• Басты
  • Д.Абаев: Карантин талаптарын орындамаған тұрғындарға айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін
27 Наурыз, 2020 16:25

Д.Абаев: Карантин талаптарын орындамаған тұрғындарға айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін

Бүгін мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өткені белгілі. Жиында карантин шараларын күшейту бойынша бірқатар тапсырма берілді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тішлісі. 

Д.Абаев: Карантин талаптарын орындамаған тұрғындарға айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін

Министрдің сөзінше, берілген тапсырмалардың тізімі премьер-министрдің сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. 

"Бүгін мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында карантин шараларын күшейту бойынша бірқатар тапсырма берілді. Тапсырмалардың тізімі премьер-министрдің сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Жақын уақытта әкімдіктер қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ айта кету керек бүгін елорда әкімінің баспасөз мәжілісін өткізу жоспарланып отыр", - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар ол үйден шығуға шектек қойылатынын айтып, көшедегі полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністік танытуға шақыры.

"Қоғамдық көлікке, такси, тамақ жеткізу қызметтеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау үшін циркуляр жасалады. Бүгін түнгі 00-ден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға боады.  Сонымен бірге 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқандарыңызды сұраса, оған түсіністік танытып жауап беру керек", - деді министр.

Сондай-ақ Дәурен Абаевтың сөзінше, дүкенге не дәріханаға шыққан тұрғындарды бақылауға полиция қызметкерлерінің құқығы бар.

"Жұмыстан шақырғанды растау үшін сізге тікелей басшының немесе кадр бөлімінің телефон нөмірлері болуы керек. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар әдетте тұрғын уйлерге жақын орналасады. Сондықтан полиция қызметкері тұрғындардың қажетті заттарын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту қажет", - деді Абаев.

Сонымен бірге ол карантин талаптарын бұзған тұрғындарға айыппұл салынып, қамауға алынатынын ескертті.

"Қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелеуі мүмкін. Азаматтар үй жануарларын үйдің жанында серуендете алады. Ал егер азаматтар басқа себептермен шыққан болса, онда алдымен ескерту, одан кейін 26 жарым мың теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулік әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Сонымен бірге төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды  талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген", - деді министр.

Бұдан басқа министр кoронавирустaн қайтыс болғaндарды жерлеу турaлы арнaйы қaулы шығатынын айтты.

"Аталмыш індеттен қайтыс болғандарды қалай жерлейтіні жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері сұрап жатыр. Бүгiн кешке не ертең таңертeң бас санитарлық дәрiгердің қаулысы шығады. Ол жерде қатаң сақталуы керек ережелер көрсетiледi. Дәрiгерлер айтқан талаптарды қатаң сақтау қажеттігі туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Православие шiркеуi тиісті пәтуа мен ескертулер әзiрледi", - деді Дәурен Абаев. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды