- Басты
- Д.Закиева: Мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет
Д.Закиева: Мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет
Қазір ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” Заңына және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына енгізу ұсынылып жатқан "буллинг" ұғымы белсенді талқыланып жатыр. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Закиева мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажеттігі жөнінде Фэйсбук парақшасына жазды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Жұртқа мәлім, ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев ҚР 2021 жылдың қаңтарында VII шақырылған Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және буллингтің алдын алу мәселелерін шешу үшін шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Бұған дейін Президент 2020 жылғы Жолдауында кибербуллингтің алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажеттігін ерекше атап өткен.
Буллинг (қорлау) - балалардың алдында тұрған, көбінесе мектепте кездесетін өзекті мәселелердің бірі. ҚР Ұлттық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы еліміздегі оқушылардың 12%-дан астамы буллинг пен қорлауға ұшыраған. Тек өткен жылдың өзінде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған, 306 жасөспірім бұған әрекеттенген.
Аталмыш мәселені зерттеу, алдын алуға бағытталған бағдарламалар әзірлеу, осы құбылысқа әкелетін себептермен айналысу, мектептегі буллингтен (қорлаудан) қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет. Тұжырымдаманың болмағанынан ресми статистика да жүргізілмейді.
Тұжырымдама редакциясын талқылау мақсатында барлық тілек білдірушілер ҚР Білім және ғылым министрлігінің алаңында өтетін кіші топқа біріктірілді. Тұжырымдаманың редакциясында жұмыс істеуге ниет білдіргендердің бәрі талқылауға кедергісіз қосылды. Аталмыш топқа жылдар бойы балалар мен отбасыларға, соның ішінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін көптеген қоғам қайраткерлері, сарапшылар қатысуда. Олардың қатарында Қуат Дүйсен - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант, белгілі профессор М. Ш. Қоғамов, белгілі тіл мамандары да бар.
Жұмыс топтарының отырыстарына қатысқысы келетіндердің барлығына әр сәрсенбі күні сағат 15.00-де ҚР Парламентінің сайтында отырыстың тікелей эфирі өтетінін хабарлаймыз. Отырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тұжырымдаманың редакциясы әзірленгеннен кейін ол негізгі жұмыс тобында өткізілетін талқылауға шығарылады. Жұмыс тобы оны талқылап, дауыс беру өткізеді. Әр отырыстың алдында 109 адам қатысатын жұмыс және сараптама топтарының барлық мүшелеріне кестелер мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберіледі.
Бәріміз ата-анамыз, бұл ұсыныс ең алдымен еліміздің барлық баласын қорғау үшін енгізілуде.
Өкінішке қарай, қазір қоғам өкілдерінің кейбірі сындарлы ұсыныс жасамай, балаларға көмектесу тәжірибесі болмай, процесті саясаттандыруда, халықты буллинг үшін жаза (оның ішінде қылмыстық жаза) қарастырылған деп адастырып, айла-шарғы жасап басқа да шындыққа сай келмейтін ақпарат таратып жүр.
Шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратқандарға әрекеттері үшін заң бойынша жауапкершілік көзделгенін еске салғым келеді.
Барлық ақпаратты ҚР Парламентінен немесе жұмыс тобының жетекшісі ретінде менен ресми түрде сұрауларыңызды өтінеміз.
-
Бала құқығын қорғау бойынша заңнамаға енген өзгерістер қандай
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
Азық-түлік бағаларын тұрақты ету үшін қабылданған шаралар
-
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады
-
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек
-
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес
-
Иммунолог: Вакцина халық өмірін қорғау үшін қажет
-
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары қашан күшіне енбек
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі

