- Басты
- Жаңалықтар
- COVID-19: «Sinovac» вакцинасының тиімділігі
COVID-19: «Sinovac» вакцинасының тиімділігі
Бүгін Қытайдан Алматыға қытайлық «Sinovac Biotech Ltd» биотехнологиялық компаниясы өндірген «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Осы орайда, ветеринария ғылымдарының докторы, Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының орынбасары Мұқанов Қасым Қасенұлының «Sinovac» вакцинасының тиімділігі мен қолдану аясын туралы пікірін ұсынамыз. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
Ұлттық биотехнология орталығының бас директорының орынбасары Мұқанов Қасым Қасенұлының айтуынша, қазiргi таңда дүниежүзiнде технологиялармен иннактивтелген вакцинаның төрт түрi бар. Соның бiрi - «Sinovac» вакцинасы. Иннактивтелген вакцина дегенiмiз - қоздырушының күшiн жоғалтқан вакцина түрi. Оның сөзiнше, бұл көп жылдар бойы қолданылып келе жатқан тұрақты технология.
«Дүниежүзiнде технологиямен вакцина әзiрлеудiң технологиясы әбден пысықталып және жан жақты зерттелген. Sinovac вакцинасының тиiмiдiлiгi әлемнiң 25 елiнде 350 милиионға жуық хылық осы вакцинамен егiлген екен. Атап айтсам, оның iшiнде Қытай, Бразилия, Индонезия, Турция, Украина, Албания және тағы да басқа елдер бар», - дедi маман.
Оның айтуынша, бұл вакцинаның жан жақты зерттелуi бiр-бiрiмен байланысы жоқ 13 елде ғылыми-клиникалық сынақтан өткен. Сондықтан бұл вакцинаның негiзгi артықшылығы - басқа вакциналармен салыстырғанда қолдану аясының кеңдiгiнде.
Қасым Қасенұлы бұл вакцинаны ғылыми клиникалық зерттеулердiң мәлiметiне сүйенiп, вакцина қолданылғаннан кейiн егiлген жердiң қызаруы, ауырсынуы 34% адамның арасында байқалғанын айтты. Оның айтуынша, адам ағзасына бұл вакцинаның терiс әсерi жоқ. Ғылыми деректерде де мұндай мәлiмет кездеспеген.
Сондай-ақ, ол пандемияны жеңу үшiн бiрiншi орында вакцинаның орыны ерекше екенiн айтып өттi.
«Вакцинамен қатар, емдеу әдiстерi де болу керек. Санитарлық эпидемиологиялық шараларды да сақтау керек. Вакцина қолдану коронавирусты жеңудiң негзгi жолы екенiн тағы бiр ескертемiн», - дедi Мұқанов Қасым Қасенұлы.
Оның айтуынша, қазiргi ғылыми деректерде дүниежүзi тұрғындарының пандемияға қарсы иммунитетi болуы маңызды. Ол осы аурумен ауырған адамдардың имуниетi қалыптасатынын атап өттi. Сондай-ақ, жалпы әлем хылқының орташа шамамен 70%-ы вакцина алса ғана ұжымдық иммунитет қалыптасатынын баса айтты.
«Әр iндетке қарсы емдеу шараларының ең бiрiншi орында осы вакцина қолдану. Тарихқа сүйенсек те, түрлi қауiптi аурулар соның iшiнде шешек, полиомиелит тағы да басқа ауру түрлерiн осы вакцина арқылы жеңуге мүмкiндiк болды. Сондықтан вакцина қолдансақ ғана коронавирусты жеңемiз», - дедi ол.
Сонынмен қатар, санитарлық эпидемиологиялық шараларда ең жоғары деңгейде сақталу керегiн атап өттi.
«Әр iндеттiң 3 факторы болады. Бiрiншi-ауру қайдан пайда болуы, екiншi - тасымалдаушы фактор, үшiншi - сезiмтал организм. Коронавируспен күрестiң тиiмдi жолы - жаппай вакцина қолдану. Сонда ғана пандемияны жеңуге болады», - деп түйiндедi сөзiн.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Hayat Vax вакцинасы: тиімділігі мен қауіпсіздігі -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
«Спутник-V» вакцинасы: Аргентина, Венесуэла тұрғындары салдырды, ғалымдар тиімділігін дәлелдеді -
Бірліктің қазақстандық моделі: ҚХА-ның тиімділігі -
ИНФОГРАФИКА: ӨКМ операторының тиімділігі -
Тоқаев ұлттық холдингтер жұмысының тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындыларымен танысты -
Кәсіп ашуда несиенің тиімділігі қандай -
БЖК-2020 өзінің тиімділігін дәлелдеді -
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру тиімділігі 600 млрд теңгеден асты — А. Мамин -
Маңғыстау облысында жемқорлық фактілерінің жолын кесу тиімділігі 2 есеге арты -
«Баспана Хит», «7-20-25» бағдарламаларының тиімділігі қандай -
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің экологиялық, экономикалық тиімділігі