• Басты
  • Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі
6 Желтоқсан, 2019 11:51

Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі

Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтіп жатыр. Конференцияға қатысып,  мәслихат депутаттарын аталмыш мерейтоймен құттықтаған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева келер жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі

Дараиға Назарбаева өз сөзінде республикалық деңгейде шешім қабылдаған кезде аймақтардың, ең алдымен мәслихат депутаттарының ұстанымдары мен пікірлеріне көбірек назар аудару қажеттігін атап өтті. Себебі оның айтуынша, жергілікті халықтың жағдайы, өзекті мәселелері оларға көбірек мәлім. Сондай-ақ ол жергілікті бюджеттерге бөлінген қаржыға тек жергілікті әкімдіктер ғана емес, мәслихат депутаттары да жауапты екенін айтты.

"Бюджет - бұл қала, ауыл, ауыл тұрғындарының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізгі құралы. Мәслихат депутаттары әкімдіктермен бірге өз өңірінің бюджетін тиімді жұмсауда маңызды рөл атқарады және жауапты. 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам  субвенция берілмек. Субвенциялар көлемінің артуы облыстық және қалалық мәслихаттар мен тексеру комиссияларына үлкен жауапкершілік жүктейді. Маңызды мәселерге  басымдық беру және дұрыс жоспарлау қазақстандықтардың өмірін жақсартуда шешуші рөл атқарады",  -  деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар Сенат төрағасының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда үкімет 2025 жылға дейінгі өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын талқылап жатыр. 

ARAM1341.JPG

"Атап өткенімдей, мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың депутаттары өз аумақтарының проблемаларын жақсы біледі. Демек, олар мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге, ауылдық елдімекендердің тізімін құруға белсенді қатысуы керек. Үкімет қазір 2025 жылға дейінгі өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын талқылауда. Қазір осы бойынша жұмыспен айналысу керек. Жақында сенатта су мен суды үнемдеу, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау және қайта өңдеу туралы сөз қозғалды. Қоршаған ортаның ластануы, судың сапасы адамдардың денсаулығына әсер етеді, өмірін қысқартады. Экологиямызды, туған жерімізді жақсарту үшін шұғыл және тиімді шаралар қолдануымыз қажет", - деді Назарбаева.

Бұдан басқа Сенат төрағасы мамандардың біліктілігі мен біліміне тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл тоғыз айда прокуратура органдары әкімдіктер мен мәслихаттар қабылдаған 608 құқықтық актінің күшін жойып, өзгерткен. Бұл көрсеткіштердің стандарттау қызметімен айналысатын мамандардың біліктілік деңгейінің төмендігін көрсетеді деді ол. Сондықтан ол өз сөзінде: "Мәслихаттар қажетті адами, ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Олар өздеріне жүктелген функцияларды толығымен орындай алатындай болулары қажет", - деді ол.

Сонымен қатар ол жергілікті жерлердегі мәслихаттардың қызметі барынша ашық болу керектігін атап өтті.

ARAM1356.JPG

"Жергілікті басқарма қоғамның жергілікті проблемаларды шешуге белсенді қатысуы тиіс. Азаматтардың бастамалары, қоғамдық игілікке деген ықыласы артып келеді. Бұл дегеніміз, мәслихаттардың қызметі барынша ашық болуы керек. Қалыптасқан мәселелерді халықпен ашық талқылап, олардың шешімін табу үшін азаматтармен жұмыс істеу қажет", - деді Назарбаева.

Сондай-ақ Сенат төрағасы Парламент Сенатында  бірыңғай веб-портал іске қосылғаныдығы туралы айтты. Оның айтуынша, бұл портал депутаттар үшін онлайн режимдегі қызметтік байланыс құралы болмақ. 

"Сенат өзінің конституциялық сипатына сәйкес еліміздің өңірлерімен, облыстық мәслихаттарымен тығыз байланыста. Президент Тоқаев "Қуатты аймақтар - қуатты Қазақстан" дегенді айтты. Біздің ортақ міндетіміз - тұрақты қарым-қатынасты нығайту. Сенат жанынан Жергілікті өкілді органдармен өзара әрекеттесу үшін құрылған Кеңес осы бағытта жұмыс істеу керек. Сонымен қатар Парламент Сенатында бірыңғай веб-портал іске қосылды. Онда Жоғарғы Палатаның депутаттары мен барлық деңгейдегі өкілді органдар тіркелген. Біз бұл порталды онлайн режимдегі қызметтік байланыс құралы, депутаттар арасындағы тұрақты тілдесу алаңы болмақ", - деді Назарбаева.

ARAM1423.JPG

Сондай-ақ ол келесі жылдан бастап облыстарды дамыту стратегиялары бойынша Сенатта мәслихат депутаттары мен үкімет өкілдерінің қатысуымен парламенттік тыңдаулар өткізу тәжірибесін өткізу жоспарда барын атап өтті.

Сонымен бірге жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәслихат депутаттарын айтулы мерекемен құттықтап, оларды халық пен билік арасындағы көпір деп баға берді.

"Сіздер биліктің бір тармағы ретінде мемлекетіміздің экономикасының дамуына, халқымыздың тұрмыс жағдайының жақсаруына үлкен үлес қосасыздар. Халықпен әрдайым тығыз байланыстасыздар. Әр өңірдің, аймақтың бюджетін бекітіп, дұрыс пайдаланылуына бақылау жасайсыздар. Сол өңірдің дамуының жоспарын бекітесіздер. Сіздердің орындарыңыз бөлек, халық пен билікті байланыстырушы көпір болып саналасыздар", - деді Сапарбаев.

Сондай-ақ ол бүгінгі күні аймақтарға төртінші деңгейдегі бюджет енгізілгенін айтып, қазірде мыңнан астам ауылдық округтардың өз бюджеті барын атап өтті.

ARAM1378.JPG

"Осыдан екі жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз Назарбаев елді-мекендерде төртінші деңгейдегі бюджетті енгізу жөнінде шешім қабылдады. Қазір еліміздегі 1000-нан астам ауылдық округтерінің өздерінің бюджеті бар. Өз қаржысын өздерінің қажеттіліктеріне жұмсайды. Бүгінгі таңда сол ауылдық округтердің санын кем дегенде 1300-ге көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Үкіметтің, мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес негізгі билікті жергілікті жерге беру, ол үшін салықтың тағы да қосымша түрлерін және республикадан берілетін қосымша қаржыны арттыру", - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

ARAM1402.JPG

ARAM1435.JPG

Бұдан басқа айта кету керек, шара барысында аймақтардағы, облыстардағы мәслихат депутаттары алғыс хатпен және Мәслихаттың 25 жылдығына орай төсбелгісімен марапатталды. 

Назерке Сүйіндік

Фото: Артем Чурсинов

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды