• Басты
  • COVID-19: Вакцина алғандар саны артты

COVID-19: Вакцина алғандар саны артты

4 Мамыр, 2021 13:56

Үкiмет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрi Алексей Цой елдегi санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтып бердi, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткiшi бойынша 107-орында

Министрдiң мәлiметiнше, әлемдiк рейтингке сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткiшi бойынша 107-орында, ал өлiм көрсеткiшi бойынша 108-орында тұр.

Қазақстанда 4 мамырдағы жағдай бойынша, COVID-19-дың оң нәтижесiмен 330 071 науқас және КВИ- нәтижесiмен 53 093 жағдай тiркелдi.

Алексей Цойдың хабарлауынша, жоғары эпидемиологиялық қатер аймағында 9 аймақ бар. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Ал, өткен аптада Павлодар және Жамбыл облыстары қызыл аймаққа өткен. Бүгiнгi таңда орта эпидемиологиялық қатер аймағында 5 өңiр Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары бар. Ал, 3 өңiр «жасыл» аймақта, атап айтқанда, Қостанай, Түркiстан, Солтүстiк Қазақстан облыстары.

Министрдiң сөзiне сүйенсек, соңғы үш апта iшiнде сырқаттанушылық динамикасы iс жүзiнде бiр деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада сырқаттанушылықтың 2%-ға төмендегенi байқалады, өлiм-жiтiм көрсеткiшi өткен апта деңгейiнде сақталып отыр.

«4 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың жүктемесi 42% (15 517 төсек-орын), реанимациялық төсек-орындардың жүктемесi 28% (962 төсек-орын) құрайды», - дедi ол.

Оның мәлiметiнше, инфекциялық төсек-орындардың жоғары жүктемесi Нұр-Сұлтан қаласында — 60%, Алматы қаласында — 57%, Қызылорда облысында — 59%, Алматы облысында — 56%, реанимациялық төсек-орындардың жоғары жүктемесi Нұр-Сұлтан қаласында және Батыс Қазақстан облысында 62%-дан, Алматы қаласында — 52% байқалып отыр.

Вакцина алғандар саны артты

Вакцинаны жеткiзу жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Ақпан айынан бастап сәуiр айының соңына дейiн 2,3 млн доза вакцина жеткiзiлген. Бұл вакциналауға жататын халықтың 20%-ына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

«Вакцина өндiрушiлермен келiссөздер тұрақты негiзде жалғасуда. Вакциналау қарқынды жүрiп жатыр, мысалы, 1 сәуiрмен салыстырғанда бiрiншi және екiншi дозасын алғандар тәулiгiне 12 есе, яғни тәулiгiне 11 мыңнан 135 мың адамға дейiн өстi», - дедi Алексей Цой.

Бұл ретте, оның дерегiнше, 11 мың медицина қызметкерi, 1000-нан астам стационарлық егу пункттерi және 400 жылжымалы пункт жұмылдырылды. Вакциналау пункттерi 2 ауысымда сағат 24.00-ге дейiн және демалыс күндерi де жұмыс iстейдi.

Министрдiң мәлiметiнше, вакциналау науқаны басталған сәттен бастап Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцинаның 1,8 млн-ға жуық дозасы қолданылды.

«Сонымен қатар, өңiрлердiң әкiмдерi қазiр ауыл тұрғындарын вакциналауға назар аударуы қажет, осы мақсатта жылжымалы медициналық кешендердiң мүмкiндiктерiн барынша белсендi пайдалану қажет», - дедi ол.

Әлеуметтiк-экономикалық нысандардың жұмысы

Оның айтуынша, министрлiк әлеуметтiк-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерiн қайта қараған, оның iшiнде ашық аспан астында қызмет ететiн нысандар үшiн, спорттық iс-шаралар өткiзуде, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметiнде уақыт бойынша бiрқатар шектеулердi алып тастау, жеңiлдiктер беру бар.

«Критерийлерге жаңа нысандар енгiзiлiп, олардың қызмет ету тәртiбi анықталды: жазғы алаңдар, асханалар, стрит-фудтар және т. б. сияқты қоғамдық тамақтану объектiлерi. «Қызыл аймақтағы» супермаркеттердiң, гипермаркеттердiң жұмысына уақыт бойынша шектеулер алынып тасталды және жексенбi күндерi ашық базарлардың жұмысына рұқсат етiледi», - дедi Алексей Цой.

Сонымен, қандай нысандар жұмыс iстейдi:

-        «Қызыл аймақта» және «сары аймақта» дiни объектiлердiң ашық аспан астында, жабық үй-жайларда ұжымдық iс-шаралар өткiзбей (қолданыстағы редакциясында - ұжымдық iс-шаралар өткiзбей) жұмыс iстеуiне рұқсат етiлдi;

-        «жасыл аймақта» мейрамхана, дәмхана және кофехана типi бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң (үй-жайда) жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 02.00 дейiн, толымдылығы 50%-ға дейiн, бiрақ 50 орыннан артық емес болғанда, ұлғайтылды.

-        «Жасыл аймақтағы» компьютерлiк клубтардың, боулингтердiң қызметi — толымдылығы 30%-дан аспайтын (қолданыстағы редакциясында – «Ashyq» пилотына қатысатын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн жұмыс iстеуге рұқсат, толымдылығы 75%-дан аспайтын, жұмыс режимi сағат 12.00-ден 24.00-ге дейiн);

-        «Сары аймақта» көрермендердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды өткiзуге рұқсат, толымдылығы – 15%-дан аспайтын (қолданыстағы редакциясында – тыйым салынады).

««Жасыл аймақта» облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристiк) тасымалдар кезiнде толымдылығы 15 адамнан 25 адамға дейiн арттырылды», - дедi министр.

Сонымен қоса, министр критерийлерге қосымша жаңа объектiлер енгiзiлiп, олардың қызмет тәртiбi анықталғанын атап өттi.

-        жазғы алаңдарда — «қызыл аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейiн, сағат 9-дан 20.00 дейiн;

-        «сары аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейiн, сағат 7-ден 24.00 дейiн;

-        «жасыл аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейiн, сағат 7-ден 2.00 дейiн жұмыс iстеуге рұқсат етiледi;

-        асхана типi бойынша қоғамдық тамақтану нысандарында — «қызыл аймақта: сағат 24.00-ге дейiн;

-        «сары аймақта» және «жасыл аймақта» аймақта: тәулiк бойы; ашық аспан астындағы стрит-фудтар, аттракциондар қызметi.

Вакцина алғандарға ПТР тест қажет емес

«КВИ-ға қарсы вакцинацияланғандар санының бiртiндеп артуына және ҚР Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң қаулысына байланысты КВИ-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен адамдар үшiн бiрқатар шектеулер алынып тасталды», - дедi министр.

Сонымен, оның айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен жағдайда ауруханаға жатқызудың кез-келген түрiнде, ұйымдасқан ұжымдарға барғанда, вахта жұмысшыларына, демалыстан, iссапардан кейiн медициналық қызметкерлерге, ауырып қалуына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық ЖОО-лар мен колледждердiң студенттерiне және т.б. ПТР тестi қажет емес.

«CОVID-19 расталған жағдайда олармен байланыста болғандар оқшауланбайды, бiрақ медициналық бақылаумен қамтамасыз етiледi. Кеңсе ұйымдарының қызметкерлерi қашықтан жұмыс iстеу форматына ауыспайды», - дедi министр.

Бұдан бөлек, Алексей Цой күн сайын тәулiгiне 400 мыңға дейiн жағдай тiркелiп отырған Үндiстандағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Үндiстан аумағында таралған штаммның әкелiнуiнiң алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылданғанын атап өттi. Мәселен, Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн iшiнде Үндiстанға барған адамдар ПТР әдiсiмен COVID-19-ға анықтамасының және COVID-19-ға қарсы вакциналануына қарамастан, 14 күнге үйде оқшаулануы (үй карантинi) тиiс.

Барлық жаңалықтар