• Басты
  • Д.Абаев: Коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі
30 Наурыз, 2020 17:14

Д.Абаев: Коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Абаев: Коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген еді. Осыған орай, бүгін Премьер-министр Асқар маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, арнайы шешім қабылданды. Дәурен Абаевтың сөзінше, отырыс барысында медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де қаралған.


"Жиында медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі қаралды. Коронавирус ифекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлерге 2 млн теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырып, қайтыс болған жағдайда 10 млн теңге беріледі. Бұл шараларға бизнес өкілдері де үлес қосуда", - деді Абаев баспасөз мәжілісінде.


Сонымен бірге министр медицина қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында дәрігер жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінгенін атап өтті.


"Бірінші топ – бұл реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы - 3284 маман. Олардың жалақысына үстемақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 1 миллион теңгенің үстінде алады", - деді Дәурен Абаев.


Оның сөзінше екінші топқа провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері кіреді.

"Барлығы 11 951 маман. Олардың үстемақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 600 мың теңге алады", - деп атап өтті министр.

Ал үшінші топтағы дәрігерлердің қатарына кіретін карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел-жәрдем жүргізушілері 380 мыңға жуық жалақы алмақ.

"Үшінші топ – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел-жәрдем жүргізушілері және т.б. Барлығы 10 993 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстемақы алады. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар шамамен 380 мың теңге алады", - деді Дәурен Абаев.


Бұдан басқа министр қазіргі төтенше жағдай кезінде 20 мыңнан астам дәрігерге тегін байланыс қызметі мен интернет пакеті берілгенін атап өтті.


Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды