• Басты
  • Дәурен Абаев Президент Жолдауының бір айлық нәтижесін қорытындылады
4 Қазан, 2019 12:00

Дәурен Абаев Президент Жолдауының бір айлық нәтижесін қорытындылады


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР Президенті Жолдауының бір айдағы негізгі нәтижелерін баяндады.
Дәурен Абаев Президент Жолдауының бір айлық нәтижесін қорытындылады | Strategy2050.kz

«Президент Жолдауының жарияланғанына бір ай болды, бұл уақытта атқарылған жұмыс аз емес. Атқаратын шаруа да көп. Мұнда Жолдаудың белгілі бір уақытқа жоспарланған бағдарламалық құжат екенін түсіну қажет. Оны жүзеге асыру үшін 81 тармақтан тұратын жалпыұлттық жоспар әзірленді және қабылданды. Мұнда нақты шаралар көрсетілген, оның нәтижесін халық сезінеді деп үміттенем», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Мысал ретінде министр «Сарыарқа» газ құбыры құрылысының жанданғанын айтты.

 «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға көңіл бөлді. Елді газдандыру бойынша ол «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын тездетуді тапсырды. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігінің деректеріне сүйенсек, күніне шамамен 6 шақырым дәнекерлеу жұмысы жүргізілуде. Тораптар құрылысы аяқталуға жақын, әрине, алда техникалық жұмыстар, жабдықтау мәселелері бар. Бірақ барлық жұмысты желтоқсан айына дейін бітіру жоспарланған», - деп атап өтті Д. Абаев.

 Оның айтуынша, Қарағанды, Ақмола облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 3 миллионға жуық адам табиғи газбен қамтылады.

 «Бұл инфрақұрылым шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді. Және ең бастысы – ауаға ластаушы заттардың таралуын төмендетеді», - деді министр.



 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды