• Басты
  • Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ

Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ

4 Ақпан, 2021 12:34

Халықаралық обырға қарсы одақ бастамасымен жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы бойынша 2021 жылы 1-10 ақпан аралығында Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау туралы онкүндігі өтуде. Осы орайда, ӨКҚ алаңындаөткен баспасөз мәжілісінде Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Абай Нұржанов аурудың алу жолдары, облыстағы, елдегі аурудың көрсеткіші жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Бас дәрiгердiң айтуынша, онкүндiктiң мақсаты — онкологиялық ауруларды алдын алу шаралары, тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, скринингтiк тексеру кезiнде онкологиялық ауруды ерте анықтау, онкологиялық сақтықты және өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру туралы бiлiм деңгейiн арттыру арқылы онкологиялық аурудың ауыртпалығын төмендету жолдары туралы халықты ақпараттандыру.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтiк саясатының басым бағыттарының бiрi – онкологиялық аурулармен күрес. Берiлген мәлiметтер бойынша 2020 жылы Қазақстан Республикасы бойынша 190 159 адам онкологиялық аурумен есепте тұрады, оның iшiнде Республика бойынша 33537 адам бiрiншi рет ауырған», - дедi Абай Нұржанов.

Қатерлi iсiкпен ауырғандар саны азайды

Оның мәлiметiнше, Жамбыл облысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 7652 (2019 жылы-7360) азамат қатерлi iсiкпен есепте тұрады. Осы жыл бойынша катерлi iсiкпен алғашқы рет анықталған аурулар саны - 1414 (2019 жылы-1550), аурушаңдық көрсеткiшi - 124,2 (2019 жылы-139,0), яғни азда болса оның төмендегенi байқалады.

«Өлiм көрсеткiшiне келсек, облыс бойынша 2020 жылы 768 ауру қайтыс болып, өлiм көрсеткiшi 100,0 мың адамға шаққанда 67,4 құрады, 2019 жылы 743 адам қайтыс болып өлiм көрсеткiшi 66,0 тi құрды. Өлiм көрсекiшiнiң аздап көтерiлгенi байқалады, оның себебi есепте тұрған аурулардың көбейуiне байланысты деп есептеймiз (2020 жылы-7652, 2019 жылы-7360)», - дедi бас дәрiгер.

Абай Нұржановтың дерегiнше, өткен 2020 жылы өңiрде қатерлi iсiкпен алғаш рет ауырған 1414 адамның 58,2%-ы   сырқаттың I және II сатысында екенi анықталған (2019 жылы-58,0%).

«Бұл осынша науқастың қажеттi емдi уақтылы алса, жазылып кету мүмкiндiгi жоғары деген сөз. Жалпы, қатерлi iсiктен болатын өлiм-жiтiм көрсеткiшiн төмендету үшiн ауруды алдын алу және ауруды ерте сатыда анықтау қажет», - дедi маман.   

Сүт безi қатерлi iсiгi бiрiншi орында тұр 

Статистикаға жүгiнсек, облыста 2020 жылы обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безi қатерлi iсiгi бiрiншi орынға шыққан. Нақтырақ айтсақ, 12,2% құрап отыр. Екiншi орында 10,0% өкпенiң қатерлi iсiгi,   асқазан қатерлi iсiгi 8,5%, терi қатерлi iсiгi-7,9%, жатыр мойны қатерлi iсiгi 5,2%, тоқ iшек, тiк iшек қатерлi iсiгi-4,7% . 

Оның мәлiметiнше, тұрғындарға облыс орталығында 145 төсектiк, оның iшiнде 105 төсек тәулiктi стацинар, 35 төсек күндiзгi стационар облыстық онкология диспансерi және емханалар құрамындағы 20 онкологиялық, 21 маммологиялық кабинет қажеттi медициналық қызмет көрсетуде. Айта кететiн жағдай 2017 жылы қаңтар айынан бастап сахпоселок аумағында (бұрынғы онкодиспансер ғимаратында) 30 төсектiк хоспис ашылды. Бұл жалпы ауыр жағдайдағы науқастардың тiршiлiгiн уақытша жақсартуға арналған.

«Адамның ең қымат қазынасы - денсаулығы, оған немқұрайды қарауға болмайды. Бастысы дер кезiнде дәрiгерге қаралған жөн. Қатерлi iсiкке тосқауыл қою үшiн обырға әкелiп соғуы мүмкiн деген ауруларды (предраковые заболевания) емдеу жұмысын аса көңiл аудару керек. Яғни емхана, дәрiгерлiк амбулатория жұмыстарын жандандыру маңызды. Мысалы сүт безi, жатыр мойны, тiк iшек, терi, қалқан безi обырына әкелiп соғуы мүмкiн деген ауруларды емдесе ауру асқынбайды. Сондықтан әрбiр адам емханалар мен дәрiгерлiк амбулаторияларға қаралған кезде әйелдер мен ерлердi қарау кабинетiнен өткенi жөн, осы тексеру кезiнде қатерлi iсiк ауруларын (әсiресе көзге көрiнетiн) ерте сатыда анықтауға болады», - дедi ол.

Ауруды ерте анықтау мақсатында қолға алынған шаралар

Сонымен бiрге, дәрiгер жұртшылық қашанда медициналық көмек алуға алдымен емханаларға, дәрiгерлiк амбулаторияларға жүгiнетiндiктен, онкологиялық сақтық шараларын жүргiзуге аталған емдеу мекемелерiнiң мамандары үлкен жауапкершiлiкпен қарауы тиiс екенiн еске салды.

«Облыстық онкология диспансерi онкологиялық сақтық принциптерiн енгiзу және онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау мақсатында 3 семинар өткiзiлiп 60 дәрiгер мен 105 орта буынды мамандар бiлiктiлiгiн арттырды. Бұл жұмысты жергiлiктi онколог және маммолог дәрiгерлерi де жалғастыруда. Қатерлi iсiктi анықтаудың бiр жолы- нысаналы топтағы тұрғындарды скринингтiк тексеруден өткiзу. Қазiргi таңда сүт безi, жатыр мойны және тоқ iшек, тiк iшек қатерлi iсiгiн ерте анықтау мақсатында скринингтiк тексерулер жалғастырылуда», - дедi ол.

Дәрiгердiң дерегiнше, 2020 жылы 49930 әйел сүт безi обырын анықтайтын скрининг тексеруден өткiзiлген. Тексеру барысында 32 әйелден сүт безi қатерлi iсiгi анықталып, оның iшiнде I сатыснда – 8 азамат (25,0%), II сатысында-22 азамат(68,7%), III сатсында - 2 адам. Дерт неғұрлым алғашқы сатыларда анықталса, емдеу нәтижесi жоғары болады.

«Сүт безi қатерлi iсiгi бойынша берiлген құжаттарға сәйкес нысаналы топтағы әйелдердiң жасы 40 тан 70 жасқа дейiн, яғни әр әйел 40 жастан бастап әр екi жыл сайын жергiлiктi емханаларда маммографиялық тексеруден өтуi қажет. Жатыр мойны обырын анықтаудан 43102 әйел скрининг тексеруден өткiзiлдi. Тексеру барыснда 13 әйелден жатыр мойны қатерлi iсiгi аныталды, оның iшiнде I сатысндаңы-6, II сатысындағы-7. Емдеу нәтижесi жаман емес. Жатыр мойны қатерлi iсiгi бойынша берiлген құжаттарға сәйкес нысаналы топтағы әйелдердiң жасы 30 дан 70 жасқа дейiн, яғни әр әйел 30 жастан бастап әр 4 жыл сайын жергiлiктi емханаларда әйелдердi тексеру кабинетiнен цитологиялық тексеруден өту қажет», - дедi ол.

Сонымен бiрге, ол тоқ iшек, тiк iшек обырын анықтаудан 65490 адам скрининг тексеруден өткiзiлгенiн, тексеру барысында 12 адамнан тоқ iшек, тiк iшек қатерлi iсiгi аныталғанын, II сатысындағы-75,0%, III сатысында-3 адам анықталғанын атап өттi. Оның сөзiнше, бұл скрининг бойынша нысаналы топтағы ерлер мен әйелдердiң жасы 50-70 аралығы және осы жастағы адамдар әр екi жыл сайын жергiлiктi емханада үдкен дәретте қанның бар болуы туралы анализ тапсыруы қажет.

«Жергiлiктi қалалық және аудандық емханалардың мәлiметi бойынша, шамамен 15-20% тұрғын әлеуметтiк медициналық сақтандырудан өтпеген, яғни медициналық көмек көрсетiлмеуi мүмкiн, немесе медициналық көмек ақылы түрде жүргiзiледi. Бұл электронық медициналық құжатқа керi әсерiн тигiзедi», - дедi Абай Нұржанов.

Сонымен қоса, ол әр түрлi себептермен емханаға жүгiну кезiнде емханадағы ерлер мен әйелдердi тексеру кабинтiнен өтуi қажет, себебi тексеру кабинеттерiнде көзге көрiнетiн қатерлi iсiктердi (терi, жатыр мойны, сүт безi, қалқанша безi, ауыз қуыстары, тiк iшек т.б.) ерте сатыда анықтауға болатынын баса айтты.

«Онкологиялық скрининг тексеру барысында скрининг тексеруге тек қана емхана жауапкершiлiгi болмау керек, яғни әр әйелдiң әр адамның жауапкершiлiгiн арттыру керек, бұл бiрiге жауапкершiлiктi арртыру деген сөз», - деп түйiндедi.

Айта кетейiк, 2021 жылдың 6 ақпанында сағат 9.00-13.00 аралығында облыстық онкология диспансерiнде (Кенен Азербаев көшесi 156) онколгиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында ашық есiк күнi өткiзiледi. Қабылдау және тексеру тегiн. Жеке құжатыңызды ұмытпаңыз.

Барлық жаңалықтар