• Басты
  • Д.Ахметшәріп: Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жалғасуда
4 Наурыз, 2020 17:08

Д.Ахметшәріп: Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жалғасуда

Елімізде коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшəріп Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен таныстыру барысында айтты, деп хабарлады Strategy2050 тілшісі.

Д.Ахметшәріп: Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жалғасуда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, қаулы бойынша шеттен келгендер екі санатқа бөлінген.

"Қаулыға сәйкес екі санаты бар. Бірі 1А және 1Б. Бірінші санатқа кіретіндер стационарда 14 күнге карантинге жатқызылады. Қазақстан шекарасына кіргенге дейін бірінші санаттағы елдерде болса, міндетті түрлде оқшауланады. Алайда бұл шаралар ресми және үкіметтік делегациялар, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық паспорт иелеріне, авиакомпанияның ұшқыштары мен экипаж мүшелері, локомотив бригадалары, теміржол көлігімен байланыстағы тұлғалар, халықаралық автомобиль тасымалдарымен айналысатын жүргізушілерге қатысты емес. Олар телефон шалу арқылы дәрігерлердің бақылауында болады. Бұл санатқа кіретін елдер қатарына Қытай Халық Республикасы мен Иран Ислам Республикасы кіреді", - деді ресми өкіл. 

Ал оның айтуынша, екінші санатта Қазақстанға келгендер үй карантиніне жатқызалады. Оның сөзінше, бұл санатқа Оңтүстік Корея, Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік ауданы, Макауо, Тайвань, Жапония және Италия кіреді.

"Бұл санаттағы елдерден келген адамдардың ҚР шекарасынан өткен күннен бастан 14 күн ішінде тұрғылықты жері бойынша барлық талаптарға сәйкес үйдегі крантин. Бұл шарада авиакомпанияның ұшқыштары мен экипаж мүшелері, локомотив бригадалары, теміржол көлігімен байланыстағы тұлғалар, халықаралық автомобиль тасымалдарымен айналысатын жүргізушілерге  қатысты емес. Олар телефон шалу арқылы бақылауда болады", - деді Диас Ахметшәріп.

Сонымен қатар оның сөзінше, екінші санаттағы елдерден келген адамдардың ҚР шекарасынан өткен күннен бастан 14 күн қоңырау шалу арқылы медициналық қызметкердің тұрғылықты жері бойынша бақыланады.

"Ресми және үкіметтік делегациялар, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық паспорт иелеріне, авиакомпанияның ұшқыштары мен экипаж мүшелері, локомотив бригадалары, теміржол көлігімен байланыстағы тұлғалар, және 1А және 1Б санаттағы елдерден халықаралық автомобиль тасымалдарымен айналысатын жүргізушілер тқрғылықты жері бойынша медициналық бақылаудан өтеді. Екінші санаттағыдай қоңырау шалынады. Бұл санатқа Франция, Германия, Тайланд және Әзербайжан кіреді", - деді ол. 

Ал оның айтуынша, үшінші санатқа кіретін елдер қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Малайзия, Ирак, Швейцария, Ұлыбритания, Бахрейн, Кувейт, Сингапур және АҚШ бар. Олардың арасында тек сауалнама жүргізіліп, тіркеуге алынады.

Сонымен қатар Диас Ахметшәріптің айтуынша, 1 ақпан мен 1 наурыз аралығында барлық елдерден Қазақстан Республикасына 1 606  851 адам келген. Ал Еуразиялық Экономикалық ұйымға мүше елерден 938 303 келді. 

Сондай-ақ ол Қытайдан келген азаматтардың жағдайын тоқталды. Оның сөзінше, Қытайдан келген 315 азамат каратинде жатыр.

"6 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қытай Халық Респбликасынан 32 456 адам келді. санитарлық дәрігердің қаулысына сай категориялар бойынша Қытай,
Иран Ислам Республикасынан келген азаматтар. Қытайдан келген 315 адам карантинде жатыр. оның 64-і Қазақстан азаматы, 251-і шетелдік. Оның 248-і Қытай азаматы. Ираннан 24 адам келді, оның ішінде 9-ы - қазақстандықтар, қалған 15-і - ирандықтар. Қазіргі таңда олар лабораториялық тексеруден өтті. Вирус анықталған жоқ", - деді ресми өкіл.

Бұдан басқа Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясына қатысты әлемдегі жағдайды тілге тиек етті. 

"Қытайда 80 302 науқас тіркелген. 1 тәулікте 128 адамға өсті. Оның 2946-ы қайтыс болды. 47 260 адам емделіп шыққан. Стационарда қазір 30 096 науқас емделуде. Ұайтыс болғандардың орташа жаса 75 жасты құрайды. Ал әлемнің 76 елінде 12 575 науқас тіркелген. Рның 221-і қайтыс болды. Атап айтқанда, Иранда - 77, Италияда -79, Кореяда - 34, Жапонияда -6, АҚШ-та - 9, Францияда -4, Филипин аралдарында - 1, Тайландта -1, Аустралияда -1, Тәуліктік өсім 24,1 пайызды құрап отыр", - деді ол

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды