• Главная
  • COVID-19: Вирусқа қарсы екпе салдыратын еріктілерге қандай жеңілдіктер бар, демалыстағы шектеулер қашан алынады
11 сентября, 2020 17:01

COVID-19: Вирусқа қарсы екпе салдыратын еріктілерге қандай жеңілдіктер бар, демалыстағы шектеулер қашан алынады

Бүгін Орталық коммуникациялар орталығында күзгі-қысқы кезеңдегі КВИ және жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша эпидемияға қарсы шаралары туралы баспасөз мәжілісі өтті. Жиынға қатысқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елдегі эпидемиологиялық жағдай, көрші елдермен арадағы шекараның жабылуы, коронавирусқа қарсы екпе салдыратын еріктілерге жасалатын жеңілдіктер, сонымен қоса сенбі-жексенбідегі шектеулердің қанаш алынатынын жөнінде айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

COVID-19: Вирусқа қарсы екпе салдыратын еріктілерге қандай жеңілдіктер бар, демалыстағы шектеулер қашан алынады

Мед-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына халықты тіркеу қашан басталады

Бағдат Қожахметов биыл 15 қыркүйектен бастап елімізде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына халықты тіркеу науқаны басталатынын айтты. Оның сөзінше, тіркеу екі айға созылады.

«Емхана - бұл жалпы денсаулық сақтау жүйесіне кіретін алғашқы есiк. Сондықтан, алдағы екi айда азаматтар тұрғылықты жерi бойынша емхананы еркін таңдай aлады. Отбасылық қызмет көрсету мен медициналық-санитарлық көмек қолжетiмді болу үшін емхананы әркiм тұрғылықты мекeн-жайына жақын жерден таңдағаны дұрыс. Сонда медициналық ұйымдарға бекiтiлген пациенттердің денсаулығын тұрақты бақылауға және қaжет болған жағдайда дәрігерді үйгe шақыруға мүмкіндік болады. Бұл, әсіресе коронавирус инфекциясына бaйланысты пaндемия аясында өте маңызды», - деді Бағдат Қожахметов.

Оның сөзіне сүйенсек, тіркеу науқаны 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашаға дейін жалғаспақ. Алайда биыл азаматтар емхананы ауыстырғанымен, осы жылдың соңына дейін адамдарға бұған дейін бекітілген МСАК ұйымы қызмет көрсететін болады. Себебі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ТМККК аясында қызмет көрсететін МСАК ұйымдарына 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ақы төлей бастайды.

«Биылғы 7 қыркүйектегі жағдай бойынша, 231 133 адам МСАК ұйымына тіркелмеген. Тіркелмеген азаматтарға жоспарлы медициналық көмек қолжетімді болмайды», - деп толықтырды ДСМ ресми өкілі.

 

Коронавируспен күрес шараларына қанша қаржы жұмсалды

Бағдат Қожахметовтың дерегінше, коронавирусқа қарсы күрес шараларына және пневмонияға 102,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Наурыз бен шілде аралалығында 76 млрд теңгесі жұмсалды. Сонымен қатар айта кету керек, оның 57 млрд теңгесі дәрігерлерге үстеме ақы ретінде берілді. Ал карантин шаралары, провизорлы ауруханаларға және емдеу жұмыстарына 16,1 млрд теңге жұмсалған, оның 2,9 млрд теңгесіне ПТР тест сатып алынды.

Қазіргі уақытта 3 мыңға жуық мобильді көмек бригадасы құрылды. ДСМ ресми өкілінің мәліметінше, олардың жұмысына 24 млн теңге жұмсалды.

 

КВИ жұқтырғандар ПТР тестті тегін тапсыра ала ма

Бағдат Қожахметовтың сөзіне сүйенсек, коронавирус жұқтырдым деп ойлаған азаматтар 103 телефонына хабарласқан немесе өзі тіркелген ауруханаға барған жағдайда тегін ПТР тест тапсыра алады. Күніне 40 мың тест жасауға мүмкіндік бар, жыл соңына дейін 64 мыңға жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Ал қазіргі таңда коронавируспен қайтадан ауырған жағдай тіркелмеген. Сонымен қоса, Бағдат Қожахметов бүгінге дейін 576 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, бірақ ілеспелі аурулардан қайтыс болғанын атап өтті. Оның ішінде 52,4 пайызы тыныс алу жолдарында ауруы бар адамдар, 29 пайызы – қан айналым жүйесіндегі аурулардан, ісіктерден - 4 пайыз, қалғаны басқа потологиялардан көз жұмған.

 

Демалыстағы шектеулер қашан алынады

Денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілінің дерегінше, бүгінгі таңда елімізде 4600 адам ем қабылдап жатыр. Олардың саны төмендеп, күнделікті жұқтырғандар саны азайса, сенбі-жексенбідегі шектеулер алынып тасталады.

Қазақстандық вакцина салдырғандарға қандай жеңілдік жасалады

Қазақстандық вакцинаны салдыратын 600-ден астам еріктіге өтінім беруге болатынын белгілі. Осы орайда еріктілер медициналық тұрғыдан сақтандырыла ма, жоқ па? Бұл сауалға Бағдат Қожахметов былай деді:

«Коронавирусқа қарсы екпе салдыратын еріктілерге материалдық түрде сыйақы берілмейді. Олардың өмірі, денсаулығы мемлекет тарапынан сақтандырылады. Екпе салдырған ерікті ауырып қалған жағдайда немесе денсаулығына басқа да зияндар тиіп жатса, сақтандыру арқылы медициналық көмек көрсетіледі. Қаншалықты көп адам клиникалық тексерістен өтсе, вакцинаның сапасы соғұрлым көбірек белгілі болады».

 

Шетелмен шекара жабыла ма

«Кеше өткен конференцияда Денсаулық сақтау министрі алыс-жақын елдердегі коронавирустың қайтадан өршіп жатқанын айтып өтті. Үкімет шекаралас мемлекеттермен арадағы жолды жабуы мүмкін. Бұл көрші елдердегі жағдайға тікелей байланысты», - деді ДСМ ресми өкілі.


Тұмауға қарсы вакцина салдыру мәселесі

Бұдан бөлек баспасөз мәжілісіне қатысқан Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов тқмауға қарсы вакцина маңыздылығына тоқталып өтті. Оның сөзінше, қазіргі пандемия кезінде тұмауға қарсы вакцина салу өзекті болып отыр.

Жалпы Қазақстанда күз-қыс айларында өткір жұқпалы аурулардың өршитіні белгілі. Жұмабек Бекеновтың дерегінше, елімізде 500 мыңнан 1 млн-ға дейін жіті респираторлық вирус инфекциясы тіркеледі. Оның 64 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, яғни ауырған үш адамның екеуі бала. Тұмаудың маусымы негізі қазан айында басталып, мамыр айына дейін жалғасады.

«Биыл біз елдегі пандемияға байланысты алаңдаушылық білідіріп отырмыз. Себебі коронавирус пен тұмау клиникалық жағынан бір-біріне ұқсас. Симптомсыз жеңіл түрінен бастап, өлімге дейін әкеліп соқтырып отыр. Екіншіден, таралу жолы да ұқсайды. Адамдар бір-бірімен байланысқан кезде немесе ауа тамшысы арқылы таралады. Сондықтан азаматтар жөтелу, қақыру, түшкіру мәдениетін, сонымен қоса арақашықтықты сақтау керек», - деді департамент директоры.

Оның сөзінше, Қазақстанда тұмаудың 3 штаммының бары өткен қыста белгілі болған. Олар - А1 тобы - H1, N1; А2 тобы - H3, N2 және B түрі. Жергілікті лабораторияда зерттеліп, анықталған. Елімізде жыл сайын вакцина жасау кезінде вирустардың штаммдарының түрін анықтауға мән беріледі. Себебі оған қарсы егілетін вакцина соған байланысты салынады. Лабораториялардың жұмысы негізінде 3 тобы тіркелген.

«Қазақстанға әкелініп жасалатын 3 валентті вакцина. Ол А(H3N2) және А(H1N1) және В тұмауы штаммдарының антигенімен қамтылған. Сондықтан біз вирусқа қарсы тұратындай антидене жасай аламыз», - деді ол.

Тқмаудың белгілері коронавируспен ұқсас болғаны үшін біз биыл тұмауға қатты мән беріп отырғаныдығын атап өтті. Себебі вирусқа қарсы вакцина уақытылы алу өте маңызды. Өйткені антидене пайда болуы үшін де кемінде 2-3 апта уақыт керек.

Сонымен қоса ол алдын алу мақсатында әрбiр адам тұмауға қарсы ақылы егу салдыра алады, ол жeке вaкцинация ортaлықтарында, хaлықтың санитариялық-эпидeмиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлетті органнан рұқсаты бар тұрғылықты жері бойынша емханалардың егу кабинеттерiнде жүргiзiлетінін атап өтті.

Айта өтейік, тұмaуға қарсы вaкцина егетiн медицинaлық мекeмелердің мекен-жайы Денсаулық сақтау басқaрмасының, ТКҚСБК аумақтық департаменттерiнің сaйтында бар.