• Басты
  • Д.Абаев: Карантинді ұзарту туралы айту ерте
1 Сәуір, 2020 17:11

Д.Абаев: Карантинді ұзарту туралы айту ерте

Карантинді ұзарту туралы айту әлі ерте. Ешкім екі апта бұрын эпидемиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Абаев: Карантинді ұзарту туралы айту ерте

Министрдің сөзінше, мемлекет басшысының үндеуінде айтылған шаралардың жоспары дайындалуда. Әзір болғанда мемлекеттік органдар толық мәлімет бермек. 


"Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдағынын білесіздер. Ол өз үндеуінде дағдарысқа қарсы шаралардың 2-пакетімен таныстырды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде жариялануда. Сондай-ақ үкімет президент тапсырмасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын дайындап жатыр. Дайын болғанда әрбір мемлекеттік орган өзіне жүктелген тапсырмалар туралы толық мәлемет береді", - деді Дәурен Абаев. 


Сонымен қатар министр өз сөзінде халықты карантиннің барлық ережесін сақтап, үйде отыруға шақырды. Оның сөзінше, карантинді ұзарту туралы айту әлі ерте.

"Көп аймақта карантин шаралары күшейтілді. Осы тұста әрқайсысымыз үйде болуымыз керек. Осы ережені неғұрлым дұрыс жасасақ, карантинде соғұрлым тез аяқталады. Карантинді ұзарту туралы айту ерте. Ешкім екі апта бұрын эпидемиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Сондықтан кеше айтылған барлық шаралар жағдай күрделеніп кетсе де тыныштық пен тқрақтылықты сақтаудың кепілі.  Ол бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған", - деді ол.



Сондай-ақ Дәурен Абаев көмекке мұқтаж жандардың барлығына мемлекет тарапынан жәрдем жасалатынын айтып өтті. Оның айтуынша, мемлекет осынау қиын кезеңде азаматтарын қамқорлықсыз қалдырмайды.

"Мемлекеттің көмегін қалай, қай жерде және қандай тәртіппен алу керегі нақты түсіндіріледі. Қазір бұл механизмдер пысықталуда.  Үлгермеу қаламыз деп уауымдаудың керегі жоқ. Тағы да қайталап айтам, көмекке мұқтаж барлық адамға жәрдем беріледі. Мемлекет ешкімді қамқорлықсыз қалдырмайды. Үндеуде айтылған шаралар қазіргі уақытта қиындыққа тап болған азаматтардың, ауыл шаруашылығы өкілдерінің, кәсіпкерлердің өтініш-тілектерін ескерді", - деді министр.



Бұдан бөлек министр бүгін Қарағандыда коронавирус жұқтырып қайтыс болған 62 жастағы ер адамның туыстарына көңіл айтты.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды