• Басты
  • Дәурен Абаев 2020 жылдың жоспарларымен бөлісті
27 Қаңтар, 2020 11:52

Дәурен Абаев 2020 жылдың жоспарларымен бөлісті

Министрліктің 2020 жылға арналған негізгі міндеттері туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Дәурен Абаев 2020 жылдың жоспарларымен бөлісті

Министр Дәурен Абаев 2020 жылға ақпарат саласында нақты стратегиялық мақсаттар мен маңызды іс-шаралар жоспарланғанын атап өтті.

«Біздің министрліктің құрылғанына бір жылдан асты... Мен 2020 жылға қойылған өзекті тапсырмалар туралы айтып беремін. Біз басшылық ететін барлық бағыттарды дамыту бойынша нақты жоспарымыз және стратегиямыз бар. Өте маңызды шаралар мен жобалар жоспарланған. Ақпарат саласы бойынша, президент халық үніне құлақ асатын мемлекет ендіру туралы концепциясы қойылды. Осы тапсырманы шешу үшін министрлік мынадай жоспарды құрды. Бірінші, халықпен кері байланыс каналдарының жұмыстарына жүйелі түрде мониторинг жүргізу және талдау жасау. Барлық мемлекеттік орган халықпен жұмыс жүргізу бойынша жауапты бөлімше тағайындап, олар тікелей бірінші басшыға бағыну керек. Екінші, мемлекеттік органдар ақпараттық қызметінің белсенділігін арттыру. Мемлекеттік органдардың БАҚ өкілдерімен байланысын тиімділігін бағалаудың жаңа критерийлерін енгізу жоспарланған; Үшінші, мемлекеттік органдар мен заң жобаларын қарайтын жұмыс топтарының, қоғамдық кеңестің отырысын онлайн көрсету жалғасады», - деді Д.Абаев.

даурен.jpeg

Сондай-ақ, Д.Абаев Президент 2020-2023 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың ұлттық стратегиялық жоспарын құру туралы тапсырма бергенін айтты.

«Құжат аясында қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты жұмыстар қолға алынады. Көптеген шара қазір әзірленіп жатыр. Бірақ қазір олардың шегі туралы айтуға болады. Біріншіден, біз біз мемлеттік ақпарат саясатты іске асырамыз. Бұл үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс механизмдері қайта қаралады. Біз нарықтық бағаны енгізуде санға емес, сапаға мән береміз. Мемлекет халық арасында сұранысқа ие мультимедиялық контентті, оның жарияланған санына қарай емес, интернет желісендегі таралымын қолдайды. Екіншіден, коммерциялық телеарналар мен радио станциялар цифрлық эфир таралымында өздерінің бағытын табуға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді ол. 

Сонымен қатар, министр 2021 жылы мемлекеттік саясат тапсырысты орындауда телеарналар мен интернет ресурстардың аудиторияларын медиабағалау үшін жүйе құрастырылатынын айтты.

«Төртіншіден, интернет телеарналарды реттеу бойынша нормалар әзірленеді. Өткен жылы министрлік БАҚ саласындағы заңнаманы және ақпаратқа қолжетімділікті оңтайландыру жобасы дайындалды. Онда шаралар жоспары көп. Олардың ішінде қағаз басылымдар үшін нөлдік қосымша құн салығын атап өтуге болады. Қазақстан территориясында шығарылатын тауар берлігісі бар және баяу алкогольді өнімдерге жарнамасына тыйым салуды тоқтату. Бұл шараларды жүргізіп жатырмыз. Бірақ баяу жүріп жатқанын атап өту керек», - деді ол. 

Оған қоса, министр ражиохабарларды таратуға ерекше көңіл бөлді.

«Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында радиохабарларды дамытуға ерекше назар аударды. Вице-министр Нұргүл Өсербаеваға осы радиохабарлар таратуды дамытудың жол-картасын жасауды және бекітуді, сонымен қатар цифрлық радионы енгізудің концептуалдық тәсілдерін анықтауды тапсырамын. Ендігі кезекте саланың негізгі шараларына тоқталсам, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының цифрлық хабар таратуға көшіру қажет. Екінші жас журналистер мен студенттер арасында «Үміт» байқауын ұйымдастыру. Жеңімпаздар осы БАҚ саласына жұмысқа алынады. Үшінші «Үркер», «Түмар» премияларын және Аstana Media Week медиа-форумын ұйымдастыру. Төртінші, былтыр «Егемен Қазақстан» газеті 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Биыл Казахстанская правда мен «Қазақпарат» ХАА 100 жыл толады. Осы мерейтойларды да өткізу керек. Бірақ бір ескеретін дүние, мемлекет басшысы айтқандай, мерейтойларда ағартулық бағытындағы шараларға басымдық берілу керек. Мақсат – той емес, тағылым болуы тиіс. Бесінші, «Қазмедиа» орталағының технологиялық ядросын жаңарту», - деді министр.

Д.Абаев отбасылық-гендерлік саясатты дамытудың жоспарына тоқталды.

«Үшіншіден, отбасылық-гендерлік саясаттың 2030 жылға дейін екінші сатысын жүзеге асыруға кірісу. Ол көпбалалы отбасыларды, жалғызбасты аналарды қолдау шараларын, дағдарыс орталықтарының, әлеуметтік қызметтердің жұмысын жетілдіру және т.б. Төртіншіден, мемлекеттік жастар саясатының мәселелері бойынша заң жобасын жасау қажет», - деді Д.Абаев.

Сонымен қатар, министр жастарға арналған арт-хаб ашылатынын айтты.

«Негізгі іс-шаралар: биыл біз ЭКСПО павильонында арт-хаб құру бойынша барлық мәселелерді пысықтауымыз керек. Бұл шығармашылық жастарға арналған бірегей заманауи алаң болады. Ол жерде жастар өздерінің жобалары мен бастамаларын жүзеге асырады. Оған қоса, мынадай шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, олар,   «Зере» жастар танымдық лагері, Бесінші республикалық әкелер форумы және халықаралық сараптамалық форум, Қазақстан мен Ресей волонтерлік кеңесінің құрылуы. Осы шаралардың өтуін вице-министр Ғ.Оспанқұловқа тапсырамын», - деді министр.

Министр «Рухани жаңғыру» бойынша негізгі шараларға да тоқталды.

«Бірінші, «Рухани жаңғыру» амбассадорлары жобасын жүзеге асыру керек. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі бойынша сараптамалық баяндама жасау көзделген. «Қазақстанның киелі жерлерінің танымалдылығын арттыру мақсатында 2gis картасына қосу бойынша жұмысты жалғасытру керек. Ағымдағы жылы вице-министр Ғ.Оспанқұловқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрі қарай жүйелеп дамытудың нақты стратегиясын жасауды және оны жүйелі түрде жүзеге асыруын тапсырамын», - деді ол.

Сондай-ақ, министр дін саласында да бірқатар шаралар жоспарланғанын айтты.

«Дінді дамыту бойынша стратегиялық ортамерзімді жоспар әзірлеу қажет. Белгілі болғандай, биыл 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы саяси тұжырымдаманың мерзімі аяқталады. Құзырлы тұлғаларға «Жусан» операциясы аясында террористік белсенді ортадан оралған қыз-келіншектерді 100 пайыз қайта қалпына келтіруді тапсырамын. Бұл тек психо-эмоционалдық кеңес қана емес, әлеуметтік қолдау болып табылады. Биыл Дінтанушылар форумын өткізіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің 19 хатшылығын өткізу қажет. Алматы қаласында «Нұр мүбәрак» мектебі жаңа корпусының құрылысын бастау қажет», - деді ол.

Дәурен Абаев диаспорлық саясат туралы да айтып өтті.

«Қандастарды қолдауды жалғастыру мақсатында биыл әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары кешенінің нақты пайымдауын жасау қажет. Отандастар форумы және шетелдегі қазақтардың кіші құрылтауын жоғары деңгейде өткізу қажет. 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн сабақтарын және 7 елде қазақ мәдени іскерлік үйлерін ашу керек. Қандастар статусын бір терезе принципі бойынша беруге арналған қызметті іске қосу қажет», - деді ол.

Шараға ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысып жатыр.

Материал толықтырылуда 

Аягөз Құрмаш


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды