• Басты
  • COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан

COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан

27 Қыркүйек, 2021 17:14

ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 232 миллионнан асқан, ал Қазақстанда өткен тәулікте Қазақстанда өткен тәулікте 1878 адамнан коронавирус анықталған. Толығырақ әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Еліміздегі эпиджағдай

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 2202 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. 27 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (55 042 КВИ+ және 8 803 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 11 543 науқас стационарда, 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Ал КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 895 адамның жағдайы ауыр, 222 науқастың жағдайы өте ауыр, 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, коронавируске қарсы вакцинаның I компонентін 7 524 609 адам, II компонентін 6 408 099 адам салдырған.

Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді

27 қыркүйекте Сингапурде COVID-19 өлімінің өсуі аясында жаңа әлеуметтік шектеулер пайда бола бастады. Елде халықтың 80% - дан астамы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғанына қарамастан, жағдайлардың саны артып келеді. Республика үкіметі елдің бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне ықтимал жүктемені барынша азайту үшін шараларды қатаңдататыны атап өтті.

27 қыркүйектен 24 қазанға дейін кафелер мен мейрамханаларда шектеу күшейеді. Сондай-ақ, спорт залдарына, кинотеатрларға және концерттерге келушілер саны азаюда.

Бастауыш сынып оқушылары 7 қазанға дейін үйде оқытуға ауыстырылады, ал балабақшалар әдеттегідей жұмысын жалғастыруда. Көптеген кәсіпорындардың қызметкерлері қашықтан жұмыс режиміне ауысады.

Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19-дың 1,9 мыңнан астам жағдайы анықталан. Бір ай ішінде бұл көрсеткіш 16 есеге жуық өске. Сонымен қатар, қыркүйек айында коронавирустың асқынуынан 23 адам қайтыс болған, бұл бүгінгі күнге дейін рекордтық айлық көрсеткіш.

Қазіргі уақытта Сингапур халқының 82% - ы толық вакцинацияланған, оның ішінде 12 жастан асқан жасөспірімдерде бар. 14 қыркүйектен бастап 60 жастан асқан адамдарға арналған ревакцинация бағдарламасы басталған.

Израильде коронавирустың  өлім деңгейі жоғары

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жексенбі күні кешке Израильде SARS-CoV-2 вирусының 61 134 тасымалдаушысы бар екендігі анықталған.

Қазір ауруханаларда ковид немесе оның асқынуы салдарынан 689 ауыр науқас бар. Оның ішінде 280 адам ауыр жағдайда ем алуда.

Эстонияда коронавирустың жаңа жағдайларының саны бір апта ішінде 19%-ға өсті

20-26 қыркүйек аралығында Эстонияда инфекцияның 3762 жаңа жағдайы анықталды. Яғни, 3161 адам ауырған және бұл бір апта бұрын аурырғандарға қарағанда 19% - ға көп.

ең жоғары көрсеткіш Йыгевамаа - 100 000 тұрғынға 1231 жағдай, ал ең төмен көрсеткіш - Хийумаа - 161 жағдай екендігі белгілі болған.

Елордалық аймақта 26 қыркүйектегі жағдай бойынша ауру жиілігі 428 жағдайды құраған.

Ұлыбританияда күн сайын 32 417 жаңа жағдай тіркеледі, аптасына 15%-ға артқан

Ұлыбритания үкіметтінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде 28 күн ішінде тағы 58 адам қайтыс болған. Соңғы жеті күнде 239 342 адам коронавируске оң нәтиже көрсеткен.

Дегенмен, емдеуге жатқызу саны 16,2% - ға төмендеген. Бұл ретте соңғы аптада 5 602 адам емдеуге жатқызыған. Өткен аптада тағы 965 өлім тіркелген, яғни бұл өткен аптаға қарағанда 38-ге аз.

Ұлыбританияда вакцина егу белгілі бір қарқынмен жалғасуда. Сенбіде 69,057 вакцина енгізілген. Бұл қазіргі уақытта ересек тұрғындардың 89,6%-ы коронавиурсқа қарсы толық вакциналанғанын білдіреді.

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өткен аптада тек 22 442 лондондықтар алғашқы дозаны алған. 25 қыркүйектегі Үкіметтің мәліметтері Ұлыбританияда қазіргі уақытта Covid вирусына қарсы 93 461 887 егу жасалғанын көрсетеді. 44,7 миллионнан астам британдықтар толығымен егілген.

Ресейде бес күн қатарынан коронавирустан тәулігіне 800 адам көз жұмған

Бес күн қатарынан 800-ден аса адам коронавирустан көз жұмуда, мұндай көрсеткіш тамыздың ортасында болған. Штаб деректері бойынша, шартты өлім үлесі (нақты өлім үлесі эпидемияның соңында шығарылады) 2,75%-ға өскен. Атап айтқанда, соңғы тәулікте Мәскеуде 63, Санкт-Петербургте 50, Свердлов облысында 40, Краснодар өлкесінде 34, Нижегород облысында 30 адам вирустан қайтыс болған.

Елде бір тәуліктің ішінде 22 мың тұрғын коронавирус жұқтырған. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 14 тамыз күні тіркелген болатын. Бұл көрсеткіш 22 041-ге көбейіп, 7 398 415-ке жетті. Атап айтқанда, Мәскеуде 3 211, Санкт-Петербургте 1 907, Мәскеу облысында 1 106, Самара облысында 569, Воронеж облысында 543, Нижегород облысында 522, ал Свердлов облысында 518 жұқтыру жағдайы тіркелген.

Белсенді жағдайлар саны Ресейде пандемиясының басынан бері бірінші рет 600 мыңнан асты. Штабтың деректеріне сай, қазіргі кезде елде 604 387 адам ем қабылдап жатыр.

Коронавирустан емделіп шыққан ресейліктер саны бір тәулікте 16 325-ке өсті. Барлығы елде 6 590 933 адам жазылып шықты. Штаб деректері бойынша, жазылып шыққандар үлесі вирус жұқтырғандардың 89,1%-н құрайды. Атап айтқанда, Санкт-Петербургте 1 508, Мәскеу облысында 909, Свердлов облысында 475, Қырым Республикасында 470, Ростов облысында 448 адам жазылып шыққан.

2 айдан астам уақыт ішінде жаңа Covid жағдайларының ең аз саны Таиландта тіркелген

Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні таңертең Таиландта Covid-19 10 288 жаңа жағдайы және 101 адам қайтыс болды деп хабарлады. Бұл екі айдан астам уақыт ішінде жаңа жағдайлардың ең аз саны екені білгілі болған. Халық арасында 10 161 жағдай және тұтқындар арасында 127 жағдай тіркелген.

Жаңа жағдайлардың саны жексенбіде жарияланған 12 353 адамнан аз болды, бұл кезде елде 125 адам қайтыс болған болатын.

Барлық жаңалықтар