- Басты
- Жаңалықтар
- COVID-19: Төсек-орын қоры, вакцинациялау және Ashyq қосымшасы
COVID-19: Төсек-орын қоры, вакцинациялау және Ashyq қосымшасы
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде 148 миллионнан астам адам жұқтырған. Қазіргі кезде тәулігіне 600 мыңнан астам ауру тіркеліп жатыр. Ал, 3 миллионнан астам адам қайтыс болған. Елімізде де эпидемиологиялық ахуал әлі де нашар. Бүгінде 10 өңір тәуекелі жоғары аймақта. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баян етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлгінің мәліметінше, әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан аурушаңдық деңгейі бойынша 221 елдің ішінде 108-орында, ал қайтыс болғандар саны жағынан 107-орында. Қазақстанда 27 сәуірдегі жағдай бойынша, COVID-19-ға оң нәтижесі бар 311 400 науқас және -КВИ 52 471 жағдай тіркелген.
10 өңір – тәуекелі жоғары аймақта
Ведомство басшысының дерегінше, елімізде тәуекелі жоғары 10 аймақ бар. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
Ал, тәуекелі орташа аймақта бүгінде 5 өңір бар. Олар - Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.
Сонымен қатар, жасыл аймаққа 2 өңір, атап айтқанда, Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.
«Аурудың апта сайынғы өсу динамикасы наурыз айының соңынан бастап 46%-дан соңғы аптада 8% -ға дейін төмендеді. Өткен аптада өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптамен салыстырғанда 30%-дан 8%-ға дейін азайған», - деді Алексей Цой.
Төсек-орын қоры туралы
Сонымен қоса, министр аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шектеу шараларын қабылдау жалғасып жатырғанын атап өтті.
Төсек-орын қорының жұмыспен қамтылуының электронды жүйесіне сәйкес, биыл 27 сәуірдегі жағдай бойынша, республикада жұқпалы төсектердің 41%-ы, ал реанимация төсектердің 28%-ы қолданыста.
Инфекциялық төсектердің Қызылорда облысында - 58%-ы, Алматы қаласында - 57%-ы, Алматыда - 57%-ы, Нұр-Сұлтан қаласында - 56%-ы қолданыста.
«62 мың төсек орыннан тұратын резервтік төсек қоры құрылды, оның 9700-і жұқпалы төсек орны. Батыс Қазақстан облысында реанимациялық төсектердің - 57%-ы, Алматыда - 55%-ы және Нұр-Сұлтанда - 54%-ы қолданыста», - деп толықтырды министр.
Қазақстан вакцинацияланған адамдар саны бойынша 52-орында
Бүгінде Қазақстан Республикасының азаматтары екі вакцинамен, атап айтқанда, Sputnik V және Казковидин егіледі.
Министр Қазақстан COVID-19-ға қарсы вакциналар шығаратын әлемдік вакцина өндіретін елдердің ондығына кіргенін атап өтті. Ал,177 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан коронавирус қарсы вакцинацияланған адамдар саны бойынша 52-орында.
«Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Халықты вакцинациямен қамту елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді ол.
Ashyq қосымшасын 400 мыңға жауық адам пайдалануда
Сонымен қоса, министр «Атамекен» ұлттық палатасы, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірге шектеу шаралары мен іскерлік жұмыс арасындағы тепе-теңдікті орнату мақсатында 2021 жылдың қаңтарынан бастап Ashyq мобильді қосымшасын қалаларда іске қосу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда пилоттық жобасы іске қосылғанын тілге тиек етті. Ал, 26 сәуірден бастап жоба бүкіл елге таралды.
«Бүгінде «Ashyq» келесі бизнес нысандарда жүзеге асырылады: фитнес клубтар, курорттық орталықтар, сауналар, бассейндер, боулинг, бильярд және компьютерлік клубтар, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, тамақтану объектілері, аймақаралық және қалалық тұрақты емес көліктер», - деді Алексей Цой.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, COVID-19 вирусының таралуын мейлінше азайту үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын қызметтің белгілі бір бағыттарына ерікті түрде пайдалану жағы да қарастырылған.
«Қабылданған шаралар кәсіпкерлік және өзге де қызмет көрсету нысандарының жұмысын, адамдардың жаппай жиналатын орындарындағы шектеулерді реттеуге бағытталған», - деді ол.
27 сәуірдегі жағдай бойынша, жобаға қатысушылардың жалпы саны 1658-ге жеткен. Ал, қосымшаны пайдаланушылар саны 378 мыңнан асты.
Оның сөзінше, барлық аймақта эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шектеу шаралары қабылданады, ол үшін «Атамекен» бірлесіп қабылданған әлеуметтік-экономикалық нысандар қызметінің критерийлері қолданылады. Қазіргі уақытта Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар үшін критерийлер бейімделіп жатыр.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы