезинфекция жасап, тазалап отыруы керек. Ал егер де көліктегі адам коронавирусқа шалдыққан болса, онда көлікті арнайы мамандар тазалап, дезинфекция жасайтын болады", - деді санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы. 


Еске салайық, 2020 жылдың 1 маусымынан iшкі темiржол қатынастарын кезеңімен қалпына келтiру туралы шешiм қабылданған еді. Oсыған байланысты 2020 жылдың 15 мамырынан Қазақстaн Республикaсы aумағы бoйынша жүретiн жолaушылар пойыздарына билеттер сатылымы ашылады. Республикa аумaғында жүретін пойыздар қозғалысын екі кезеңде 2020 жылдың 1 жәнe 10 маусымынан шске қосу жоспарлaнып отыр.

Барлық жаңалықтар