• Басты
  • Д.Абаев: Рухани келісімсіз Қазақстанның дамуы мүмкін емес
16 Қазан, 2019 13:37

Д.Абаев: Рухани келісімсіз Қазақстанның дамуы мүмкін емес

Еліміз жыл сайын 18 қазанда Рухани келесім күнін атап өтеді. Осы атаулы күнге орай елордада өткен "Рухани келесім - бірлік пен тұрақтылықтың кепілі" атты конференцияға қатысқан КР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев халықты бірлікке шақырып, елдегі соңғы кезде болып жатқан жағдайларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
Д.Абаев: Рухани келісімсіз Қазақстанның дамуы мүмкін емес

"Елбасымыз айтқандай, бейбітшілік пен келісім - тәуелсіздігіміздің басты жетістігі. Сол себепті, біз үшін ғана емес, бұл біздің елде тұратын барлық этнос өкілдері үшін маңызды күн. Рухани келісімсіз Қазақстанның дамуы мүмкін емес. Біз рухани келісімсіз әртүрлі жаһандық мәселелерді шешуде қауқарсызбыз. Қазіргі таңда мойындауымыз керек бір нәрсе бар. Әр тарапта біздің бірлігіміз, ынтымағымыз сыналып жатыр. Біздің санамыз цифрлық технология дамыған заманда сыртқы деструктивті күштерден қорғануға әлсіз. Жастарымызға кері әсері тиіп жатыр", - деді министр. 

Сондай-ақ, Дәурен Абаев еліміздегі соңғы кездері орын алып жатқан жағдайларға тоқталып, оның жастарға, жалпы қоғамның дамуына кері әсер ететін атап өтті.

"Қоғамда әлі толықтай жетіле қоймаған жастардың санасы митингтерде,  жабық кездесулерде,  ютуб желісінің тікелей эфирлерінде қалыптасып жатыр. Біз одан не ұтамыз? Ештеңе. Салдарынан этносаралық қақтығыстар көбейіп, Сириядан ондаған отбасы оралып жатыр, ешқандай жазығы жоқ адамдардың өміріне қауіп төндірген терракт болып жатыр. Сол себепті, мұндай мәселерді бәріміз бірлікте шешуге тиіспіз. Шын проблемаларымызды жасырып, өзімізді алдамауымыз керек. Көзқарасымыз әртүрлі болуы мүмкін, алайда қоғамдық дамудың барлық сұрақтары, маңызды мәселелері қақтығыстармен емес, талқылану арқылы шешілуі тиіс", - деді Дәурен Абаев. 

Бұдан бөлек, Ақпарат және қоғамдық даму министрі елдегі идеолoгия мәселесіне тоқталды.

"Бүгін бізде идеология ең маңызды мәселе болып отыр. Қазақстанда қазіргі жағдайда үш идеология кең таралған. Біріншісі, кей адамдар заманауи әлемге идеология керек емес, ол өткен ғасырдың қалдығы деп санайды. Әрине, ол кездегі идеологияны қазіргі идеологиямен салыстыру мүмкін емес. Қазір қоғам, көзқарас өзгерді. Екінші кең таралған идеология, идеология керек, алайда Қазақстанда жоқ. Негізі идеология ұлттың, қоғамның мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Ал, ондай ұлттық идеология бізде бар. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырды. Бірнеше ұлттың, әртүрлі дін өкіодерінің бірлікте өмір сүруі соның дәлелі. Ұлттық идеология деген тек тіл мен дәстүр емес, сондай-ақ, ол бір мақсат. Бірліксіз мемлекетіміз өмірлік күшін жоғалтады", - деді министрлік басшысы.

Сонымен қатар, конференцияға қатысқан астана әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, қазақстандықтарды біртұтас ұлтқа біріктіретін негіз ол Елбасының барлық ұлттар мен діндерге тең мүмкіндік беретін зайырлы мемлекет құру бағыты.

"Қазіргі таңда Қазақстанда 18 діни конфессия мен 130-ға жуық этнос өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.  Елімізде 351 мешіт,  шіркеу,  ғибадатхана бар,  сондай-ақ, 3720 діни бірлестік қызмет атқаруда. Еліміздегі қоғамдық келісім моделі этностар мен діннің өзара тиімді іс-қимылының үлгісі ретінде жұмыс істейді. Қазақстан халқы өмір сүру дағдысымен,  мәдениеттілігімен,  тілімен, рухани қажеттілігімен ерекшеленеді. Барлық қазақстандықтарды біртұтас ұлтқа біріктіретін негіз ол Елбасының барлық ұлттар мен діндерге тең мүмкіндік беретін зайырлы мемлекет құру бағыты саналады", - деді ол.

Бұдан бөлек, аталған жиынға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, елорданың Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ислам дінінің бірлікті сақтап, өзге дін өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болуға үндейтінін атап өтті.

"Бүгін әртүрлі дін өкілдерінің өз ойларын жеткізетін, әрі бірлікті наихаттайтын күн. Елімізде көптеген этнос өкілдері тұратындықтан, оның маңызы ерекше. Біздің дініміз ынтымақты, бірлікті сақтап, өзге дін өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болуға үндейді. Сол өзге діннің өкілдері өз жамағатына осы күннің маңыздылығын наихаттайды. "Бір күн бірлік болмаса, қырық күн береке болмайды" деген жақсы сөз бар қазақта. Сол себепті, отанымыздың бірлігін сақтау, ынтымақстастықта өмір сүру әр азаматтың міндеті", - деді елорданың Бас имамы.

Айта кетейік, 1992 жылы 18 қазанда өткен Бірінші Дүниежүзілік Рухани келісім конгресінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Рухани келісім күні қақтығыстар мен араздықтарға мораторий жарияланатын, жақынына мейірімділік пен көмек көрсету, татулық күні ретінде тәуелсіз мемлекет тарихына енетіндігін ерекше атап өткен еді. Сол кезден бастап Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 18 қазан Ресми келісім күні ретінде атап өтілуде. 


Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды