• Басты
  • Д.Бекежанов: Экология саласындағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау аз
4 Маусым, 2020 17:13

Д.Бекежанов: Экология саласындағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау аз

1972 жылдың 5 маусымында БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып бекітілген. Ал 1998 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл күнді қоршаған ортаны қорғау қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Экологтар күні деп жариялады. Мерекеге қарсаңында елдегі еліміздегі тұрмыстық қалдықтар мәселесін зерттеп жүрген Д.А. Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясының құқықтық зерттеулер және заң практика орталығының жетекшісі, PhD Дәурен Бекежановпен сұхбаттастық. Ол Қазақстанда экология саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау аз екенін аайтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Бекежанов: Экология саласындағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау аз

Орталық жетекшісі "Тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай өңдеу және жаңа технологияларды қолдану" жобасы жөнінде айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, жобаны әзірлеу барысында шетелдік тәжірибеге сүйеніп, қазақстандық моделін жасап шыққан.

"Бүгінде бізде қалдық мәселесі өзекті болып отыр. Осы орайда біз "Тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай өңдеу және жаңа технологияларды қолдану" деген тақырыппен жоба дайындадық. Әзірлеу кезінде шет мемлекеттерде осы жағдай қалай жүргізілетіні жөнінде зерттеу жүргіздік. Қытай, Германия, Испания, Швейцария секілді дамыған мемлекеттердің тәжірибесін салыстырдық, осы елдердегі қалдықтармен жұмыс істеудің механизмі мен жүйесіне назар аудардық. Жаңа технологиясына мән бердік. Осы елдердің тәжірибесі негізінде қалдықтармен жұмыс істеудің қазақстандық моделін ұсындық. Бұл тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдайды, реттейді. Мұндай жобаны елімізде бірінші рет біз қолға алдық. Бизнес жоспарын әзірледік. Жалпы бағасын, қажетті құралдарының бағасын есептеп, шығарып қойдық. Патентке дейін алдық", - деді жоба жетекшісі. 


Сонымен қатар Дәурен Бекежанов жобаны іске асыру үшін бірнеше конкурсқа қатысқанын айтады, алайда әзірге жобаны қаржыландыратын инвестор табылмаған.

"Инвестор тарту мақсатында бірқатар конкурсқа қатыстық. Олардың көпшілігі қызығады, десек те әлі ешкім қолға алған жоқ. Осылайша, инвестор табу жағы қиын болып отыр. Батсапқыда жобаның үлгісін жасау үшін 2 млн теңгедей қаражат қажет. Қытайда 8 млн, ал Германияда 12 млн теңгедей жұмсалады негізі. Ал бізге үлгісін жасауға 2 млн теңгедей қаржы жетеді. Өйткені біздің құрылғылардың барлығы қолжетімді, әрі арзан. Мәселен, бұзылып қалған жағдайда қайта жасауға ыңғайлы болу керегін басты назарға алдық. Ал шет мемлекеттердегі құрылғыны қолданып, ол істемей қалса, оған қайта тапсырыс беруге 1-1,5 айдай уақыт кетеді. Қалдықтар мұны күтпейді, бір жарым айда тау болып үйіліп қалады ғой", - деді ол. 


Жоба жетекшісінің пікірінше, Қазақстанда экологияға қатысты жобалармен айналысатын кәсіпкерлерге мемелкет тарапынан қолдау көрстілмейді. Басқа салаларға арналған субсиядия беру секілді жеңілдіктер қарастырылмаған.

"Экология саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау аз. Біздің экологияға қатысты заңнамада арнайы "ынталандыру" деген бап жоқ. Кәсіпкерлерге субсидия беру, жеңілдіктер жасау секілді мәселелер қарастырылмаған. Бұл арнайы заңда көрсетілмегеннен кейін баса назар аударылмай келеді. Осылайша, біздің жобаларымыз іске аспай қала береді. Мәселен, "Бизнес-бастау" секілді бағдарламаларда экология бағытындағы жобалар қарастырылмаған. Тіпті мемлекеттік бағдарламалар да, даму стратегиясында да басымдық берілмей отыр бұл салаға. Жергілікті әкімдерге кәсіпкерлерді тартып, қалдықтарды өңдеу жөнінде тапсырмалар берілген. Алайда қалдықтар өңдеу жұмысы бізде облыста да, ауданда да, қалада да өте баяу жүріп жатыр. Өңдеу жұмыстарына толықтай мән берілмейді, жинап алады да, бәрін бірге жерге тастай салады", - деп толықтырды ол. 


Жоба жетекшісі бұл тақырыпты бірнеше жылдан бері зерттеп жүргенін, сонымен қатар бірқатар ұсыныс ұсынғанын тілге тиек етті. Оның пайымынша, экологияға қатысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет. 

"Мен осы тақырыпты зерттеп, докторлық диссертация жаздым. Сонда экология туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсындым. Қазіргі таңда жаңа экологиялық кодекс қаралып жатыр, заңнамаға тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді бір тарау қып енгізуге ұсыныс білдірдім. Біріншіден, тұрмыстық қатты  қалдықтармен айналысатын мекемелерге мемлекет тарапынан субсиядия беріліп, ынталандыру қажет. Сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай өңдеу үшін жаңа технологияларды қолдануға басымдық берілу керек. Бұдан бөлек Қазақстандағы тұрмыстық қатты қалдықтар шығаратын кәсіпорындарды өзі шығарған өнімін өзі сұрыптап, өзі жинауға міндеттеу керек", - деді Дәурен Бекежанов.


Маманның сөзінше, арнайы бекітілген заңнама тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесін шешуге септігін тигізбек.

"Арнай тұрмыстық қалдыққа қатысты заң керек. Бұл біздегі қалдықтарды өңдеуге септігін тигізіді. Дамыған елдерді былай қойғанда, көрші Ресейде де "Тұтыну және өндірістік қалдықтар" деген заң бар, және осы заңнама арқылы реттеліп отырады. Бұл заңның мемлекеттік бағдарламарды дайындау барысында қаралады. Ал бізде бұл әлі жолға қойылған жоқ", - деді ол.


Жоба жетекшісі заңда бекітілсе, азаматтардың да жауапкершілігі артатынын сөз етті. Сонымен қатар оның сөзінше, кейбір қалалардағы бар контейнерлерді де толық пайдалана алмай отырмыз. Өйткені бөлек-бөлек салынғанның күннің өзінде бізде ол қалдықтарды тиісті орынға жеткізу мәселесі дұрыс қарастырылмаған.

"Қазір кейбір аулаларда бөліп салу үшін арнайы контейнерлер орнатылған. Алайда халық қалдықтарды бөліп, сұрыптап салып отырған жоқ. Шетелде бұл үшін айыппұл салады. Ал бізде ешқандай жауапкершілік жоқ. Заңда тамақ қалдықтарын бір бөлек, пластика қалдықтарын бір бөлек тастау керек деп жазылса, адамдардың да жауапкершілігі артады. Өйткені заңда айыппұл мәселесі де қаралады. Сонымен қатар бөлек салуға арнайы қойылған контейнерлердегі қалдықтарды бір машинаға салып алып кетеді. Мұндай жағдайда неліктен бөлек-бөлек контейнерлер қойылады, одан да бір үлкен контейнер қоя салмай ма деген сауал туындайды. Сондықтан әр қалдыққа жекелеген арнайы техникамен жабдықталған құрылғылар қойылуы керек. Жеке-жеке контейнер қойылғанымен, оны бір машина келіп алып кетер болса, онда пайда жоқ", - деп түйіндеді ол сөзін. 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды