• Басты
  • Д. Назарбаева: Жастар кеңесі жас мемлекетіміздің болашақ жетістіктерінің дауысы болмақ
27 Желтоқсан, 2019 09:20

Д. Назарбаева: Жастар кеңесі жас мемлекетіміздің болашақ жетістіктерінің дауысы болмақ


Сенат Төрағасы Д.Назарбаева отырыстағы қорытынды сөзінде өтіп бара жатқан жылдың нәтижелеріне тоқталды. Ол жоғарғы Палатаның депутаттары ауқымды жұмыстарды атқарғанын, тек соңғы 2 айдың ішінде Президент Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен Жолдауын жүзеге асыруға арналған 30 маңызды заң қабылданғанын атап өтті.
Д. Назарбаева: Жастар кеңесі жас мемлекетіміздің болашақ жетістіктерінің дауысы болмақ

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Еститін мемлекет» қағидасын ұстана отырып, біз «Мәслихат» порталында сенаторлар мен жергілікті мәслихаттардың арасында тәжірибе мен пікір алмасуға арналған жұмыс алаңын құрдық. Енді біз аймақтардағы жағдайды жақсырақ түсініп, қаралып жатқан заң жобаларының өзектілігін өздерінен тікелей біле аламыз», - деді Дариға Назарбаева.

Сенат Төрағасы заң шығару процесі мен бюджеттік заңнаманы жетілдіру бойынша кеңестер тиімді және тұрақты жұмыс жасау алаңына айналғанына назар аударды.

Ұрпақтар сабақтастығын Парламенттің жоғарғы палатасы жанындағы екі жаңа кеңестің жұмысы жалғастырады. «Жақында Сенаторлар Кеңесі құрылды, Сенатта ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген құрметті әріптестеріміз енді өздерінің құнды тәжірибелерімен бөліседі. Ал жақында құрылатын Жастар кеңесі жас мемлекетіміздің болашақ жетістіктерінің дауысы болмақ», - деді Сенат басшысы.

Дариға Назарбаева 2020 жылдың басында депутаттардың аймақтарға іссапарға аттанатынын айта келіп, алдағы жұмыстарға сенаторлардың назарын аударды.

«Сіздерге қазақстандықтармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдап, жағдайларын біліп, мүдделері мен үміттерін қолдау жүктелген. Бұл маңызды әрі жауапты миссия. Сіздердің міндеттеріңіз - халыққа Парламент қабылдаған кейінгі заңдар күшіне енгенде 1 қаңтардан бастап қандай оң өзгерістер болатынын қарапайым тілде түсіндіру», - деді жоғарғы Палата Төрағасы.

Ол өзгерістер әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, кепілді әлеуметтік пакеттер мен атаулы әлеуметтік көмектерге қатысты екенін атап өтті. Сенат басшысы жаңа тетіктер тәуелділікті тоқтатып, адамдарды жұмыс істеуге ынталандыратынын жеткізді. Сондай-ақ жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру іске қосылады.

Дариға Назарбаева аймақтарға сапар барысында сенаторларға төмендегі мәселелерге ерекше назар аударуды тапсырды.

Бірінші. Тірек және спутниктік елді мекендер тізіміне кірмеген ауылдық елді мекендер жағдайы. Тұрғындардың өмірімен танысып, келешектерінен қаншалықты хабардар екенін білу қажет. Біз бұл мәселеде өте мұқият болуымыз керек, себебі бұл бірнеше мың елді мекендерде тұратын нақты адамдардың тағдыры.

Екінші. Ақшалай жәрдемақыдан басқа, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына кепілді әлеуметтік пакетке сәйкес: азық-түлік, киім, оқу құралдарын беру қарастырылған. Жергілікті билік оны қамтамасыз етуге қаншалықты дайын, осыны білу керек.

Үшіншісі. Ауылдағы медициналық қызметке қол жетімділік пен осы қызметтердің сапасы. Адамдардың бәрі медициналық ұйымдарға тіркелген бе, олар қайда бару керек және  нақты қандай көмек көрсетіледі?

Төртінші. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Олар іс жүзінде қалай жұмыс істейді, жеке бюджетті басқаруға қаншалықты дайын, осыны зерттеу керек. Жергілікті басқару органдарында мүмкіндігінше әйелдер санын арттыру мәселесі де маңызды міндет.

Сенат Төрағасы әріптестерін және аппарат қызметкерлерін бірлескен жұмыстары үшін алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. «Шаңырақтарыңызға шаттық, денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік енсін! Еліміз аман, келешегіміз кемел болсын!», - деді Дариға Назарбаева.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды