• Басты
  • Д.Тұяқов: Жыл соңына дейін 643 ауыл интернет желісіне қосылады
15 Сәуір, 2020 15:28

Д.Тұяқов: Жыл соңына дейін 643 ауыл интернет желісіне қосылады

Елімізде жыл соңына дейін 643 ауыл интернет желісіне қосылмақ. Бұл туралы төтенше жағдай уақытында интернет желісінің жұмысы бойынша өткен онлайн баспасөз мәжілісінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов айтты, деп хабарлады тілшісі.

Д.Тұяқов: Жыл соңына дейін 643 ауыл интернет желісіне қосылады
"Қолданыстағы байланыс туралы заңына сәйкес, байланыс операторлары өз қаражаттары есебінен байланыс жүйелерін салу және дамытуды іске асырады. Бұл жұмыс 2018 жылы басталған болатын. Екі жылда көп жұмыстар істелді. Қазіргі кезде екі жоба 2 100 ауылды интернетке қосумен жұмыстанып жатыр. Бүгінге дейін 607 ауыл қосылды. Алдағы уақытта осы бойынша жұмыс жалғасады. 643 ауыл жыл соңына дейін интернет желісіне қосылады", - деді вице-министр.

Сонымен қатар Дарын Тұяқов байланыс нарығындағы қызметтердің көлемі 12, 8 пайызға артқан.


"Бүгін де Қазақстан Республикасының байланыс нарығындағы қызметтердің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға өсті. Өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі қаңтар-наурыз аралығында 110,5 пайызды құрады. Жалпы елімізде байланыс саласы жақсы дамып келеді. Биыл қызмет көрсетулердің ішінде интернет байланыс қызметінің үлесі 36,3 пайызды құрады.  Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, 13,5 пайызға көп", - деді Дарын Тұяқов. 

 Вице-министрдің сөзінше, бұған еліміздің көптеген аймақтарында енгізілген төтенше жағдай себеп болып отыр.


"Қазіргі уақытта еліміздегі қалалар мен көптеген елдімекендердегі халықтың басым көпшілігі түрлі соңғы технологияларды пайдаланып, интернетке қол жеткізуде. Дегенмен, тұрғындары аз ауылдық жерлер әлі де интернетке қосылмаған, осындай проблемамаен бетпе-бет келіп отыр. Жоғарыда атап өткенімдей, ауылдарды интернет желісіне қосу жұмысы жалғасады", - деді вице-министр.


Ал жиынға қатысқан Beeline Казахстан бас атқарушы директоры Евгений Настрадин айтуынша, төтенше жағдай енгізілгеннен бастап Beeline желісіндегі мобильді трафикті тұтыну орта есеппен 10 пайызға артқан.


"Бұл ай сайынғы өсу қарқынынан сәл ғана артық, әдетте ай сайынғы өсу қарқыны 5 пайыз деңгейінде. Ал сымды интернеттің трафигі 30 пайызға өсті. Бұл орайда, трафик бөлу картасы біршама өзгерді. Абоненттеріміз уақытының басым бөлігін үйде өткізеді. Сәйкесінше, орнықты интернетке қосылу мүмкіндігі бар жерлерде мобильді желіге мүлде жүк түскен жоқ. Орнықты интернет жоқ жерлерде, негізінен бұл - Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының маңы, сондай-ақ басқа өңірлердегі жекеменшік құрылыс аудандары, базалық станциялардағы трафик өсті. Біз адамдардың қашықтан жұмыс істеуге қалай көшкенін, уақытының басым бөлігін үйде өткізе бастағанын жүктемеден көрдік", - деді бас атқарушы директор.



Сонымен қатар ол қаңтарда індет Қытайда тарала бастап, қатаң карантин енгізілген кезде, тұтынушылардың бет алысы, сәйкесінше операторлардың желісіндегі жүктеменің қалай өзгергені анық көрінгенін атып өтті. Оның сөзінше, Қытайдағы серіктестері болып жатқан іске шолу жасап, ақпараттарын қазақстандық байланыс операторларымен бөліскен.


"Сондықтан қаңтар-ақпан айларында-ақ алдын алу шараларын жасадық. Мобильді желіде де, орнықты байланыста да тірек желісі кеңейтілді. Тасымалдаушы арналарда сыйымдылықты ұлғайттық. Құрылған резерв қазір бізге жетеді. Beeline желісінде шамадан тыс жүктеме, айтарлықтай проблема тіркелген жоқ. Одан бөлек, трафик тұтынуды қадағалап отырмыз, өзгерістерге қарай, алдағы уақытта артық жүк түсіп, ақаулар орын алмас үшін сыйымдылықты арттырамыз", - деді Евгений Настрадин. 


Бұдан бөлек оның сөзіне сүйенсек, Beeline 2020 жылға жоспарланған желіні жаңғыртуға, арналарды кеңейтуге, ауылдарда КЖҚ мүмкіндігін салуға қатысты барлық жұмысты жүргізіп жатыр. Жалпы алғанда, ҚР-дағы барлық оператормен бірігіп, бір жылда кең жолақты қосылу мүмкіндігімен 1000-нан астам елді мекенді қамтуды жоспарлап отырмыз, деді ол.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды