• Басты
  • Д.Абаев: Азаматтардың 73 пайызы митинг өткізуді билікпен келісу қажет деп есептейді
12 Наурыз, 2020 15:40

Д.Абаев: Азаматтардың 73 пайызы митинг өткізуді билікпен келісу қажет деп есептейді

Жүргізілген сауалнама бойынша респонденттердің 21,4 пайызы ғана Қазақстандағы митингтерге оң көзқараспен қарайды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мәжілісте бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға қатысты заң жобасына өзгертулер енгізу туралы таныстырылымында айтты,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Абаев: Азаматтардың 73 пайызы митинг өткізуді билікпен келісу қажет деп есептейді

"Президент өзінің жолдауында үкіметтің алдына митингілер туралы заң жобасын жетілдіру міндетін қойды. Осыған байланысты ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "ҚР бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы жобасын әзірледі.  Заң жобасын қоғамдық тыңдау барысында және оны «Ашық дерек» порта­лына орналастырылғалы бері осыған қатысты 261 пікір келіп түсті. Олардың басым бөлігі митингіні өткізуді хабарлама түрінде жүргізуге, арнайы орындарға, бейбіт шерулер кезінде журналистердің құқығына, бейбіт жиынға рұқсат етпеу тәсілдеріне бағытталған. Меніңше, бұған дейінгі заң жобаларында мұндай пікір жазылмаған еді. Қазақстанның 9 қаласында қоғамдық тыңдау өтті. Сондай-ақ Халықаралық ұйымдар мен Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері үшін заң жобаларының жеке тұсаукесері ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, біз қоғамдық пікірді, оның ішінде әлеуметтік желілерді зерттедік, әлеуметтік зерттеулер жүргіздік", - деді Дәурен Абаев Мәжілістегі заң жобасының таныстырылымында.

Оның айтуынша, көптеген алуан пікірлер тыңдалған.  

"Уәкілетті мемлекеттік орган ретінде барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тепе-теңдікті табу оңай болған жоқ.  Мысалы, DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы неміс Конрад Аденауэр қорының қолдауымен Қазақстан азаматтарының арасында  еліміздің барлық аймақтарында сауалнама жүргізді. Оның нәтижесі респонденттердің 40 пайызы митингтер елдегі жағдайды тек тұрақсыздандырады деп санайтындығын көрсетті. Олардың 73 пайызы митинг өткізуді билікпен келісу қажет деп есептейді", - дейді министр.

Оның айтуынша, оның айтуынша, респонденттердің 21,4 пайызы ғана Қазақстандағы митингтерге оң көзқараспен қарайды екен.

"Қазақстанның қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік сауалнама барысында оған қатысқан қазақстандықтардың 87,7 пайызы шеруге шыққылары келмейтінін айтты.Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүргізген әлеуметтік сауалнама бойынша қазақстандықтардың 53,7 пайызы жиналыс өткізуге рұқсат алу жиналысты өткізушілер үшін міндетті болуы тиіс деп санайтындығын көрсетті. Бұл ретте респонденттердің 21,4 пайызы ғана Қазақстанда митингтер өткізу керек деп санайды",- дейді Абаев.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды