• Басты
  • Д.Шүкіжанова: 2020 жылы 20 мың отандық көлік экспортталады
26 Ақпан, 2020 10:16

Д.Шүкіжанова: 2020 жылы 20 мың отандық көлік экспортталады

Биыл 20 мың отандық көлік экспортталмақ. "АгромашХолдинг KZ" АҚ бірінші вице-президенті Динара Шүкіжанова отандық автомобиль индустриясының дамуы мен компанияның болашақтағы жоспарлары жөнінде берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Шүкіжанова: 2020 жылы 20 мың отандық көлік экспортталады

«Биыл Қазақстанда оннан астам жаңа автомобиль модельдерін шығару бастау алмақ. Біз ұсынатын автомобиль модельдері туралы ақпаратты болашақта жария етеміз. "АгромашХолдинг KZ" АҚ 2016 жылдан бастап Кеден одағы елдеріне өз өнімдерін экспорттай бастады. Қазір автомобильдер бес елге, атап айтқанда Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттеріне жеткізілуде. Ал 2020 жылы 20 мың отандық көлікті экспортқа жіберу жоспарланған, - деді Динара Шүкіжанова.

Сонымен қатар оның айтуынша, 2019 жылдың он екі айында Қазақстанда барлық түрдегі 50 447 автомобиль шығарылды, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 55,8 пайызға көп. Жалпы нәтиже өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,6 пайызға артып, 359 532 млн теңгені құраған.

"Қазақстанда жеңіл автомобиль шығару 46,8 пайызға артып, 44777 көлік шығарылды. Ал жүк көліктерін шығару көлемі үш жарым есеге өсіп, 4 247 дананы құрады. Сондай-ақ автобус шығару көрсеткіші екі жарым есеге (1076 дана) өсті. Сонымен қатар, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісі 74,8 пайызға (860 дана) артты", - деді ол.
Ал Қазақстандық автомобиль ассоциясының мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасында шығарылған барлық көліктердің жартысын "СарыарқаАвтоПром" өндірген.

"Биыл Қостанай зауыты өндірісі екі есеге артқан. Атап айтқанда, жалпы сомасы 186,609 млн теңгеге 25880 дана автомобиль, жүк көлігі мен автобус шығарған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қостанайлық "СарыарқаАвтоПром" республиканың автомобиль өнеркәсібіндегі жалғыз экспортқа бағдарланған кәсіпорын болып қала бермек. 

"JAC, Ravon және Hyundai автомобильдеріне көрші елдердегі бренд дистрибьюторлары тапсырыс береді. 2018 жылмен салыстырғанда бұл өнімдер экспорты 10 есеге өсті. Жалпы алғанда, 2019 жылдың басынан бастап 2629 JAC, Hyundai және Ravon автомобильдері экспортталды", - деді Динара Шүкіжанова.

Осылайша, оның сөзіне сүйенсек, отандық көліктерге сұраныс 2018 жылғы 49 пайыздан 2019 жылы 60 пайызға өскен. 2019 жылдың желтоқсанында отандық автомобильдердің нарықтағы үлесі алғаш рет 64 пайыздан асты.

Қазақстандық Автобизнес қауымдастығының (AKAB) болжамына сәйкес, 2020 жылы отандық автомобильдердің өндірісі арта түседі. 

Назерке Сүйіндік
Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100