• Басты
  • COVID-19: Жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар нені білуі керек
25 Қыркүйек, 2020 18:52

COVID-19: Жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар нені білуі керек

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі кезекті брифинг ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсетуге арналды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері келіп, журналистер қойған сұрақтарға жауап берді. Баспасөз мәслихатында көтерілген еліміздегі эпидахуалдың құбылуы, коронавирустың екнші толқыны, жүрек-қантамыр немесе қант диабеті бар науқастарға ескертпелер, дәрігерлердің үстемақысы мен коронавирусқа қарсы вакцина туралы Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан біле аласыздар.


COVID-19: Жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар нені білуі керек

25 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов брифингтің алғашқы бөлімінде елімізде коронавирус індетінің таралу жағдайының статистикасын айтудан бастады. Оның мәліметінше 1715 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды. Қазақстан коронавирус індетімен 6 айдан бері күресіп келе жатыр. 25 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 107 590-ға жетті. Оның ішінде 95,1%-ы жазылып шықты. Бұл көрсеткіш қорқынышты басты. Жазылып шыққандарың нақты саны - 102 360 адам. Стационарларда немесе үй жағдайында 3515 адам бұл дерттен ем қабылдап жатыр. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырған 231 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 109 адам жазылып шыққан.

Науқастар саны – 31 991, өлім жағдайлары - 347, барлығы 26 914 адам сауығып шықты.

Дәл қазір дүние жүзінің көптеген елдерінде коронавирустың екінші толқыны басталып жатыр. Қазақстанның Денсаулық сақтау минстрлігі осыған сәйкес ескертулер жасап жүр. Соңғы бір тәуліктің ішінде 61 қазақстандықтан ковид анықталды. Үрей тудырғаны, жағдай тұрақталды деген екі облыс Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы мектеп оқушылары ауру жұқтырған болып шықты.

Солтүстік Қазақстанда 12 жағдай анықталды. Олардың біреуі бала-бақшадан шықса, сегізі мектептерден шығып отыр. Ауру жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған барлық ересек үй карантиніне 14 күнге жатқызылды. 2 апта өткен соң ауру шыққан мекемелерде арнайы өңдеу шаралары жасалады, - деп мәлімдеді ресми өкіл.

Қожахметовтың айтуынша, ПТР тест оң нәтиже көрсеткен балаларда ауру белгілері жоқ.

Балалардың көбінде тіпті дене қызуының көтерілуі байқалмаған. Бірі жөтелген, екіншісінде басқа да аурудың жеңіл түрдегі белгілері болған. Олардың бәрі үйлерінде ем қабылдап жатыр. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. Дәрігерлер науқастардың жағдайын бақылауда ұстап отыр, - деді ол.

Коронавирус адам таңдамайды

Еліміздің ең әйгілі хоккей командасы «Барыстың» ойыншыларына профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Олар ПТР тесттерін тапсырған. Нәтижесінде 11 ойыншыдан коронавирус анықталды. 17 қыргүйекте бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес «Барыс» ұжымында тиісті эпидемиологиялық шаралар өткізілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 29 адам белгілі болып, оларға «Барыс Арена» спорт кешеніне келуге тыйым салынды. 22 қыргүйектегі тексерулерден соң тағы 8 ойыншыдан ковид анықталды. Сонымен, 19 хоккей ойыншысы коронавируспен ауырып жатыр. Олардың бәрінде аурудың алғашқы белгілерінің ешбірі жоқ, яғни симптомсыз түрде өтіп жатыр.

Бұл жағдай ауру тек қарттар мен балалар үшін емес, денсаулығы мықты спортшылар үшін де қауіпті екенін көрсетті, - деп ескерткендей ишарат білдірді Қожахметов.

 Жүрегінде ақауы бар адамдар оқшаулану керек

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова эпидемиологиядық жағдай кезінде жүрек-қан тамырлар ауруы бар науқастар туралы айтты. Айтуынша, коронавирустың ең ауыр түрімен ауырғандардың басым бөлігі – жүрек ауруымен ауырғандар және қант диабетінен зардап шеккендер. Қайтыс болғандардың да көпшілігі осындай қосалқы аурулары бар науқастар болып шықты.

29 қыргүйек – дүние жүзінде жүрек ауруларының алдын алу күні. Бүгінгі брифингтің де басты тақырыбы ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсету туралы болып отыр. Шетелдік әріптестердің тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдаймыз. Олардың сараптамалары көрсеткендей, артериялық гипертониясы бар науқастар коронавирустың өте ауыр түрінде ауырған. Қайтыс болғандардың 70%-ы да осы аурумен ауырған. Алайда, гипотензивті терапияны қабылдайтындардың өмір сүру деңгейі 2 есе жоғары болды.

Ол кардиохирургия орталығында іске асқан бағдарламаларды айтып өтті.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» министрліктің «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» және «Жедел коронарлық синдром» атты 2 бағдарламасын жүзеге асырады. Коронарлық синдроммен ауыру 1,5 есе азайды. Пандемия кезінде жедел-жәрдемге хабарласып, жүрек ауруына шағымданудан қорықты деп ойлаймыз. Өйткені, ауруханаға келіп, коронавирус жұқтырып алу қаупі болды. Сонымен қатар соңғы бірнеше айда дәрігерлердің бар күші ковидпен және пневмониямен күресуге жұмсалып жатыр. Бұл жағдайда жедел коронарлық синдромнан болатын өлім өсті. Өткен жылы ол шамамен 3%, биыл 4,8% болды. Яғни, 100 адамның үшеуі жедел миокард инфарктісінен қайтыс болды Ал Еуропада бұл көрсеткіш 5% - ға жетті, - деді ол.

Бекбосынова жүрегінде ақауы бар, инфаркт пен инсульт алуға бейім адамдар коронавирус жұқтырушы науқастардың тәуекел тобына кіретінін айтты.

Жүрек-қан тамырлары ауыратын науқастар бұған дейін артық дәрі ішпей, күтінудің арқасында ұзағырақ өмірлерін сақтап қалуға болатын еді. Ал инфекция жұқтырғандарына бұл кезең қиынға соқты. Сондықтан оларға вирус жұқтырмауға тырысып, барынша сақтануы керек. Егер ауру мазаласа, дәрігерге дереу қаралу қажет. Коронавирустан қайтыс болғандардың 30 пайызында қант диабеті болған. Олар дәл қазіргі уақытты оқшауланып, денсаулықтарын барынша күту керек, - деді жүрек ауруларының дәрігері.
Жүрек-қан тамырлары ауыратын науқастар бұған дейін артық дәрі ішпей, күтінудің арқасында ұзағырақ өмірлерін сақтап қалуға болатын еді. Ал инфекция жұқтырғандарына бұл кезең қиынға соқты. Сондықтан оларға вирус жұқтырмауға тырысып, барынша сақтануы керек. Егер ауру мазаласа, дәрігерге дереу қаралу қажет. Коронавирустан қайтыс болғандардың 30 пайызында қант диабеті болған. Олар дәл қазіргі уақытты оқшауланып, денсаулықтарын барынша күту керек, - деді жүрек ауруларының дәрігері.

Дәрігер Бекбосынова шұғыл жағдай орын алса, жедел-жәрдем келем дегенше алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын айтты.

«Артериялық гипертензия, қан қысымының көтерілуі немесе гипертониялық дағдарыс жиі кездеседі. Мұндай кезде «тыныштық», терең тыныстап, тыныштану қажет, жатып демалған дұрыс, тілдің астына «Каптоприл» дәрісін салып қойған дұрыс. Арнайы құрылғымен қан қысымын өлшеп, дәрігердің көмегін күту қажет. Сондай-ақ, мен пациенттеріме аяқтың астына бөтелкемен ыстық су немесе басқа бір ыстық зат қоюға кеңес беремін. Бұл қанның бастан төмен түсуін арттырады және инсульттің алдын алады. Абай болу керек. Осындай аурулары бар адамның ағзасында өкпенің қабынуы, яғни пневмония тез өршиді, - деп түсіндірді Бекбосынова.

Айтпақшы, жүрек-қан тамыр патологиясы, артериялық гипертония, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға барып есепке тұруы керек.

 Дәрігерлерге үстемақы қалай төленді

Алты ай уақыт ішінде 12 800 дәрігер коронавирус жұқтырған. Жалпы дәрігерлердің 70%-на өтемақы төленген. Қожахметовтың айтуынша Цой мырза депуттармен кездесіп, Қазақстан дәрігерлеріне үстемақы төлеу мәселесі бойынша ақылдасады.

Үстемақы алудың арнайы талаптары мен ережесі бар. Бастапқыда алдыңғы шепте жүріп аурулармен байланыста болып, ауру жұқтырған дәрігерлерге үстемақы төленетін болып еді. Ал қазір жалпы дәрігерлердің 70%-дан көбіне арнайы төлем аударылды, - деп сендірді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Ұлттық ғылыми кардихирургия орталығының басшысы міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынованың мәлімдеуінше, ол басқарып отырған орталықтың 813 қызметкердің 348-і коронавирус жұқтырған. 348 адам – клиникада емес, өзге орындарда ауру жұқтырған. 337 адам кардиология орталығының ковид бөлімшелері мен ПТР зертханаларында жұмыс істепті.

 Вакцина әлі клиникалық сынақтан өткен жоқ

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда әлемдік вакциналардың ішінде жылдамдығы бойынша озық шыққаны – Ресей және Оксфорд екпесі. Алайда, Оксфорд вакцинасының сынама кезеңінде оның адам денсаулығына кері әсері байқалған. Осыған орай, оны зерттеу тоқтатылған. Ал ресейліктер шығарған вакцина сынақ кезеңінің үшінші сатысын өтіп жатыр. Он мыңдаған адам вакцина алып, сынап көріп жатыр. Олардың денсаулығы бақылауда. Медицина мамандары екпе әлі ресми түрде шықпағанын клиникалық сынамадан өтіп жатқанын нақтылады.

Бағдат Қожахметовтың сөзінше қазақстандық вакцина да клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Нәтижесі жаман емес, тіпті өте жақсы деп айтуға болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеу бөлімінің сарапшылары арнайы құраммен Жамбыл облысындағы зертханаға барып, жағдаймен танысып қайтты. Әзірге қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың алғашқы кезеңінде. Вакцина мәселесінде әлі бітпеген шаруа көп. Алдағы сынама кезеңінде медицина қызметкерлері мен зерттеушілерді көп жұмыс күтіп тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, - деді ол.
 

Ковидке қарсы тұратын иммунитеттің болуы мүмкін

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова «коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы мүмкін бе, әлде бұл уақытша ғана иммунитет пе?» деген сұрақ қойылды. Ол өз жауабында дәл қазір әлемдің қауымдастық түрлі пікірталас өткізіп жатқанын айтты.

Коронавирусқа қарсы тұра алатын иммунитеттің болу-болмауы зерттеліп жатыр. Әр ел өзінше зерттеп, түрлі болжамдар айтып жатыр. Соңғы шыққан ғылыми мақалалардың бірінше COVID-19 инфекциясынан кейін жақсы иммунитет қалиыптасатыны жайлы ақпарат болды. Тіпті одан бұрын COVID-19 қаншалықты ағза үшін ауыр вирус болса, соншалықты күшті иммунтет қалыптасады деген де тұжырым болған. Бірақ бұл сұрақтың жауабы келешектің еншісінде деп айтар едім, - деді Махаббат Бекбосынова. 
Журналистердің коронавирустың қайталануы туралы сұрағына дәрігер әлем бойынша қайта жұқтыру жағдайы бір-ақ рет болғанын айтты.

Қайта жұқтыру туралы бір ғана жағдайды білемін. Бірақ, қайта жұққаны – вирустың басқа штамы болған. Бұл – Сингапурдан келген хабарлама. Бұл пациент екінші инфекцияны – COVID вирусының басқа штамын жеңіл өткерген. Ол екінші рет те аурудан айығып шықты, - деді дәрігер.
 

Бюрабекова енді вице-министр емес

Қожахметовке сұрақ жаудырған журналистер министр Цойдың брифингке қатысуы мен вице-министр Людмила Бюрабекованың жұмыстан кетуі туралы сұрады.

Министрмен иық тіресе жұмыс істеймін, күнде көремін. Ол журналистерден қашып жүрген жоқ. Денсаулық министрлігінің өкілдері, басшылары, министр сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан да дайын. Министрдің қатысуымен брифинг 1 қазанда осы ОКҚ-да болаОрталық коммуникациялар қызметінде болады. Мен 30 қыркүйек деп уәде еткен едім, алайда Цой мырза сәрсенбіде Мәжіліс пен Сенаттың отырыстарына қатысуға міндетті. Сондықтан, 1 қазанда сіздердің алдарыңызға шығады. Ал, вице-министр лауазымында болған Бюрабекова ханымға келер болсақ, басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан кетті. Қандай жұмысқа ауысқанынан хабарсызбын, - деді Қожахметов.

Людмила Бюрабекова БАҚ өкілдеріне жұмыстан не себепті кеткенін өзі айтқан еді. Айтуынша, бұл шешімге саналы түрде келген.

Министрлікте үш жыл істедім. 2017 жылы Фармация комитетіне келдім. Кейін ол жалпылама денсаулықты қолдау комитетімен бірікті. Біз тоғыз ай бойы тәулік бойы жұмыс істедік. Эпидемиологтар шынымен қиын кезеңге тап болды. Көптеген әріптестерімізден айырылып қалдық. Қазір мен докторлық диссертация қорғау жұмысымен айналысамын, - деді бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі.

Барлық жаңалықтар