• Басты
  • Д.Назарбаева: Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс
1 Қараша, 2019 18:38

Д.Назарбаева: Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. 

Д.Назарбаева: Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс

Жұмыс сапары Павлодар облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуден басталды. Жүздесуде Парламент Сенаты мен аймақтағы заң шығару органдарының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Д.Назарбаеваның айтуынша, елдің басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды және күшті буын болуы тиіс.

Кездесу барысында депутаттар Сенат Төрағасына аймақты дамытудың өзекті мәселелері туралы айтты. Амбулаторлық көмек көрсету тарифтерін арттыру, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігі, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысты әңгіме өрбіді.

Депутаттар сондай-ақ өңірдегі экологиялық мәселелерді де қозғады, олардың арасында өнеркәсіп өндірістерінің атмосфераны ластауы ерекше алаңдатып отыр.

2-min.jpg

Сенат басшысы өз сөзінде табиғатты қорғау қызметін қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды. Д.Назарбаева қазіргі кезде экологиялық тұрғыда зиян келтіретін кәсіпорындар аз айыппұл төлеп келе жатқанын, дегенмен бұл жағдайды өзгерту керектігін атап өтті. Жиналған қаражатты бөлу жөнінде де назар аударатын мәселелер бар.

«Бұл айыппұлдар қайда кетіп жатыр, олар қайда жинақталады, кімнің қарамағына түседі? Біз оны Үкіметпен байыпты түрде талқылауымыз керек. Былай болуы керек, облыста орналасқан кәсіпорындардың эмиссияларынан жиналатын қаржының едәуір бөлігі облыста қалып, табиғат қорғау шараларына жіберілуі тиіс», - деді Д.Назарбаева. 
25-min.JPG

Д.Назарбаева С.Торайғыров атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Билік пен халық арасындағы үнқатысудағы жұртшылық өкілдерінің рөлі, сондай-ақ қоғамдық кеңестер жұмысының тетіктерін жетілдіру талқылау тақырыбы болды.

Сенат Төрағасы жұмыс сапары барысында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында байытылған алюминий өндіру зауытында болды.

Дариға Назарбаеваға арнайы экономикалық аймағының жұмысы көрсетіліп, инвесторларға арналған жағдайлар туралы айтылды. Сенат Төрағасы байытылған алюминий шығаратын және оның жеңіл балқымасынан автомобиль дискілерін жасайтын «Giessenhaus» зауытының жұмысымен танысты. Зауыт 2017 жылы іске қосылған болатын. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 5400 тонна өнімді құрайды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды