• Басты
  • Д.Ахметшәріп: Әлемде коронавирусқа қатысты 200-ге жуық жалған ақпарат таралған
4 Ақпан, 2020 16:47

Д.Ахметшәріп: Әлемде коронавирусқа қатысты 200-ге жуық жалған ақпарат таралған

Әлемде коронавирусқа қатысты 200-ге жуық жалған ақпарат таралған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау минситрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Ахметшәріп: Әлемде коронавирусқа қатысты 200-ге жуық жалған ақпарат таралған

Денсаулық сақтау асқарманың ресми өкілі Диас Ахметшәріп қазақстандықтарды, блогерлерді, журналистерді короновирусқа қатысты жалған ақпарат таратпауға шақырды. Оның айтуынша, бүгінге дейін халықаралық ұйымдар коронавирус туралы 200-ге жуық жалған актілерді тіркеген.

"Бір-біріңізге жалған хабарламалар жіберуді доғарыңыз. Халықаралық ұйымдар коронавирус туралы 200-ге жуық жалған актілерді тіркеді. Біз қауесеттер мен жалған ақпараттарды талдай отырып, олардың шындыққа жанаспайтынын дәлеледеген журналистер мен блогерлерге алғысымызды білдіреміз" , - деді Диас Ахметшәріп.

Сондай-ақ ол Уханнан келген азаматтар 16 ақпанға дейін карантинде болатынын атап өтті.

"Қытайдың Ухан қаласынан келген азаматтармен 16 ақпанға дейін кездесуге болмайды. Тіпті бұқаралық ақпараттарына да. Денсаулық сақтау министрлігі кеше барлық телеарналар үшін арнайы сюжет түсірді. Бұл туралы басқараманың Фэйсбук парақшасында да жарияланды. Студенттер журналистермен сұхбат кезінде медициналық қызметкерлердің өздеріне жақсы қарап жатқанын айтып берген болатын", - деп атап өтті басқарманың ресми өкілі.

Сонымен қатар Диас Ахметшәріптің айтуы бойынша, 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтарға мониторинг жалғасуда. 

"Олардың 90 пайызы бақыланды. Осы апта бойы біз дене қызуы бар адамдарды емес, Қытайдан 6 қаңтардан бастап келген туралы айтып жатқанымызды еске саламыз. 94 адам дене қызуымен және жрюви шағымымен оқшауланған ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда 33 адам ауруханада қалды, ал 61 адам стационардан шығарылды. Күн сайын ауруханадан шыққандардың саны артуда. Ауруханадан алынған барлық сынамалар қосымша бақылау үшін Алматыдағы ұлттық ғылыми ерекше жұқпалы аурулар орталығына жіберіледі", - деді Диас Ахметшәріп. 

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Қытайдан 89 адам эвакуациялан болатын. Оның 83-і - Қазақстан азаматы (80-і - студент), 5 -і Беларусь және біреуі Арменияның азаматы. Кешегі өткен баспасөз мәжілісінде Жандарбек Бекшин олардың барлығынан сынама алынғанын айтты.  Дегенмен, оның айтуынша, соған қарамастан олардың барлығы 14 күн карантинде болмақ.

Назерке Сүйіндік
Барлық жаңалықтар