• Басты
  • COVID-19: вакцина саны мен түрлері, вакцинаның репродуктивті денсаулыққа әсері

COVID-19: вакцина саны мен түрлері, вакцинаның репродуктивті денсаулыққа әсері

5 Мамыр, 2021 18:24

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацялар қызметінде өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай мен вакцинациялау барысы туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Цойдың хабарлауынша, 1 507 359 азамат вакцинаның бірінші компонентін, 422 279 екі компонентін де салдырған. Цой екі компонентті түсіндірді.

«Екі компонент вакцинацияны аяқталатын кезде денсаулық сақтау жүйесіндегі «алтын стандарт» болып табылады. Бірақ бірінші компонент үш аптадан кейін иммунитеттің дамуына әсер ететінін түсінуіміз керек. Бұл ретте індет белең алғанда, ең алдымен, оны тоқтауымыз керек. Індетпен күрес әдістері, соның ішінде КВИ-мен күрес КВИ жұқтырудың алдын алу және берілу жағдайларын азайтуға негізделеді. Сондықтан біз үшін бірінші және екінші компоненттің қарқынын бақылау өте маңызды. Қалай болғанда да, екінші компонент біріншісмен «бірдей» болатынын түсіну керек. Бірнеше күн өткен соң барлық пациенттер екінші дозаны салдырады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, екінші компонент вакциналарының мөлшері жеткілікті. Өңірлерге 547 мың доза жеткізілді. Қарағанды фармзауытының қоймаларында тағы 400 мың доза өндірілді. Алдағы уақытта кестеге сәйкес тағы жарты миллион доза жеткізіледі деп күтілуде.

«Тапшылық жоқ. Вакциналар қамтамасыз етілді. Вакцинация қарқыны жақын арада арта түседі деп ойлаймын. 2,3 миллион доза әкелінді. Екінші компонентті біріншісіз егу мүмкін емес екенін білесіздер. Сондықтан вакцинация процесін қолдау үшін бірінші және екінші компоненттерді аудандарға апару маңызды болды. Сол себепті бүгінде вакцинация арасында алшақтық жоқ. Азаматтар оны уақытылы алады», - деді А.Цой.

Вакциналау 1 сәуірмен салыстырғанда тәулік ішінде бірінші және екінші доза салдырғындар саны 12 есеге, 11 мыңнан 135 мың адамға дейін өсті. Қазақстандықтар өз қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеген вакциналарды таңдай алады, бұл «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Wax».

Халықты жаппай иммундауды бастамас бұрын вакцинаны тасымалдау және сақтау, инфрақұрылым дайындау, логистиканың барлық кезеңдерінде жағдай жасау, тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу және қызметкерлерді оқыту уақыт пен басқа ресурстарды қажет еткенін министр айтып өтті.

«Аз уақытта халықты жаппай вакцинациялау үшін 1400 вакцинация пункті, елдің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында, оның ішінде ауыл халқы үшін 400 жылжымалы медициналық кешен ашылды. Вакцинация науқанына 11 мыңнан астам медицина қызметкері тартылды», - деді Цой.

400 пункт ел бойынша жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 400-ге жуығы көшпелі пункт бар. Жалпы вакцинация үрдісі белсенді жүріп жатыр. Азаматтар вакциналарға сеніп жатыр. 1,5 млн вакцина алғандардың ішінде 0,02 пайызы ғана ауруға шалдықты. Бұл вакцинаның тиімділігін білдіреді

Қазіргі уақытта вакцинацияланған 1.5 млн. азаматтың ішінен тек 0,02%-ы ғана ауырып қалған. Мұндай көрсеткіш вакцинаның бір дозасын алған кезде де жоғары тиімділікті және алғашқы иммунитеттің қалыптасатынын растайды.

«Вакцинациялаудың алдағы қарқыны денсаулық сақтау жүйесінің үйлесімді жұмысына, сондай-ақ азаматтардың өз жақындарының денсаулығы мен жалпыға ортақ иммунитетті қалыптастыру үшін дұрыс таңдау жасауына байланысты болатынын атап өткім келеді», - деді министр.

Министрлік 2,3 млн қазақстандықтың вакцина салуына жағдай жасаған. Сәуірде тәулігіне 11 мыңнан 135 мыңға дейін жеткізілген. Азаматтардың таңдау еркі өздерінде. Олар қазақстандық, ресейлік және «Hayat Vac» вакциналарын алып жатыр.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, дәрігерлер де қандай вакцина салдыратынын өздері ғана таңдайды.

Министр журналистердің сауалдарына жауап беру кезінде, қанша министр қандай вакцинаны алғаны туралы ақпаратпен таныс емес екенін айтты.

«Әріптестерім елдегі барлық вакцина түрін пайдаланып жатқанын білемін. Қазіргі уақытта вакцина таңдауға мүмкіндік бар Ресейлік, отандық вакцинадан басқа «Hayat Vac» вакцинасын алу мүмкіндігі де берілді. Бір айта кетерлігі елдегі барлық вакцина сертификатталған және қауіпсіз», - деді ол.

Цой вакцина репродуктивтік жүйеге қалай әсер ететіні туралы түсіндірді. Министрдің айтуынша, вакцина ағзаны қауіпті вирустан ғана емес одан кейін болатын ауыр әсерлерінен де сақтандырады. Сондықтан вакцина алу арқылы сіз кейін репродукциялық және өзге де жүйелерге кері әсерін тигізетін жалпы ағзаңызды да қорғайсыз.

Вице-министр Ажар Ғиният айтқандай, бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіті арнайы орындарда, патология-анотомииялық моргтарда жуындырылады. Ол үрдіске туған-туыстарынан 2 адам қатыса алады. Оларға арнайы қорғаныш киімдері ұсынылады.

«Жаназаға тек марқұмның туған-туыстары ғана қатыса алады. Олар сақтық шараларын сақтауы керек. Мәйітті жуындырғаннан кейін діни қызметкерлер мен туған-туыстарына ұстауға рұқсат етілмейді. Қазіргі уақытта қайтыс болғандар жалпы зираттарға жерленіп жатыр», - деді Ажар Ғиният.

Барлық жаңалықтар