• Басты
  • Дүниежүізілік банк Қазақстанға пандемиямен күресуге 27 млн доллар бөлді
14 Мамыр, 2020 10:54

Дүниежүізілік банк Қазақстанға пандемиямен күресуге 27 млн доллар бөлді

Орталық Азия бойынша пандемияның босаңсу салдарын Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша сарапшылары талқылады. Дүниежүізілік банк Қазақстанға пандемиямен күресу үшін   27 млн доллар бөлді. Дүниежүзілік банктің Орталық Азия елдеріне пандемия кезінде қалай жәрдемдесіп жатқанын Strategy2050.kz тілшісі әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Дүниежүізілік банк Қазақстанға пандемиямен күресуге   27 млн доллар бөлді

Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің адами капитал жөніндегі бағдарламалар басшысы Сусанна Айрапетян пандемия көп елдердің білім беру жүйесіне кері әсерін тигізгенін атап өтті.

«Коронавирус білім беруге әсер етті. Әлем бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар артты. Көптеген елдерде денсаулық сақтау жүйесі науқастардың көптігіне дайын болмады. Бұл қондырғылардың жетіспеушілігі, медқызметкерлердің дайындығы сынды факторлардан байқалды. АҚШ, Италия, Испания елдерінде көрсеткендей, бұл тек дамып жатқан елдердің ғана емес, кірісі жоғары елдердің дайын еместігін көрсетті. Жағдай қаржылық жетіспеушіліктің әлсіз екенін көрсетті», - деді ол.

 С.Айрапетян айтып өткендей, 192 елде мектептер жабылды. 

"Қашықтықтан оқуға көшті. Бұл сынаққа көп елдер жылдам әсер етіп, онлайн жүйені енгізді. Бұл білім жүйесіне тигізген кері әсердің алдын алды. Дегенмен әлемде онлайн сабақ жүргізу бойынша да олқылықтар бар екенін көрсетті. Сондай-ақ, жағдай бойынша көп балалардың ноутбук пен интернетке қосылу бойынша қиындықтар туды. Кейбір аймақтарда мүлдем интернет желісі қосылмайды. Қашықтан оқу тиімділігі 100 пайызды құрамады. Бұл білім беру саласына әсер ететіні анық. Ал білім беру жүйесі өте маңызды. Себебі, елдер өздерінің саясатын бейімдеп, сынақтарға жауап беруді қамтамасыз ету қазір білім алып жатқан ұрпаққа қатысты», - деді ол.

 Ал Дүниежүізілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдеріне бірнеше күнде пандемиямен күреске 328 млн доллар бөлгенін айтты.

 «Жедел қаржыландыру үшін банктің Қазақстанда жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бірден әсер етті. Жасанды тыныс алу бойынша аппарат сатып алуға келісім шарт жасады. Тағы қосымша бірқатар шараларды атқыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға Дүниежүзілік банк 27 млн доллар бөлді. Үкіметпен екінші кезең экономиканы қайта қалпына келтіру бойынша шараларды қарастырып жатырмыз. Қазір жедел түрде 2 жаңа жобаны қарастырып, бар жобаларға қосымша қаржы бөлуді қарастырып жатырмыз. Оның барлығы 250 млн долларды құрайды. Бұл сан әлі нақтыланып жатыр», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар
66.249.66.91, 192.168.88.100