Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр

20 Қазан, 2021 13:51

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биылғы оқу жылының алғашқы тоқсанын қорытындылары туралы баян. Оның айтуынша, ауысымдарды жеңілдету үшін әр мектепке жеке пәндерді немесе пәндер бойынша жеке сағаттарды қашықтан өткізу арқылы аралас оқытуды ұйымдастыруға құқық берілген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Оқу процесінің өту барысы

ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биылғы жылы оқу процесі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ұйымдастырылғанын айтып өтті. Сондай-ақ, күзгі демалыс 1 қарашада басталып, 7 қарашаға дейін жалғасатынын жеткізді.

«Бүгінгі күні барлық мектептерде жиынтық бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалау жүргізіледі», - деді вице-министр.

Оқушылардың 86%-ы қалыпты режимде білім алуда

Сондай-ақ, ол биылғы оқу жылында мектептердің 30%-ында оқу процесі бір ауысымда, мектептердің 68%-ында екі ауысымда және балалар контингенті көп және оқушы орындарының тапшылығы бар мектептердің 2%-ында оқу процесі үш ауысымда ұйымдастырылғанын айтып өтті. Оның мәліметінше, қазіргі таңда штаттық режимде оқушылардың 86,4%, аралас форматта 11,6% және ата-аналардың өтінішінің негізінде 0,6% бала қашықтан білім алуда.

«Біз бұған дейін де елімізде оқушы орны тапшы үш ауысымдағы мектептер бар екенін айтқан болатынбыз. Осы мәселені шешу бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін мың мектеп салынады», - деді Шолпан Каринова.

Оның мәлімдеуішнше, биылғы жылдың өзінде жоспарға сәйкес 200 жаңа мектеп пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар, ауысымдарды жеңілдету үшін әр мектепке жеке пәндерді немесе пәндер бойынша жеке сағаттарды қашықтан өткізу арқылы аралас оқытуды ұйымдастыруға құқық берілген.

«Бүгінгі таңда мектептер бұл мүмкіндікті пайдалануда. Бұл негізінен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Алматы және Түркістан облыстарының мектептерінде жүзеге асырылуда», - деді ол.

Сондай-ақ, ол білім олқылықтарын толтыру бойынша жұмыс жалғасып жатырғанын айтып өтті. Оқу сабақтарын жоспарлау осыны ескере отырып жүзеге асырылатынын жеткізді.

«Ұлттық білім академиясы барлық негізгі пәндер бойынша күрделі тақырыптарды таңдап, ұсыныстар дайындады. Одан әрі жұмысты мұғалімдер балалардың қажеттіліктеріне байланысты жеке жүргізеді», - деді Шолпан Каринова.

Тегін техникалық және кәсіптік білім беру жобасы

Сондай-ақ, ол баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру жобасы қолға алынғанын айтып өтті. Жоба аясында биыл колледждерде 95 мың адам қабылданған. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап колледждерге академиялық дербестік берілген. Ол жұмыс берушілердің қатысуымен және еңбек нарығының талаптарымен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Жас маман» жобасы бойынша 180 колледжді заманауи жабдықтармен жабдықтау, тиісті бағдарламалар жасау, жаңа бағдарламалармен оқыту бойынша жұмыстар басталғанын жеткізді.

«Жаңа оқу жылында еліміздің колледж студенттері штаттық оқыту форматына көшті. Теориялық, лабораториялық, практикалық сабақтар және кәсіптік практика штаттық режимде өткізіледі. Бұл ретте оқу пәндерінің 20% қашықтан өткізуге рұқсат етілді», - деді Шолпан Каринова.

Сондай-ақ, ол еліміздің барлық колледждерінде, оның ішінде жатақханаларда «ASHYQ» жүйесі енгізілгенін айтып өтті.

ЖОО-да оқу аралас форматта өтуде

Жиынға қатысқан Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ЖОО-да оқу форматы туралы айтып өтті. Оның дерегінше, қазіргі таңда елімізде 12022 жоғары оқу орны жұмыс істейтінін жеткізді.Ал, білім алушылардың жалпы контингенті 600 мыңға жуық.

«Жаңа оқу жылында қабылдау 173 мыңнан астам болды. Оның ішінде грантқа 63 мың адам қабылданды. Академиялық күнтізбеге сәйкес барлық дайындық бағыттары бойынша студенттер аралас форматта оқуды бастады», - деді Қуаныш Ерғалиев.

Нақтырақ айтар болсақ, дәрістер онлайн, семинар, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн режимінде өткізіледі.Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, сондай-ақ тәуекел тобындағы студенттер үшін бұл міндетті емес. Олар қашықтықтан оқи алады.

Студенттерде ПТР-тестілеудің болуын талап етуге жол берілмейді

«ЖОО жаңа оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. ЖОО-да маскалық режим қамтамасыз етіледі, барлық корпустарда санитайзерлер, дезинфекциялық аркалар, тепловизорлар орнатылған», - деді ол.

Сондай-ақ, ол ЖОО, оқу корпустары, кітапхана және жатақханалар аумағында Ashyq қосымшасы қолданылатынын айтып өтті. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес оқытушылар мен қызметкерлер үшін медициналық қарсы көрсетілімдері барларды қоспағанда, "жасыл" мәртебенің болуы міндетті болып табылатындығын жеткізді.Студенттерде ПТР-тестілеудің болуын талап етуге жол берілмейді.

Оқу орындарында іс-шаралар өткізуге болмайды

Вице-министрдің сөзінше, оқу орындарында мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Сабақтар аяқталғаннан кейін аудиториялардың уақтылы босатылуын бақылау қамтамасыз етіледі. Оқу сабақтары кезінде дәліз мен рекреацияларды желдету жүзеге асырылады.

«Жатақханаларда 58 мыңнан астам студент тұрады, оның ішінде 3 мыңнан астамы шетел азаматтары. Әрбір жатақханада қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болдырмау үшін жауапты тұлғалар анықталды», - деді Қуаныш Ерғалиев.

Студенттердің 70%-ы вакциналанған

Сондай-ақ, ол коронавирустық инфекциядан ұжымдық иммунитетті құру үшін ЖОО-да профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді толық вакциналауға тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатырғанын айтып өтті. Оның мәліметінше, бүгінгі таңда оқытушылардың шамамен 92% және студенттердің 70% вакциналанған.

«Егілген қызметкерлерге сыйақы, студенттерге оқуға жеңілдіктер, тегін жолдамалар немесе сауықтыру санаторийлеріне жолдамалар сатып алуға жеңілдіктер беру сияқты вакцинациялау үшін ынталандыру шараларын қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда», - деді ол.

Оның сөзінше, жұқпалы аурулардың белгілері болған жағдайда студенттер оқуды қашықтықтан жалғастыра алады. Оқу жылының басынан ауырып қалған студенттер саны - 990, оқытушылар саны – 576 құрап отыр.

«Көптеген жоғары оқу орындарында медициналық пункттер, изоляторлар ашылды. Ауырып қалған студенттер үшін медициналық көмек көрсету және олардың денсаулық жағдайын мониторингтеу үшін медициналық ұйымдармен шарттар жасалады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, бағыт-бағдар беру апталығы енгізілген. 1-2 курс студенттеріне қиын оқу жағдайында оларды сәтті бейімдеу үшін көп көңіл бөлінетінін жеткізді. Психологиялық қызметтер мен ахуалдық орталықтардың жұмысы ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер арқылы кері байланыс күшейтілген.

Барлық жаңалықтар