• Басты
  • Д.Қуат: Қоғамда қалтасында ақшасы бар емес, білімді адам мәртебелі болуы керек
27 Мамыр, 2020 16:19

Д.Қуат: Қоғамда қалтасында ақшасы бар емес, білімді адам мәртебелі болуы керек

Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық кеңестің ІІІ отырысы өтті. Отырыс барысында елдегі ұстаздардың, оқушылардың жағдайы, сонымен қатар мектептердегі білім беру мәселесі қозғалып, ұстаздардың беделін көтеру үшін нақты ұсыныстар айтылды. Осы орайда отырыста айтылған мәселелерге байланысты сарапшылардың пікірін білген едік. Журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Дәурен Қуат қоғамда білімді адамдардың мәртебесін арттыру керегін айтты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Қуат: Қоғамда қалтасында ақшасы бар емес, білімді адам мәртебелі болуы керек
"Бүгінгі отырыста неге ұстаздарды осы заманың тұлғасына айналдырмаймыз деген мәселе көтерілді. Әнші немесе спортшы емес, мұғалімнің мәртебесі мен абыроайы қай қоғамда болмасын биік болуы қажет. Жастар бұл мамандыққа қызға қарап, есейгенде мұғалім болам армандауы керек. Білім ордасы мен оқытушыға деген құрмет қалыптасуы керек. Біздің қоғамда қалтасында ақшасы бар емес, білімді адам мәртебелі болуы керек", - деді Дәурен Қуат. 

Сондай-ақ ол карантин кезінде оқушылардың телерана арқылы білім алғанын айта келе, арнайы білімге қатысты телеарна қажеттігін атап өтті.

"Бүгін отырыста Қазақстанда білімге қатысты телеарна ашу жөнінде ұсыныс айтылды. Карантин кезінде балалар "Балапан" арнасы секілді телеарнадан сабақ тыңдады. Бұл жағдай бізге арнайы білімге қатысты телеарна керектігін көрсетті. Мектептегі сабақ беру методикасын арна арқылы насихаттау керек. Ұстаздар арасында тәжірибе, методика, білім беру, түсіндіру, қызықтыру деген сияқты өзара тәжірибе алмасатын ортақ арнасы болуы керек деп санаймын", - деді ол.


Бұдан бөлек Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі қазақстандық ғалымдардың білімін барынша пайдалану керегін баса айтты.

"Ғалымдар – ақыл-ой инвесторы. Ғалымдар өздерінің білімін инвестициялайды. Ғылыми техникалық прогресс дамып жатқан кезде неге біз байлығымызды сатып күн көруіміз қажет? Неліктен біз басқа мемлекеттер секілді білімімізді игілігімізге айналдырып, адами капиталды, ақыл-ойды пайдаланбаймыз? Міне, осындай қоғамдық маңызы бар проблемалар бүгін жоғары мінберде айтылды",  - деді журналист.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды