• Басты
  • Дәрілік заттарды өткізушілердің атына 152 хабарлама шығарылды
8 Шілде, 2020 20:18

Дәрілік заттарды өткізушілердің атына 152 хабарлама шығарылды

 Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрілік заттарды өткізушілердің атына 152 хабарлама шығарылды

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетімен монополияға қарсы бақылау аясында республиканың 17 өңірінде республикада филиалы бар 43 көтерме өткізушілер мен 109 ірі бөлшек сауда желісінің атына дәрілік заттар бағасының негізсіз өсуіне байланысты бағалық келісім белгілерінің болуы туралы 152 хабарлама енгізілді», - делінген таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер жасағаны үшін табыстан (түсімнен) 3-5 пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген.


Барлық жаңалықтар