• Басты
  • Д.Сәдуақасова: "Жас Ұлан" ұйымы балалардың халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді
1 Маусым, 2020 14:59

Д.Сәдуақасова: "Жас Ұлан" ұйымы балалардың халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді

Бүгін, 1 маусым Қазақстанда халықаралық балалар күнін аталып өтілуде. Жалпы жыл сайын осы уақытта саябақтар мен алаңдарда әртүрлі концерттік шаралар өтіп, ойындар ұйымдастырылатын. Алайда биыл елдегі жағдайға байланысты шаралардың басым көпшілігі онлайн түрде өтіп жатыр. Осынау мерейлі мерекеде "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қолға алған жобаларымен танысy үшін ұйымның төрайымы Динара Сәдуақасовамен сұхбаттастық. Ол балаларды мерекесімен құттықтап, бүлдіршіндерді жан-жақты дамытуға арналған түрлі жобаларымен бөлісті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Сәдуақасова: "Жас Ұлан" ұйымы балалардың халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді

Ұйым төрайымы "Жас Ұлан" балаларға арналған ұйым болғандықтан, олар үшін бүгінгі күннің маңыздылығын атап өтті.

"1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі. "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы балалармен тығыз жұмыс істегендіктен, бұл біз үшін айрықша мейрам. Еліміздегі әр баланың құқығы, пікір мен дін бостандығы, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологияқ жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, адамгершілікті және әділ қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде үлкендерге ескерту туралы күн", - дейді Динара Сәдуақасова.


Сондай-ақ ол биыл балаларды жылдағыдай концерттік шаралар, байқаулар ұйымдастырып емес, онлайн түрде құттықтап жатқанын атап өтті.

"Балаларды қорғау күні – барлық әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару мақсаты болатын, ылғи әртүрлі іс-шаралар өткізуімен атап өтіледі. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы  жыл сайын  саябақтарда балаларға арналған түрлі көңіл көтеретін іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл елімізде болып жатқан жағдайға байланысты балаларды онлайн түрде құттықтап жатырмыз", - деді ол.


Сонымен қатар ұйым жетекшісінің сөзіне сүйенсек, аталмыш ұйым балалардың халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді. 

"Жас Ұлан" ұйымы балалар мен жасөспірімдердің халықаралық жобаларға, байқауларға, іс-сапарларға қатысуына мүмкіндік беріп отыр. Бұған дейін көптеген балаларымыз жүлделі орынға ие болды. Сонымен қоса атап өту керек, мереке қарсаңыңда "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты онлайн түрде өтіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының   2000 оқушысы ұйым қатарына қосылды", - деді ұйым жетекшісі.


Бұдан бөлек Динара Сәдуақасова карантин кезінде жүзеге асқан жобалармен бөлісті. Оның сөзінше, балалардың дамуына қатысты "Оқушыларды психологиялық сауықтыру клубы" жобасы, "Жас Ұланнан кеңес" челленджі, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына қатысты викторина, "Әлемдік мұра"  челленджі сияқты іс-шаралар онлайн түрде өткізілген. 

"Алдағы уақытта Абай әндері бойынша каверлер байқауын жариялаймыз. Жеңістің 75 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды, инстаграм желісінде викторина өткізу жоспарланып отыр. "Жас Ұлан" ұйымының жанынан құрылған "Jas Ulan Team" оқушылардан құрылған волонтерлер тобы Ұлы Отан Соғысы кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен солдаттарды іздестірумен айналысады.  Қазіргі таңда барлық мектептерде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған "Өркендеу" жобасы іске  асырылып жатыр", - деді ол. 


Сондай-ақ ол балалардың тарихи-мәдени мұраларға, экологияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында "Birgemiz: Taza Alem", "Birgemiz: Asyl Mura" жалпыұлттық жобалардың жүзеге асып жатқанын айтты. Сонымен қоса ұйым төрайымы 19 мамырдан бастап жаңа жобаларға волонтерлер іріктеуді басталғанын атап өтті.

"Тарихи-мәдени мұраға, экологияға қызығушылығы бар 2000 волонтер іріктеліп, арнайы оқытылады. Өтінімдер 2020 жылдың 7 маусымына дейін қабылданады. Оқуды сәтті аяқтаған барлық волонтер "Birgemiz: Asyl Mura", "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобаларының волонтерлер қатарына қабылданғанын растайтын сертификат алады.Үздік волонтерлер 2020 жылдың қараша айында Тараз қаласында өтетін қорытынды мерекелік шараға қатысуға шақырылады. Ең үздік волонтерлердің жетістіктері мен тәжірибелері Қазақстанның барлық өңірлеріне таратылатын Үздік тәжірибелер жинағына кіреді", - деді Динара Сәдуақасова.


Бұдан бөлек оның сөзінше, туризм бағытындағы гид волонтерлермен тарихи-мәдени жерлерде экскурсия жұмыстары жүргізілмек. 

"Тарихи-мәдени нысандар жайлы ақпараттарды көбейту мақсатында волонтерлер арасында  wikipedia-ны толықтыру бойынша "Асыл мұра" байқауы, тарихи-мәдени жерлерге қатысты бейнероликтер  байқауы ұйымдастырылады. Сондай-ақ  "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасы аясында  плоггингтер, жануарлар үйіне барып көмек көрсету, құстар ұяшығы фестивалі, бірдей іс-әрекеттер күні, "EcoCamp" лагері,ЭкоLife Challenge, "Eco Alem" үстел ойыны, дармарка, биопакет өңдіретін зауыттарға экскурсия жүргізу, "Мен Эко-Волонтер" байқауы ұйымдастырылады", - деп түйіндеді. 


Айта кетейік, "Жас Ұлан" ұйымы - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеумен айналысады. Балаларды жан-жақты дамытып, олардың көшбасшылық қабілеттерін ашуға көмектеседі. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды