• Басты
  • Дәрігер кеңесі: Вирусқа қарсы иммунитетті қалай көтеру керек
24 Маусым, 2020 15:39

Дәрігер кеңесі: Вирусқа қарсы иммунитетті қалай көтеру керек

Мамандар иммунитеті күшті жандардың вирус жұқтыру ықтималдығы төмен екенін айтады. Осы орайда қазіргі таңда иммунитетті көтеру үшін қандай шаралар қолданып, қандай тағамдар тұтыну керегін білу үшін Астана медициналық университеті Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының доценті, эпидемиолог Роза Сулейменоваға хабарластық. Оның сөзінше, күнделікті тұтынатын тағамнан бөлек, азаматтар көңіл-күйіне, ұйқысына мән беруі керек, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Дәрігер кеңесі: Вирусқа қарсы иммунитетті қалай көтеру керек

Эпидемиолог маманның айтуынша, қазіргідей жағдайда ел азаматтары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауы тиіс.

"Профилактикалық шараларды ұстануға шақырамын. Атап айтқанда, азаматтар себепсіз далаға шықпай, үйде отыруы қажет. Сыртқа шыққан жағдайда міндетті түрде бетперде киіп шығуы тиіс. Сонымен қатар қолды сабындап жиі жуу керек. Қазір елдегі коронавирус инфекциясының ушығуына байланысты үйде қашықтан жұмыс істегендіктен, отырған бөлмені күніне үш-төрт желдету керек. Сабынды, хлор қосылған сумен бөлмені, есікті, терезені ылғалдап, сүртіп қою қажет", - деді ол.


Сонымен қатар Роза Сүлейменова иммунитетті көтеру үшін қандай тағамдарды тұтыну керектігіне тоқталды. Оның пікірінше, адам иммунитетін көтеру үшін белогы тамақты, сондай-ақ С дәрумені бар жеміс-жидектерді көптеп пайдалану қажет.

"Адамның иммунитеті жақсы болу үшін ағзаның 30-40 пайызы белоктан тұру керек. Бұл адам денесіндегі иммуноглобулинді жоғарылатады. Енді құрамына белок кіретін тағамдарды қарастырайық. Сиыр, тауық, және жылқы етінде, сонымен бірге балықта белок көп болады. Адамдар мүмкіндігіне қарай жоғарыда аталған тағамдардан сорпа дайындап ішу керек. Бұл адам ағзасының иммунитетін көтеру үшін өте пайдалы болмақ. Сонымен қоса жер жаңғағы секілді жаңғақтарда белок көп. Шама келгенше осы жаңғақтарды тұтыну қажет. Ағзаның қалған 60-70 пайызын жеміс-жидек, көкөніспен толтыру керек. Алмұрт, банан, алма секілді жеміс-жидектер қолжетімді, сондықтан осындай жемістерді көптеп жеу керек. Қазір жаз мезгілі болғандықтан, көптеген басқа да жеміс-жидектер пісті, мәселен, құлпынай, бүлдірген, итмұрын сияқты жемістерді тұтыну қажет. Жеміс-жидектер С дәруменінің табиғи көзі болып табылады. Сол себепті көптеп жеу керек", - деді дәрігер.


Бұдан бөлек медицина маманы адам иммунитеті тек тұтынатын тағамға ғана емес, көңіл-күйге де байланысты екенін баса айтты. Сондықтан әрдайым сергек, көңілді жүруге кеңес берді.

"Адам иммунитетінің төмендеуі - көңіл-күйге де байланысты. Вирусты уайымдап, жұқтырып алам ба деп ойлай берсеңіз, бұл сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Сол себепті уайымға салынып, паникаға беріліп, профилактикалық шараларды уақытылы ұстанып, карантин талаптарын әрдайым орындап отырған жағдайда, вирус жұқтыру ықтималдығы төмендейді. Сонымен қатар уақытылы ұйықтап, ояну да иммунитетке әсер етеді. Сондықтан ұйқы уақытын да әрдайым бақылауда ұстау керек", - деді Роза Сүлейменова.


Сондай-ақ эпидемиолог маман бұл індеттің тек елімізде ғана емес, бүкіл әлем елдерінде таралып жатқанын тілге тиек етіп, азаматтарды әлеуметтік қашықтықты сақтауға, бетперде киіп жүруге шақырды. 

"Елдегі көп азамат бұл ауруды саясатпен, басқа да жағдайлармен байланыстырып отыр. Алайда, бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде таралып жатқан ауру. Күннен-күнге індет өршіп, ауру көрсеткіші артып жатыр дүниежүзінде. Ілемді былай қойып, Қазақстанды, оның ішінде елорданы алайықшы. Науқастар саны күн санап артып келеді. Сол себепті әрдайым бетперде киіп, той-томалаққа бармай, өзінің және жақындарының денсаулығын сақтау мақсатында әрқашан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауы керек. Сондай ғана бұл ауру жеңеміз", - деп түйіндеді.  
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды