- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Ахметов: ШҚО-да денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарып келеді
Д.Ахметов: ШҚО-да денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарып келеді
Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болып отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша өткен баспасөз мәжілісінде өңір әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Облысымызда денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болып отыр. Бүгінгі күні денсаулық саласына 22,3 миллиард теңге бөлінді, 1000-нан астам жаңа технология сатып алынды. Нәтижесінде, өлім-жітімнің көрсеткіші төмендеді. Атап айтсам, нәресте өлімі 22 пайызға, қатерлі ісіктен өлім көрсеткіштері 4,5 пайызға, туберкулез 7 пайызға, қан айналым жүйесі аурулары 51 пайызға азайды. Өйткені өңірде 5 бағыт бойынша аталған саладағы тиімділікті арттыру бағдарламасы қабылданған еді", - деді облыс әкімі.
Оның айтуы бойынша, аталған бес бағытта көрсетілген міндеттер қатарына клиникаларды жаңғырту, жаңа кадрлар даярлау және қайта даярлау, жетекші ғылыми орталықтардың ғылыми филиалдарын құру, цифрландыру, халықаралық сапа стандарттарына көшу кіреді. Сонымен қатар ол облыс клиникаларындағы құрал-жабдықтарды орташа әлемдік стандарттарға сәйестендіру үшін жұмыстар істеліп жатқандығын атап кетті.
Бұдан бөлек өңір басшысының сөзіне сүйенсек, облыс аумағында денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар орталықтар ашылған.
"Облыста роботохирургия және трансплантология орталықтары, полимраума, ортопедия, гибридті операция бөлмесі, III деңгейдегі инсульт орталығы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары ашылды. Алтай мен Аягөздің облыстық орталықтарында екінші деңгейдегі инсульт орталықтары құрылды. Биыл Өскеменде 200 орындық балалар ауруханасының, 2021 жылы Семейдегі радиологиялық орталықтың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда", - деді ол.
Сонымен қатар жоғарыда атап өткен 5 бағыттың бірі жаңа кадрлар даярлау. Даниал Ахметовтың айтуы бойынша, облыста мамандарды даярлаудың үш деңгейлі бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Оның сөзіне сүйенсек, соңғы үш жылда 5 мыңнан астам дәрігер оқытылған, оның ішінде 300-ге жуығы әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларында біліктілігін арттырған.
Бұдан басқа облыс басшысы ағымдағы жылдың он айының қорытындысы бойынша өңірдің эеуметтік-экономикалық жағдайының қаншалықты артқанына тоқталып өтті. Мәселен, оның сөзіне сүйенсек, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 110 пайызға, ауыл шарушылығы өнімдерінің жалпы көлемі 101 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 140 пайызға артқан. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 124 пайызға өсіп, 271 мың шаршы метр тұрғын үй қолдануға берілген.
"Халықтың табысы 118 пайызға, жеке тұлғалардың депозиттері 107 пайызға артты. 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздан аспады. негізгі индикаторлардың тұрақты динамикасына сүйене отырып біз жыл қорытыныдысы бойынша жалпы аймақтық оныңм деңгейі 4 трлн теңге болады деп болжап отырмыз. Экономиканың тұрақты өсуі, халықтың өмір сүру деңгейін арттырып, жоғары сапа стандартына көшуге мүмкіндіктер ашып отыр", - деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар ол мемлекет басшысының жолдауы Елбасының жүргізіп келе жатқан сындарлы саясатының жүйелі жалғасы екендігін атап өтті.
"Бүгінгі қоғамдық ахуалға байланысты қажетті міндеттер топтамасы құжаттың басым бағыттары болып айқындалған халық үніне құлақ асатын мемелекет экономиканы әртараптандыру, отандық бизнесті қолдау, халықтың әлеуметтік жағдайын көтері реформалары ел дмуының жаңа кезеңіне жол ашары анық. Елбасы Назарбаев Нұр Отан партиясының 18 съезінде қазақстандықтардыі әл-ауқатын көтеру, көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Облыстың осы тапсырмаларды орындаудағы басым бағыты әрбір шығыс қазақстандықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға негізделді", - деді өңір басшысы.
Назерке Сүйіндік
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі
-
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы
-
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер
-
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту
-
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді
-
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді
-
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция
-
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді
-
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері

