• Басты
  • COVID-19: Жаңа штамдардың таралуы, жұқтырғандар санының артуы және вакцинациялау шаралары

COVID-19: Жаңа штамдардың таралуы, жұқтырғандар санының артуы және вакцинациялау шаралары

6 Сәуір, 2021 11:55

Бүгінде әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны артып, қайтыс болғандар саны көбеюде. және өлім-жітімі бойынша жағдай шиеленісе түсуде. Әлемнің 221 елінде 130 млн-нан астам жағдай тіркелген. Сырқаттанушылықтың өсімі – 0,5-ті құраған. Ал, 2,8 млн-нан астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,2%-ды құрап отыр. Қазақстандағы да эпидемиологиялық жағдай мәз емес. Бүгін үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпиджағдай, елде жаңа штамдардың таралуы, медициналық техникамен жабдықтау және дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамту, сонымен қатар таралудың алдын алу шаралары жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстандағы эпиджағдай

Министрдің айтуынша, 2021 жылғы қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі жалпы әлемдік статистикасында төмендегенімен, ақпан айынан бастап тұрақты өсу үрдісі байқалады. Қазақстанда 6 сәуірдегі жағдай бойынша, COVID-19 жұқтырғандар саны жалпы 256 837-ге жетті.

Цойдың дерегінше, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 7 аймақ қызыл аймақта. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстары бар. Сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймақта 28 күн, Батыс Қазақстан облысында 20 күн, Атырау облысында - соңғы екі апта, Ақтөбе мен Алматы - соңғы аптада, Ақмола - 1 күн. Ал, сары аймақта 2 аймақ бар: Шымкент қаласы және Қарағанды ​​облысы. Қалған 8 аймақ жасыл аймақта орналасқан.

Сонымен қоса, министр наурызда ақпанмен салыстырғанда аурушаңдықтың 30%-ға артқаны байқалатынын, салдарынан тәулігіне 1800 жағдай тіркелетінін атап өтті.

«Сәуірде 5 күн ішінде 9 983 жағдай тіркелді, күніне 2000 науқас тіркеліп отыр», - деді Алексей Цой.

Оның сөзінше, ауру жұқтырғандар санының көбеюі британдық және оңтүстік африкалық штамдардың айналымымен байланысты. Осыған орайда, облыс әкімдеріне жедел медициналық көмек көрсету үшін инциялық төсектер мен мобильді бригадалармен қамту мақсатында шаралар қабылдау қажеттігін еске салды.

«Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сәуір айындағы тәуліктік талдаулардың тәулігіне 57 мың сынаққа дейін өскені байқалады, бұл қолжетімді күнделікті зертханалық сыйымдылықтың 50%-ын құрайды, ал ақпанмен салыстырғанда 1,6-ға артқан», - деді ол.

Министрліктің мәліметінше, биыл 6 сәуірдегі жағдай бойынша, республикада КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 28 730 төсек-орнымен 275 жұқпалы ауруларға арналған аурухана жұмыс істейді. Жұқпалы аурулар ауруханаларының жұмыспен қамтылуы 36%, қарқынды терапия - 22%. Жұқпалы аруларға арналған төсектер Батыс Қазақстан облысында, Алматы облысының Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы қаласында көп пайдаланып отырғандығы байқалады.

«Министрлік облыстағы әрбір медициналық ұйымның төсек-орын қорымен қамтылуын бақылаудың электронды жүйесін жасады. Бұл бізге уақтылы жауап беруге және қосымша ауруханаларды ашуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды Алексей Цой.

Өңірлерде жұқпалы төсектерді орналастыру қолданыстағы жұқпалы ауруханалар жүктемесінің 70%-ына жеткенде жүзеге асады. Жұқпалы төсек қоры 51 мыңнан 60 мыңға дейін ұлғайтылды, резервтік нысандар тартылады, жоспарланған мамандандырылған медициналық көмек көрсету жалғасады.

Жаңа штамдардың елде таралуы

Министрдің дерегінше, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, «британдық штамм» әлемнің 130 елінде, «оңтүстік африкалық» штамм 80, «бразилиялық» штамм 45 елде анықталды.

«Жаңа мутацияны анықтау үшін біз республика аумағында айналымда болатын КВИ штамдарын генетикалық зерттеуді үнемі жүргізіп отырамыз», - деді ол.

Сонымен наурыз айында республика аумағында «британдық» және «оңтүстік африкалық» штамдардың таралғаны анықталған. Соңғы зерттеулер коронавирустың британдық нұсқасы бастапқы штамға қарағанда науқастардың ауруханаға көптеп жатқызылуы мен өлім ықтималдығының жоғары екенімен ерекшеленіп отыр. Бразилиялық штамды өлім қаупі жоғары емес, бірақ ол бастапқы COVID-19 штамына қарағанда тез таралады.

«Британдық коронавирус штаммының былтырғы жылғы штаммен салыстырғанда 1,7 есе, Оңтүстік Африка Республикасындағы штамм 1,5 есе, Бразилиялық штамм 2 есе тез таралатыны анықталды», - деді Алексей Цой.

Сонымен бірге, оның сөзінше, репродуктивті санның өсуі 1,1-ден 1,9-ға дейін ұлғаюы - бірте-бірте осы штамдардың көптеп таралуына әкеледі.

«2020 жылдан бастап үкімет қабылдаған шектеу шаралары 6 ай ішінде жаңа вирустардың елде таралмауына мүмкіндік бермегенін атап өткен жөн», - деді Цой.

Вакцина алатын адамдардың санаттары кеңейтілді

КВИ-ға қарсы вакцинация науқаны ағымдағы жылдың 1 ақпанында басталды. Ал, 1 сәуірден бастап вакцина алатын адамдардың санаттары кеңейтілді. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды.

«Бүгінгі күні 194 706 азамат бірінші компонентпен, 72 110 азамат екінші компонентпен егілді. Республикадағы 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 10,3 құрады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында сәуір айында 2 миллион доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде, ол контингенттің 23,4% -ын қамтиды», - деді министр.

Сонымен қатар, ол Қазақстандағы өндірушілермен жүргізіліп жатқан келіссөздерді ескере отырып, бірінші жартыжылдықта вакциналардың 6 миллионнан астам дозасын алу жоспарланып отыр, бұл тақырыптық контингенттің 64% -ын қамтитынын атап өтті.

Бұл көлемдер КВИ-ге қарсы вакцинацияланатын контингентті және вакцинаны тегін алғысы келетіндерге қолжетімділігін барынша арттыруға мүмкіндік бермек. Ұйымдастырылған топтарда және адамдардың жаппай жиналатын орындарында вакцинация жүргізу үшін вакцинацияның жылжымалы пункттері қолданылады.

Осыған байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдері:

    - халықты КВИ-ға қарсы вакцинамен қамтуды жоғарылату үшін адамдар көп жиналатын жерлерде уақытша егу пункттерін / бригадаларын ұйымдастыру;

    - вакцинаны сақтауға арналған салқындатқыш жабдықтың және вакцинацияның жылжымалы топтарының вакцинацияға арналған термиялық ыдыс санының жеткілікті болуына қамтамасыз етуі керек.

14,5 миллион дана шприц сатып алынады

Бұдан бөлек, министр мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 сәуірдегі еліміздегі коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы жөніндегі кеңестің қорытындылары бойынша тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтты. Оның сөзінше, КВИ-ға қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу туралы және вакциналар көлемінің артқанын ескере отырып, шприцтердің қажетті саны сатып алынбақ.

«Ағымдағы жылдың ақпанында халықты COVID-19-ға қарсы иммундаудың кешенді жоспары бекітілді. Вакцинаны өндіру және жеткізу барлық GMP және GDP стандарттарына, сондай-ақ «суық тізбекке» сәйкес жүзеге асырылады», - деді Цой.

Вакцинациялау пункттері ашылады

9 мыңнан астам медициналық қызметкер КВИ-ге қарсы вакцинация бойынша оқудан өткен. 600-ден астам вакцинация бөлмесі, 800 бірлік мұздатқыш жабдық және 3 мың термиялық контейнер дайындалған. Бұған дейін 11,3 млн шприц сатып алынды.

«Жоғарыда аталған вакциналармен және вакцинациялау пункттерін ашу қажеттілігімен қатар, біз тағы 14,5 миллион дана шприц сатып алу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді министр.

Медицина саласындағы цифрлы технологиялар

Эпидемиямен күресу мен іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін елімізде цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілетін болады:

-       вакцинацияланған адамдарды тіркеу және бақылау үшін «Антиковидтік паспорт» әзірленді;

-       қолданыстағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуін және шектеу қойылған жұмыстарды қайта бастау үшін «Ashyq» жобасын масштабтау және оны Антиковид паспортымен біріктіру;

-       мониторинг топтар жұмысының тиімділігі мен нақтылығын арттыру үшін ұялы байланыс операторларының анонимді деректері негізінде «Жылу карталарын» енгізу.

Медициналық техникамен жабдықтау

Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалауға арналған матрицаның қосымша критерийлері, сонымен қатар, төсек қорымен қамтамасыз етуге назар аударылады. Халықаралық озық тәжірибелер негізінде жасалған осы технологияларды кешенді қолдану эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін арттырады.

«Реанимация бөлімдерін медициналық техникамен жабдықтау үшін мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық денсаулық сақтау ұйымдарының жабдықтарын түгендеу жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде қарқынды терапия бөлімшелері басты назарда. Осы жылдың сәуір айында бұл жұмыс аяқталып, оның нәтижелеріне сәйкес жабдықтау жүзеге асырылады», - деп толықтырды министр.

Сонымен қатар, пандемия басталғаннан бері жұқпалы аурулар ауруханаларын негізгі реанимациялық жабдықтармен қамтамасыз ету 100%-ға жеткізілген. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қарқынды терапия төсектерімен 22% -ы қамтылған. Жалпы, материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы эпидемиологиялық ахуал нашарлаған кезде медициналық ұйымдар арасындағы құрал-жабдықтарды алыс-беріс жасау азаяды.

«Медициналық ұйымдарды жабдықтармен одан әрі жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 2021-2022 жылдарға 85 млрд теңге қарастырылды. Қарқынды терапия бөлімшелерін жабдықтау жұмыстары өңірлерде жүйелі түрде жалғасатын болады», - деді Цой.

Дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамту

Министрдің мәліметінше, бүгінде еліміз дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қажетті көлемде толық қамтамасыз етілген. Ауруханаларда КВИ емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің ай сайынғы қоры, «Фармация» СК қоймаларында және дәріханаларда екі айлық қор қалыптасты.

Барлық аймақтарда 18 миллиард теңгеге дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорлары құрылды. Ауруханалар мен дәріханалардағы жүктемені азайту мақсатында амбулаториялық жағдайда КВИ-ді емдеуге арналған 5 дәрі-дәрмек түрі тамыз айынан бастап тегін беріліп жатыр.

Сонымен қоса, министр Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлескен жұмыс жүргізілді, нәтижесінде 232 қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмектің құны орта есеппен 27%-ға төмендегенін атап өтті.

«Медициналық маскалар орташа құны 20 теңгеден сатылады, қоймаларда 21,5 миллион дана жеткілікті қор қалыптасты. Медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген, облыс әкімдіктері 3 айлық қор құрды», - деді ол.

Сонымен бірге, оның сөзінше, АҚДМ-мен бірге вакцинацияның маңыздылығы және жалған ақпаратты таратпау туралы халық арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Ол үшін ақпараттық ресурстардың барлық әлеуеті жұмылдырылды, соның ішінде. әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер бар.

«Вакцинацияның маңыздылығына баса назар аудара отырып, барлық телеарналар мен баспа құралдарын тарту, позитивті мысалдарды көрсету, жалған мәліметтерді жоққа шығару және күресу үшін сенімді ақпарат жариялау үшін сарапшылар мен БАҚ-тарды тарту жоспарлануда», - деді министр.

Тұтастай алғанда, вакцинацияның қолжетімділігін қамтамасыз етуге және халықты уақтылы хабардар етуге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің сырқаттанушылықтың өсуіне дайын болуына бағытталған эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасады.

Барлық жаңалықтар