• Басты
  • Д.Есин: Заңдағы өзгерістер - Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциялық дамуындағы маңызды қадам
26 Мамыр, 2020 16:48

Д.Есин: Заңдағы өзгерістер - Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциялық дамуындағы маңызды қадам

25 мамырда мемлекет басшысы Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы тұжырымдамалық жаңа заңға қол қойған еді. Осы орайда бүгін елордада "Саяси партиялар туралы", "Сайлау туралы" және "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы" ҚР Заңдарына енізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин аталмыш заңдарды таныстырып, заңдардағы өзгерістер - Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциялық дамуындағы маңызды қадам екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Есин: Заңдағы өзгерістер - Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциялық дамуындағы маңызды қадам

Вице-министрдің сөзінше, бұл заң ел президентінің саяси реформалары пакетінің бір бөлігі және Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциялық дамуындағы маңызды қадам болып табылады.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында тұңғыш рет бейбіт жиналыстар туралы заңнаманы әзірлеу жөнінде тапсырма берді. 2019 жылғы 20 желтоқсанда Мемлекет Басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында өзінің қағидатты ұстанымын белгіледі және «митингілерді ұйымдастырудың хабарлама принципін енгізу қажет. Өздеріңіз білетіндей, 1995 жылғы Заң шеңберлі сипатқа ие. Негізгі құқықтық регламенттеу мәслихаттарға берілді. Бұл Заңнаманы өңірлерде түрлі құқықтық регламенттеуге алып келді", - деді Данияр Есин. 

Осылайша оның айтуынша, заңнаманың толық жетілмегендігі жергілікті өкілді органдардың түрлі талаптарын белгілеуге ықпал еткен.

"Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізуге болатын орындарды ғана белгілесе, басқа өңірлер митингілер өткізуді қосымша регламенттеу бойынша жеке ережелер мен талаптарды айқындады. Бұл ретте, 1995 жылғы Заң өзінің тарихи миссиясын орындағанын атап өту қажет. Жаңа заң еліміздің барлық өңірлерінде бейбіт жиналыстар өткізудің бірыңғай Ережелерін бекітті. Бұл заңның негізгі мақсаты азаматтардың билікке талабын білдіруіне мүмкіндік жасау, ең бастысы адамдардың өз құқықтарын естіртуге жағдай тұғызу болып табылады", - деді вице-министр.


Сонымен қоса Данияр Есин жаң заңның негізгі ережелерімен таныстырды.

"Біріншіден - заңнамаға бейбіт жиналыстардың базалық қағидаттарының  енгізілуі. 1) зорлық-зомбылықсыз; 2) екінші заңдылық; 3) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету; 4) ерікті қатысу. 5) жиналысты өткізу пайдасына болжам. Бұл осы жиналысты өткізуді шектеу немесе тыйым салудың дәлелді себептері болмаса, мұндай жиналысты өткізуге рұқсат беріледі дегенді білддіреді. 6) тараптардың жауапкершілігі. Бейбіт жиналыстардың барлық субъектілері қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік қағидаты енгізілген. Бұл қағида бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ғана емес, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына да қолданылады", - деді вице-министр.


Оның сөзінше, заңға концептуалды аппараттың енгізілуі - бірқатар ұғымның қалыптасуына мұмкіндік берген.

"Екіншісі - заң ұғымдық аппаратын енгізу. Алдыңғы заңнаманың кемшіліктерінің бірі - бейбіт жиналыстардың нысандарын нақты реттеудің болмауы. Заңда концептуалды аппараттың құрылуы бейбіт жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және олардың арасындағы айырмашылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік берді", - деді Данияр Есин.


Сонымен қатар оның сөзінше, тұңғыш рет заңнамаға бейбіт жиналыстар өткізудің хабарлама тәртібі енгізіледі.

"Енді жиналысты ұйымдастырушы жергілікті билікке 5 күн бейбіт жиналысты өткізу жоспары туралы хабарлау үшін жеткілікті. Бейбіт жиналыс өткізуге әкімдіктің келісімі қажет емес. Хабарлама алғаннан кейін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыс өткізуге көмек көрсетеді. Егер бейбіт жиналыс өткізу ниеті заңға қайшы келсе, әкімдік оны 3 жұмыс күні ішінде өткізуге рұқсат беруден бас тартуы мүмкін, бірақ егер оған себеп болса ғана. Қалған жағдайларда әкімдік, қажет болған жағдайда, ұйымдастырушыға бейбіт жиналыс өткізудің басқа шарттарын ұсынуы керек. Демонстрацияны немесе шеруді мақұлдау үшін өтінім берудің соңғы мерзімі - 10 жұмыс күні, оны қарау мерзімі - 7 жұмыс күні. Өтінімнің басты айырмашылығы - қатысушылар жүретін бағытты, оның басталу және аяқталу нүктелерін, ұзындығын, көлік құралдарын пайдалану туралы ақпаратты көрсету. Сондай-ақ, заң бейбіт жиналыстарға балама орын ұсыну құқығын қарастырады", - деді ол.


Сонымен бірге оның айтуынша, заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың және оған қатысушылардың мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін бекіту көзделеді.

"Арнайы орындардың берілуі, бейбіт кездесулерді ұйымдастыру және өткізу мәдениетін арттыру, сөз бостандығы үшін арнайы орындардың болуын қамтамасыз ету, өйткені бұл орындар бейбіт жиналыстарға арналған, бейбіт жиналыстарға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұйымдастырушылар мен қатысушылар инфрақұрылым объектілерін пайдалануға, бейбіт жиналыстардың мақсатына жетуге мүмкіндік бермек", - деді вице-министр.


Сонымен қоса заңда мемлекеттік органдардың құзыретін белгіленген.

"Жиналыстар, митингілер, пикеттер үшін арнайы орындардың саны қаланың немесе әр ауданының орталығында кемінде үш, демонстрациялар мен шерулер үшін - кем дегенде екі болуы керек. Мәселен, елордада жиналыстар, митингілер, пикеттер үшін арнайы орындар саны кемінде 12, шерулер мен демонстрациялар үшін - 8, Алматыда - кемінде 24 және 16, тиісінше, Шымкентте - 12 және 8 болады. Ал Қарағандыда кемінде 6 және 4", - деді ол.

 
Сонымен қатар вице-министр бейбіт жиналыстарды тек қана арнайы мамандандырылған орындарда өткізу жөнінде айтып өтті.

"Ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстар өткізуге көмектесу үшін әкімдіктер өз өкілдерін анықтауы керек. Мұндай көмектің деңгейі бейбіт жиналулардың формасына және қатысушылар санына байланысты болады. Мәселен, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда медициналық қызмет көрсетіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.", - деді ол.


Бұдан бөлек заңмен тыйым салынған орындарды қоспағанда, кез келген жерде жеке пикеттерді өткізу мүмкіндігі туралы айтты.

"Бас тарту дәлелді және негізді болуы керек, яғни бейбіт жиналыс өткізуден бас тартудың нақты себептері көрсетілуі керек. Негізсіз талаптар болмауы керек. Бейбіт жиналыстарды өткізуден бас тарту негіздерінің толық тізбесін белгілеу керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, митингілер - бұл тек құқық қана емес, сонымен бірге жауапкершілік, сондықтан митингілік мәдениетті қоғамдық санаға сіңіретін уақыт жетті. Осыған байланысты бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері бекітілген. Бейбіт жиналыстарды өткізудің ыңғайлылығы үшін ұйымдастырушылар мен журналистер үшін декларация нысандары қабылданатын болады", - деді ол.


Бұдан бөлек үгіт-насихат институтын енгізуге қатысты былай деді: "Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін үнпарақтар, плакаттар мен хабарландырулар таратылуы мүмкін, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әдістер қолданылуы мүмкін".

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды