• Басты
  • Д. Назарбаева Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде болды
15 Қазан, 2019 10:05

Д. Назарбаева Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде болды


Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Парламенті Сенатының Спикері Дариға Назарбаеваның және Сенат депутаттарының қатысуымен Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі аумағында кездесу өтті.Делегация қатысушыларына Astana Hub технопаркінің таныстырылымы жасалып, негізгі құралдары мен инфрақұрылымы көрсетілді.
Д. Назарбаева Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде болды

Сенат Спикері бастаған топ технопарк аумағында орналасқан стартап-жобалар өкілдерімен, «Шеберхана» прототиптеу зертханаларымен және R&D орталықтарымен танысты. «Huawei», «Tastamat», «IBM», «НАБРК», «Chocofamily», «Blockchain Big Data Lab», «Big dream», «Vardix», «Idemia» R&D орталықтары мен «kids security», «SmartRemont», «reKassa», «Tourcenter» стартаптары өз жобаралы туралы айтып берді. 

Орталықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында қонақтар «Big dream» зертханасының жұмысына толығырақ тоқталды. Жоба білім беру саласында қосымша нақтылық технологиясын енгізумен айналысады. Яғни, қосымшаны жүктеп, гаджет камерасын кітапқа жақындату арқылы бала заттарды шын мәнінде көре алады. Сондай-ақ зертхана жұмысшылары балаларға өрт кезінде эвакуация жасау үшін қосымша нақтылық технологиясы бар плакаттарды енгізу жүйесін ойлап тапқан. Қазір зертхана осы жоба аясында ҚР Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастықты жоспарлап отыр.

Сондай-ақ делегация қатысушылары бет биометриясы мен саусақ ізі арқылы қызметкерлердің жұмыс уақытын автоматты түрде есепке алатын Clockster жобасымен танысты. Айта кетейік, Clockster Astana Hub-та орнатылған, қонақтар мемлекеттік органдар мен мектептер мен жоғары оқу орындары қабырғасында осындай шешімді орнатудың маңыздылығын атап өтті.  

Естеріңізге сала кетейік, Astana Hub Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты - Инновациялық экожүйені дамыту шеңберінде құрылды.

 Astana Hub технопаркінің жаһандық миссиясы – инновациялық жобаларды дамыту және әлемнің түкпір-түкпірінен жас және талантты IT-мамандардың сыни массасын тарту. 2018 жылдың ақпан айында Astana Hub өзінің бастапқы міндеттерін - акселерация және инкубация бағдарламаларын іске қосу, инфрақұрылымды қалыптастыру, отандық және халықаралық ұйымдармен әріптестік орнату, заңнаманы жетілдіру жұмыстарын бастады.

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, стартаптардың алдыңғы, төртінші акселерациялық бағдарламасының жиынтығында қатысушылар жобаға қорлар мен жеке инвесторлардан 47 млн теңгеден астам инвестиция тартты. Стартап-жобаларды сатудың жалпы сомасы 222 млн. теңгеге артты, 149 жұмыс орны ашылды. 

7 стартап жақын арада басқа елдердің нарығына шығады, олардың ішінде Ресей, Сингапур, АҚШ және ТМД елдері бар. Осылайша, жұмыс кезеңінде Astana Hub стартаптарымен тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайды.

Инвестициялар тартылған стартаптар-балаларды қорғауға арналған kid Security мобильді қосымшалар, Defense сот көмекшісі, Antidolg әлеуметтік-заң жобасы және GUL гүлдерін тапсырыс беруге арналған қосымша. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды