• Басты
  • COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма

COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма

21 Мамыр, 2021 16:56

Қазақстанда QazVac вакцинасынан басқа да вакциналар әзiрленiп жатыр. Бұл туралы онлайн дәрiс барысында биологиялық қауiпсiздiк мәселелерi ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдiрайымов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

Коронавирусқа вакцина әзiрлеу жұмыстары

Онлайн дәрiс барысында Ерғали Әбдiрайымов ғылыми-зерттеу орталығының қызметiне тоқталып өттi. Сондай-ақ, келiсiмшарт негiзiнде жылдың соңына дейiн вакцина жеткiзiлiп отыратынын айтты.

«Биологиялық қауiпсiздiк мәселелерi ғылыми-зерттеу институты 60 жылдан астам уақыттан қызмет етуде, осы кезеңде 70-ке жуық түрлi дәрi-дәрмектер әзiрлендi, олардың 60% -дан астамы қолданыста. Қазiр вакцинаны жедел шығарып жатырмыз»,- дедi Ерғали Абдураимов.

Маман QazVac вакцинасынан басқа тағы қандай вакцина түрлерi өндiрiлiп жатқанын айтты. Сондай-ақ, вакцинаның алғашқы топтамасы қолданысқа енгiзiлiп, ендi екiншi вакцина да дайын болып қалғанын жеткiздi.

«Коронавирусқа қарсы қолданыстағы вакцинадан (QazVac) бөлек түрлi платформаларда тағы 5 вакцина әзiрлеп жатырмыз. Олар жануарларға дейiнгi тексерiстен өттi. Көп ұзамай Денсаулық сақтау министрлiгiнен клиникалық зерттеудiң бiрiншi сатысынан рұқсат аламыз деп күтiп отырмыз», - дедi Ерғали Әбдiрайымов.

Сонымен қатар директордың орынбасары вакцинаның құрамы шетелден сатып алынатынын атап өттi. Оның айтуынша, бiр вакцина құны 4,7 долларды құрайды.

«Елiмiзде ешқандай компонент өндiрiлмейдi. QazVac қазақстандық вакцинасының құрамындағы химиялық қоспалар шетелден сатып алынды. Бiз одан табыс табуды мақсат тұтпаймыз. Тек өзiндiк құны бойынша ұсынамыз», - дедi Ерғали Әбдiрайымов.

Вакцина вирустан 100% қорғамайды

Сондай-ақ маманның айтуынша, адамды ешқандай вакцина толық вирустан қорғамайды. Алайда вакцина салдырған адамдар инфекцияны жеңiл өткiзедi деп толықтырды.

"Вакцина ағзаны патогендiк микроорганизммен кездесуге дайындау үшiн қолданылады. Ол iндет ағзаны қинайтын салдарға алып келмейдi. Вакцина осындай жағдайлар үшiн ағзаны дайындайды", - деп түсiндiрдi ол.

Сонымен қатар, маман қазақстандық QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудiң бiрiншi және екiншi кезеңi 18 жастан 60 жасқа дейiнгi жас аралығын қамтитынын және бұл нормаларды барлық ел қабылдағанын жеткiздi.

«Балалар мен жасөспiрiмдердi вакциналау үшiн егжей-тегжейлi сынақтар жүргiзiлуi керек, вакцинаны одан әрi зерттеу керек. Әлемде балалар мен жасөспiрiмдердi иммундау үшiн коронавирусқа қарсы бiрде-бiр вакцина мақұлданбаған», – дедi Ерғали Әбдiрайымов.

Сондай-ақ, Ерғали Әбдiрайымов сөзiнше, зерттеудiң алғашқы үш кезеңiнде алынған алдын-ала нәтижелер вакцинаның қауiпсiздiгi жоғары екенiн көрсеткен.

«QazVac вакцинасы қауiпсiз. Ерiктiлерде жүргiзiлген зерттеулер вакцинаның жағымсыз құбылыстарды тудырмайтындығын көрсетедi. QazVac вакцинасы жағымсыз реакциялар туғызбайды. Осы кезеңде бiрiншi және екiншi кезеңдер бойынша зерттеулердi аяқтаған барлық ерiктiлер өздерiн жақсы сезiндi», – дедi маман.

Вакцинаны кiмдерге қолдануға болмайды

Маманның мәлiметтерiне сәйкес, вакцина қауiпсiз және оны жалпы халық үшiн қолдануға болады деп үлкен сенiммен айтты. 

Сондай-ақ, онлайн дәрiсте коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық вакцинамен қандай адамдар және қандай аурулар кезiнде екпе алмау керектiгi түсiндiрiлдi.

«Егер адам жедел инфекциямен ауырса, оған вакцинаны уақытша қолдану ұсынылмайды. Бұл ВИЧ-жұқтырғандар, гепатиттiң жiтi түрiмен, туберкулезбен, сондай-ақ онкологиялық аурулармен ауыратындарға салынбайды», – дедi Ерғали Әбдiрайымов.

Сондай-ақ бұл тiзiмге спикер жүктi әйелдер мен кейбiр аллергиямен ауыратындарды да қосты.

«Жүктiлiк кезiнде кез-келген вакцинацияны қабылдау ұсынылмайды. Сонымен қатар, аллергиялық сипаттағы сырқаты бар науқастарға салуға болмайтынын атап өткiм келедi», – дедi Ерғали Әбдiрайымов

Сәуiр айында биологиялық қауiпсiздiк ғылыми-зерттеу институтында шығарған алғашқы партияда препараттың 60 000 дозасы болған. Институт басшысының орынбасары мәлiмдегендей, мамыр айында "Фармация" СК қоймаларына тағы 50 000 доза жеткiзiледi. Жыл соңына дейiн кәсiпорын Қазақстандық QazVac вакцинасының 2 000 000 дозасын өндiруге уәде бердi.

Барлық жаңалықтар