• Басты
  • Д.Назарбаева балық шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті
19 Желтоқсан, 2019 17:06

Д.Назарбаева балық шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында балық шаруашылығы саласының өкілдерімен жұмыс бабында кездесу өткізді.  
Д.Назарбаева балық шаруашылығы саласының өкілдерімен  кездесті

Кездесуде «Қазақ балық шаруашылығы» ЗТБ атқарушы директорының міндетін атқарушы Серік Темірханов балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлер мен фермерлердің негізгі мәселелеріне назар аударды. Олардың қатарында балық өнімдері айналымының есепке алынбаған көлемінің ауқымы, шикізат тапшылығы, суда өсіруді дамыту деңгейінің төмендігі, экспорт аясының тарлығы, ғылыми-зерттеу институттарының саладағы өзекті мәселелерден алшақтықтығы бар. 

С.Темірханов ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан саланы әкімшілендірудің жетіспеушілігіне назар аударды, оның айтуынша, «еліміздің ауыл шаруашылығы индустриясындағы балық шаруашылығының рөлі туралы түсінік әлсіз болып отыр».

Сала өкілдерінің бағалауы бойынша, балық өнімдері айналымының 70 пайызы заңды базардан сырт қалып, «көлеңкелі сектордан» орын алған. С.Темірханов балық пен балық өнімдерін шаруашылықтардан дүкен сөрелеріне дейін қадағалау жүйесін енгізу жағдайды жақсарта алар еді деп есептейді.

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өкілдері көтерген өзекті мәселелерді зерделеуді және оларды 2020 жылға жоспарланған парламенттік тыңдауларда талқылауға дайындауды тапсырды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды