• Басты
  • Дүниежүзілік банк 2020 жылы экономикалық өсу қарқынының біршама азаюын болжайды
18 Желтоқсан, 2019 15:59

Дүниежүзілік банк 2020 жылы экономикалық өсу қарқынының біршама азаюын болжайды

Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша соңғы экономикалық баяндамасында атап өтілгендей, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) нақты өсуі болжам бойынша 2019 жылы 4,0%-ті құрайды және кейіннен 2020 жылы 3,7%-ке дейін біршама төмендейді.
 Дүниежүзілік банк 2020 жылы экономикалық өсу қарқынының біршама азаюын болжайды

Ішкі сұраныстың артуы 2019 жылы ЖІӨ-нің өсуіне ықпал ететін болады. Баяндамаға сәйкес, әлеуметтік шығындардың артуы және инфрақұрылымдық инвестициялардың жалғасуы тұтыну мен инвестициялардың деңгейін сүйемелдеуге көмектесті. Кәсіпорындардың инвестициялары, негізінен, кен өндіру саласының күрделі шығыстарға және тұрғын үй құрылысы нарығындағы жандануға байланысты.

Ішкі сұраныстың жоғары болуы, азық-түлік бағасының өсуі және айырбас бағамының әлсіреуі инфляцияның өсуін тудырды. Инфляцияның жылдық деңгейі өткен жылдың көрсеткішінен сәл асып түсіп, 2019 жылғы қазанда 5,5% дейін көтерілді, бұл Ұлттық банктің монетарлық саясатын қатаңдатуға алып келді.

Есепте 2020 жылы экономикалық өсу қарқыны біршама төмендейді, өйткені өткен фискалдық ынталандырудың оң әсері уақыт өте келе қысқарады, ал сыртқы ортаның әлсіреуі экономикалық шоктар алдындағы осалдықты арттырады. 2020 жылы жаһандық экономиканың өсуі біршама нығайды деп пайымдалады, бірақ Еуропалық Одақта (ЕО), Қытай мен Ресейде өсу пайымдалғаннан кем болса, бұл қазақстан экспортына қатысты тауарлардың сұранысы мен бағасына әсер етуі мүмкін. Корпоративтік несиелендіруге деген сұраныстың одан әрі төмендеуі және банктердің тәуекелге төмен бейімділігі экономикалық өсу үшін қосымша төмендету тәуекелін тудырады.

Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто: «Соңғы екі жылда Қазақстанның ЖІӨ қалыпты қарқынмен өсті, бірақ экономикалық өсуді қолдау және нарықты кеңейту үшін шағын және орта бизнесті субсидиялау және несиелеу саясатын қайта қарастыру қажет», - деп атап өтті.

Экономикалық баяндаманың арнайы бөлімінде қазақстан экспортын әртараптандыру мәселелері қаралады. Қазақстан Қытайдың, Еуропа мен Орталық Азияның ұлғайып келе жатқан нарықтарына жақын орналасқан, олармен сауда жасау елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік береді және экономиканы әртараптандыруға көмектесе алады.

Есепте Қазақстанның экспорттық географиясының кеңеюіне қарамастан, экспорттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде төмен болып қалатындығына баса назар аударады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) деректеріне сәйкес қазақстан экспорттаушылары он жыл бұрын импорттық ресурстарды аз пайдаланғанын және жаһандық тізбектеріне қатысудың төмендегенін көрсетеді.

Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілдігінің аға экономисі Сжамсу Рахарджа «Экспорт саласындағы ағымдағы серпін мен сын-тегеуріндерді түсіну, экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажетті жақсартулар туралы стратегиялық шешімдер қабылдау үшін маңызды мәнге ие», - деп санайды. – Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан сауданы жеңілдету, ТШИ тарту және ұстап қалу, жеткізудің жаһандық тізбектеріне қатысуды ұлғайту саласындағы реформаларды тереңдете алады.

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды