• Басты
  • Дәрігер: Өз бетінше ем шараларын жүргізу қауіпті
13 Шілде, 2020 17:43

Дәрігер: Өз бетінше ем шараларын жүргізу қауіпті

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Короновирустық инфекциямен өкпенің зақымдануын амбулаториялық емдеу" тақырыбы аясында онлайн брифинг өтті. Пульмонолог дәрігерлер қатысқан брифингте қазір өршіп тұрған өкпе ауруына қатысты өзекті ақпараттар айтылды. Брифингте айтылған кеңестер мен ақпараттарды Strategy2050.kz  тілшісінің осы материалынан оқуға болады.

Дәрігер: Өз бетінше ем шараларын жүргізу қауіпті

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының бас штаттан тыс пульмонологі Сәуле Қасенованың айтуынша, коронавирустың ең бірінші зақымдайтын мүшесі – өкпе.

Өкпе бұл вирустың алдында дәрменсіз. Қазір кең тараған пневмония ошағының себебі - вирустың жоғары тыныс алу жолдарын қабындырып қана қоймай, кейбір пациенттен ринит немесе фарингит ауруларының пайда болуы. Ал егер вирус төменгі тыныс алу жолдарына түссе, пневмонияның өршуіне алып келеді. Бұл пневмония әдеттегісінен өзгерек. Мұнда көбінесе, геморрагиялық синдромның өршуі, өкпе тамырлары, ұсақ капиллярлардың қабынуы, қанның ұюы, гипертромбоздардың өршуі байқалады. Науқас мұны ентікпе бейнесінде сезіп, дем алуы қиындайды. Бұл ауыр жағдай болып есептеліп, дәрігерлер науқастарды көмекші желдету құралдарына жатқызады. Себебі, өкпе өздігінен жұмыс істей алмайды, - деді профессор.
Пульмонолог дәрігер Сәуле Қасенова коронавирусты емдеуге қатысты клиникалық нұсқаулық жиі өзгеретінін, солай бола тұра науқастар дәрігерсіз ем шараларын жүргізбеу керектігін айтты.
Коронавирус тек біздің ел үшін емес жалпы бүкіл әлем үшін жаңадан шыққан дерт болып отыр. Сондықтан болар, оны емдеуге қатысты нұсқаулық жиі өзгеріске ұшырайды. Елімізде мамыр айында карантиндік тәртіп енгізілгенде, өзге мемлекеттерде жағдай ушыққан еді. Бізге беріліп отырған осы ауруды емдеу жайлы білім, ақпарат көздері күн сайын өзгереді. Өткен аптада елімізге келген ресейлік дәрігерлердің айтуынша, ол жақта да клиникалық нұсқаулық осымен сегізінші рет жаңартылыпты. Күн сайын біз індет жайында жаңа деректер пайда болады. Соған сәйкес, емдеу әдісі де өзгеруде, - деді ол.
Дәрігер ауру бойынша емдеу шараларына қатысты шешімді тек дәрігер қабылдауы тиіс екенін қатаң ескертті.
Ауруды өзім емдеймін деп ойлау қауіпті. Бұл аурудың бәрінде бірдей болуы мүмкін емес. Әркімнің ағзасы әр түрлі болған соң, ауру әр адамда әр түрлі көрініс табады. Біреуде ауру өте оңай өтеді. 80%-дан көп адамдар оңай өткізеді. Бірнеше күн бойы температурасы көтеріліп, 2 аптадан кейін салыстырмалы түрде жазылыады. Ал, 15-20% - ға дейінгі пациенттер де ауыр жағдайда болады. Бұл пациенттер емдеуге жатқызылады, онда олар дәрігерлердің бақылауымен тексеруден және емделуден өтеді, - деп түсіндірді сарапшы.
Осы тұста дәрігер оттегі беретін құралдарды өз бетінше пайдаланудың да қауіпті екенін ескертті.
Тыныс алу жетіспеушілігінің критерийлерінің бірі оттегі сатурациясының төмендеуі болып табылады. Оны жедел жәрдем дәрігерлері анықтайды. Олар пульсоксиметрлердің көмегімен пациенттің ағзасындағы оттегінің құрамын бірден көреді. Егер 95-93%-дан кем болса, онда стационарлық емдеу ұсынылады. Сатурацияның сыни көрсеткіші - 88%. Бірақ таза оттегі қауіпті. Ол шырышты және өкпенің күйігін тудыруы мүмкін. Стационарлық жағдайларда және қарқынды терапия палаталарында оттегі концентраттары арқылы ылғалданған оттегі беріледі. Мамандардың қатаң қадағалауымен минутына 5 литр. Оттегіні өз бетінше қолданбауы тиіс, - деп ескертті сарапшы.
Сарапшы коронавирусті жеңіп шыққан адамдар толық жазылдым деуге асықпағандарын дұрыс деп есептейді.
 Олар үйде тыныс алу жаттығуларын жасаса, өкпенің өздігінен тыныстауына көмектеседі. Коронавирус салдарынан өкпе қабынған кездегі негізгі мәселе – тыныс алу органдарының реабилитациясы. Өкпені сауықтыру жаттығуларын үйде жиі жасау керек, мүмкіндігінше күніне 3 рет 15-20 минуттан, - деді ол.
Дәрігер ұлттық сусындарымыз қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттері туралы да айтты.
Коронавирус ағза үшін иммундық стресс. Иммунитетті көтеру маңызды. Реабилитациялық мерзім бір айдан үш айға дейін де созылуы мүмкін. Қазақтың ұлттық сусындары қымызбен шұбаттың кез келген органға, әсіресе өкпеге тигізер пайдасы көп. Сондықтан науқастың асқазан немесе панкреатит сияқты аурулары болмаса, бұл сусындарды ішуге болады. Бұл да ағзаның қалпына келуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, белгілі бір мөлшерде серуендеуді де ұмытпаған жөн, - деді Сәуле Қасенова.

Барлық жаңалықтар