• Басты
  • CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
20 Қараша, 2019 13:54

CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды

Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды

CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергенов Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасымен таныстырды.

«Көптеген елдерді алатын болсақ, мәселен, Сингапур, бюджеттік үрдіс автономды жүзеге асырылады. Әрбір министрлік өзінің бюджетіне ие болады. Сонымен қатар, барлық елдерде стратегиялық құжаттар қаржылай қолдауға ие болған соң барып қана жүзеге асырылады. Қазақстанда құжаттар қаржылай қолдаусыз қабылдана береді. Сондай-ақ, мемлекеттік орган қызметкерлерінің жұмысына еркіндік берілу керек. Себебі, көптеген дамыған елдерде саяси мемлекеттік қызметкер немесе орта таптың жетекшісі бюджеттік шығын бойынша лимитке ие. Олар қандай да бір процедураларсыз өз көзқарасына қарай бюджетті реттей алады. Егер де Жолдауда мемлекет халыққа ғана емес, мемлекеттік қызметкерлерге де сенуді үйренсе, бұл осы сенімнің алғышарты болар еді», - О.Құдайбергенов.

Сонымен қатар, ол айтып өткендей, осы сенімді бюрократиямен өмір сүріп жатқан мемлекеттік компанияларға бөліп беру қажет.

«Қаржылық қайта құруда да сингапурлық сценарийге сүйенеміз. Онда мемлекеттік басқарудың барлық жүйелері ірі бюджеттік ағынды қолдануда бір-бірімен байланысқан. Ол зейнетақы жүйесі, тұрғын үй жүйесі. Қаржы ағындары қайталанбайды, баяу түрде бір тізбектен екінші тізбекке ауысады. Сингапурлық модель өте ірі резервтердің қалыптасуын қарастырады. Резервтер көбінесе мемлекеттік компаниялар деңгейінде орналасқан. Бұл резервтер вертикалды интеграцияланған құрылымдарды құруға жұмсалады. Сонымен қатар, мемлекеттік компаниялар меморгандардың филиалы болмауы тиіс. Көптеген меморгандар өздерінің тапсырмаларын мемкомпанияларға жібереді. Сондықтан да мемлекеттік компаниялардың қызметкерлері министрліктердің тапсырмаларын орындауға маманданған. Ал нарыққа өнім шығаратын мемлекеттік компаниялар толық автономды түрде жұмыс істеулері керек», - деді ол.

   Сонымен қатар, Олжас Құдайбергенов агроөнеркәсіптік кешен жұмысына да тоқтап өтті.

« Соңғы 15 жылда ауыл шаруашылығы саласы төлейтін салық түсімнің 1 пайызын құрайды. Егер бұл үрдісті жеңілдету үшін түсімнен бір пайыз ретінде салықты неге енгізбеске? Мұны мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына да қолдануға болады. Ауыл шаруашылығын субсидиялауды барлық қолдау егін егу маусымына дейін, яғни наурызға дейін жүзеге асыру қажет. Қазір өкінішке қарай, бұл қаржы жаз немесе күзде, не келесі жылы түсіп жататын факторлар өте көп. Бұл ауыл шаруашылығы секторының мүмкіндігіне үлкен күмән тудырады», - деді ол.

Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов кез келген экономикалық тұжырымдама мен идеяларға әрқашан орын табылатынын айтты.

«Елдің экономикалық әрі әлеуметтік өмірінде осындай идеялар неғұрлым көп болса, соғырлұм жұмысты дұрыс жасаудың мүмкіндігі зор. Бюджеттік жоспарлау туралы келісемін,себебі жоспарлау тым қатты реттеледі. Бірақ, көздеп отырғанымыз бір мақсат. Олар қолданылулары бойынша бір-біріне қарама қайшы. Бұл –қаржыны тиімді қолдану мен жылдам жұмсау. Себебі, біз мемлекеттік бюджет туралы айтқанда бұл трлн теңгелерді құрайды. Егер, сен дұрыс жоспарламай, жобаламасаң бұл трлн-дар экономикаға жұмыс істемейді. Келесі жағынан тиімділік мәселесі тұр. Бұл балансты үкіметтік блок та, мемлекеттік органдар да үнемі іздеу барысында. Бүгінгі айтылған ұсыныстар сияқт бастамаларға да толық құқық бар. Әрбір министр мен министрдің орынбасарына корпоративтік карта беріп, ол үшін мемлекет жауап беретін нұсқа да бар. Меніңше, біз бұл картаны кім қолданады және қайда жұмсайтынын ескерген жөн», - деді Т.Сүлейменов.

Дегенмен, Т.Сүлейменов аталған түбегейлі реформаға біз әлі де жетілмегеніміз туралы сөз қозғады.

«Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар да тиімділік көрсету үшін келесі жылдан бастап мемлекетік сатып алудан бас тартуға уақыт әлі келмеді. Оның ішінде ірі сатып алулардың саясатқа әсері,отандық өндірушілерге тигізетін әсері бар. Сондықтан да ішкі нарықта жылдам, сапалы, тиімді көрсеткішке жету екіталай», - деді Т.Сүлейменов.

Оған қоса, Т.Сүлейменов елдегі несиелендіру ақсаңдап тұрғанын тілге тиек етті.

«Заңды тұлғаларды несиелеу 10 айда 8,2 пайызды құрады. Бұл банктердің қайта құрылуына да қатысты екені белгілі. Экономикадағы несиелер тарихи төмен кезеңде тұр. Тұтынушылар несиесінің өсуі 17 пайызды құрап отыр. Ұлттық банк жүзеге асыратын реттеу шараларына үлкен үміт артылып отыр. 6-7 пайыз инфляцияға қатысты болады. 5,5 пайыз инфляция болса, 6 пайыз ставканы банктен күту,әрине, ақылға қонымсыз. Бұл жұмысты ақшалай-несиелік саясат пен банктің жұмысымен байланыстыру керек. Президент те осыған қатысты жұмыс жүргізуді талап еткен болатын. Себебі, тарифтік және тұтынушылық инфляция ешқайда жоғалған жоқ. Ол реттеуді айтарлықтай, жоғары деңгейде ұстауды мәжбүрлеп отыр», - деді Т.Сүлейменов.

Оған қоса, Т.Сүлейменов кез келген бизнесте сияқты қарыз капиталы болғаны дұрыс екенін айтты.

«Үкіметтік қарыз қазір 23 пайызды құрап отыр. Бұл қауіпсіз деңгейдегі қарыз. Ал, мемлекеттің жалпы қарызы 86 пайызды құрайды. Ол бір кездері 105-107 пайызды да құраған болатын. ЖІӨ өсіп жатқан соң, қарыз өспейді. Салық блогы бойынша көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Аграрлық бойынша салық реттелуде. Біз оны әрі қарай жетілдіреміз. Оның өзінде саланы реттеуге қатысты көп мәселелер шешілуді талап етеді. Барлық елге 1 пайыздық несие салу, алғашқы қадам. Одан әрі әртүрлі жер екені анықталады. Мысалы, мал мен өсімдік шаруашылығын салыстырса, көптеген қисынсыз айырмашылықтар тууы мүмкін», - деді Т.Сүлейменов.

Сонымен қатар, «Centras Capital» холдингі басқармасы Ельдар Абдразаков барлығы экономикалық жаңа саясатты қалайтынын алға тартты.

«Бүгінде біз жасап жатқан істердің барлығы өзіміз қалағандай әсер бермей отыр. Алайда, біз жаңа экономикалық саясат туралы айтатын болсақ, мені кәсіпкер ретінде алаңдатады. Себебі, бүгінде мені Нұр-Сұлтанның Сингапур болғысы келетіні назар аудартады. Мен де еліміздің мүмкіндігі жағынан Сингпаруге жақын болғанын қалайтын едім. Бірақ, біздің мақсатымыз бір болғанымен, әдістерге келгенде Алматы мен Нұ-Сұлтан бизнесінің көзқарасы ажыратылатын сияқты. Мысалы, ішкі тауарлармен 90 пайызға қамтамасыз етілу өте қуанышты бастама. Алайда, оны қалай жүзеге асыру керек деген сұрақ туындайды. Біріншіден,тұтынушыларға келетін болсақ. Бүгінгі таңда тұтынушылар 90 пайызға өзіміздің тауарлармен қамтамасыз етілуге дайын ба? «Азық-түлік өнімдері көп үлесті құрамайды, технолгиялық және ұзақмерзімді қолданыстағы заттар туралы айтуға дайынбыз ба?» деген сұрақ туындайды», - деді Е.Абдразаков.

Ал «Сеймар» компаниясының құрылтайшысы Марғұлан Сейсембай кез келген жоспар мен тұжырымдама екі тетік бойынша бағаланатынын айтты.

«Бірінші тетік – жоспардың сауаттылығы, кешенділігі мен экологиялық қамтамасыз етілуі. Осы тұрғыда бұл тұжырымдамада барлығы қамтылған деп ойлаймын. Алайда, кез келген бағдарлама мен жоспардың құндылығы оның жүзеге асырылуында. Осы орайда бізде үлкен проблемалар бар. Ол аталған бағдарламаға ғана емес, жалпы Үкіметте қабылданып жатқан бағдарламаларға да қатысты. Бұл неліктен орын алады? Экономика дегеніміз не?Бұл ел аймағында экономикалық субъектілердің транзакциялары. Ең алдымен не пайда болды? Экономика әлде мемлекет? Әрине, алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынас пен құндылықтар туындады. Сондықтан да, алдымен экономика пайда болды. Экономика өз табиғатында өсуге бейімделген. Оған кедергі келтірмесе, ол тек өседі. Алайда, экономиканы еркіндікке жіберсе ол жабайы капитализмге айналады. Осы жерде мемлекет пайда болады», - деді М.Сейсембай.

Сондай-ақ, кәсіпкер бюрократия дегеніміз жауапкершіліктен қашудың тетігі екенін атап өтті.

«Бұл жауапкершіліктен қашудың арнайы құралы. Келісу парағы бар,жауапкершілікті барлығына бірдей артып қоюдың амалы. Мемлекеттің экономикадағы қатынасы неғұрлым көп болса, соғұрлым бюрократия орын алады», - деді ол.

Айта кетейік, Стратегиялық бастамалар форумы – проблемаларды талқылау мен тәжірибелік шешім қабылдауға арналған алаң. Қатысушылар CSI сарапшылары, мемлекеттік орган жетекшілері, саясаткерлер мен экономист, кәсіпкерлер.Алғашқы форум 2018 жылдың 7 қарашасында өткен болатын.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды