• Басты
  • COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда

COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда

13 Қыркүйек, 2021 16:52

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, әлемде covid-19 ауруының 23 миллионға жуық жағдайы тіркелген. Елімізде 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 78 512 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 16 345 науқас стационарда жатыр, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде. Толығырақ әлемдегі және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Елдегі эпиджағдай

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде коронавируспен ауырғандар ішінде 1 276 адамның жағдайы ауыр. 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 78 512 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 16 345 науқас стационарда жатыр, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында қазіргі таңда 1 276 адамның жағдайы ауыр, ал 340 пациенттің жағдайы өте ауыр. Сонымен қатар, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Әлемде коронавирус жағдайлары өсуде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, коронавирустық инфекцияның ең көп өсуі Оңтүстік — Шығыс Азияда. Сондай-ақ, ауру қазіргі уақытта Израильде тіркелуде.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, әлемде Сovid-19 ауруының 23 миллионға жағдайы тіркелген. ДДҰ-ның жаңа коронавируспен күрес жөніндегі ұлттық бағдарламасының басшысы Салман Зарка коронавирустың келесі толқынына дайындалу керек деп санайды.

Қазіргі уақытта ауру Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдерінде ең жоғары деңгейде. Сонымен қатар, Израильдегі инфекциялар статистикасы бойынша сандар күн санап өсуде. Сарапшылар мұны өткен көктемнен бастап әлемге таралған жаңа дельта штаммымен түсіндіруде. Бұл пікірді, ММУ вирусология кафедрасының профессоры Алексей Аграновский айтты.

Пәкістанда бір тәулікте коронавирустың 2988 жағдайы тіркелген

Пәкістанда корнавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны 1207508-ге жеткен. Оның ішінде 1090176 науқас емделіп, 26787 науқас қайтыс болған. Қазіргі таңда 90545 белсенді жағдай тіркелген.

Дүйсенбіде елде 53 158 сынақ өткізілген. Нәтижесінде, корнавирустың 2988 жаңа жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш 5.6 %- ын құрайды.

Ұлттық командалық-операциялық орталық (NCOC) бүгіннен бастап (дүйсенбі) 15-17 жас аралығындағы адамдарды вакциналауды бастауға дайын. Билік барлық вакциналау орталықтарында қолжетімді болатын жасөспірімдерге «Pfizer» вакцинасы беріледі деп мәлімдеді. Бұған дейін ұлттық денсаулық сақтау министрлігінің өкілі барлық қолайлы жасөспірімдер өздерінің мәліметтерін дұрыс енгізу және вакцина мәртебесін тексеру үшін Ұлттық мәліметтер базасынан және тіркеу органынан «B нысандарын» алып келу керек екендігін мәлімдеді.

Египет жексенбіде коронавирустың 481 жаңа жағдайы тіркелген

Египетте жексенбіде коронавирустың 481 жаңа жағдайы тіркелген. 2020 жылдың ақпан айында індет басталғаннан бері жұқтырғандардың жалпы саны ресми түрде 292957-ге жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус туралы күнделікті мәлімдемесінде. Сонымен қатар, 11 жаңа өлім туралы хабарлады, бұл вирустың өлімінің жалпы санын 16 871-ге жеткізген. Мәлімдемеде вирустан 651 науқас емделіп шаққан. Нәтижесінде сауыққандардың жалпы саны 246 726 адамды құраған.

Жексенбіде президенттің денсаулық сақтау жөніндегі кеңесшісі Мохамед Авад Таг Эль-Дин азаматтардың коронавирусқа қарсы барлық сақтық шараларын сақтау керектігін атап өтті. Оның сөздері Египетте пандемияның төртінші толқынына байланысты инфекциялар санының өсуі байқалған кезде айтылған.

"Азаматтардың вакцинацияға тіркелуі, Covid-19 таралуын тежеу және ауыр асқынуларға қарсы иммунитетті жоғарылату үшін маңызды", - деді Таг Эль-Дин жексенбіде Extra News арнасына берген мәлімдемесінде.

Бұрын жұқтырған азаматтар да инъекцияға жүгінуі керек, деп кеңес берді Таг Эль-Дин антиденелер екінші инфекциядан 100% қорғамайтынын атап өтті. Ол антиденелер денені төрт айдан артық қорғай алмайтындығын жеткізді.

5 қыркүйекке дейін ДДСҰ мәліметтері бойынша Египетте вакцинаның 10 418 988 дозасы егілген.

Үндістанда коронавирустан бір тәулікте 219 адам қайтыс болды

Үндістанда бір күнде 27 254 жаңа COVID-19 оқиғасы тіркелген. Бұл елдегі инфекция жұқтырғандардың жалпы санын 3 3264 175 жеткізді. Ал белсенді жағдайлардың саны 3 74 269-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Қайтыс болғандар саны 4 42874-ке дейін өскен. 13 қыркүйектегі дерек бойынша, күн сайын 219 адам қайтыс болуда.

Белсенді жағдайлардың саны 3 74 269-ға дейін төмендеген. Бұл инфекцияның жалпы санының 1,13 %-ын құрайды. Ал COVID-19-дан қалпына келтірудің ұлттық көрсеткіші 97,54 % деңгейінде тіркелген. Бір туәлік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 10 652 жағдайға азайған.

Қытайда"дельта" штамын жұқтырғандар артты

Соңғы екі күнде Қытайдың Путянь қаласындағы Фузань аз провинциясындағы кроссовки шығаратын орталықта коронавирустық инфекцияның 64 жаңа жағдайы анықталды. Оның 32-сі - симптомсыз. Бұл індеттің ауқымы Нанкиндегі жағдайға қарағанда әлдеқайда аз. Алайда, Путянь тұрғындары мерекеге орай құрған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болады. Атап айтқанда,бұл 1 қазанда өтетін ұлттық мерекелер фестивалі. Өткен жылы күзгі мерекелер кезінде 637 миллионға жуық ішкі ұшу рейсі жасалған.

Путянь тұрғындары жағалауға сапарларын кейінге қалдырған. Көпшәләк халық эпидемиялық жағдайға алаңдайды, сондықтан олар балаларды мектепке жібергісі келмейді. Олар барлық қажетті затты жинап, үйден шықпауға тырысуда.

Бейжің университетінің бірінші ауруханасындағы тыныс алу аурулары бойынша маман Ван Гуанфа басылымға қазіргі инфекционның өршуі Путяньмен шектелетінін айтты. Сондықтан Путяньда қатаң эпидемиялық бақылау сақталған жағдайда елдің басқа аймақтарының ұлттық мерекелері кезінде сапарлардың күшін жою екіталай. Сарапшының айтуынша, егер барлық шара дұрыс қабылданса, инфекция саны жеті күннен кейін азаяды және 28 күннен кейін жаңа жағдайлар болмайды. Путяньның жергілікті үкіметі тұрғындардан қалада болуды сұрады, музейлерден бастап дәмханалардың қызметіне дейін тоқтатылды. Мейрамханалар жұмыс уақытын шектеді. Бір күн бұрын Путяньда инфекция жұқтырғандардың саны 19 адам екендігі хабарланды. Цюаньчжоуда бір науқас бар.

Барлық жаңалықтар