• Басты
  • COVID-19: Сарапшылар отбасы ішіндегі бейбітшілікке шақырады
30 Сәуір, 2020 17:32

COVID-19: Сарапшылар отбасы ішіндегі бейбітшілікке шақырады

Жаңа коронавирустың жаһандық таралуына дейін де статистика мәліметтері бүкіл әлемдегі әйелдердің үштен бір бөлігі өз өмірлерінде қандай-да бір зорлық-зомбылықты басынан кешіргенін көрсетуде. Соңғы уақытта карантиндік режим күшейген тұста тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ғаламдық толқуы байқалды. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған жедел телефон желілерінің бірінде биылғы сәуір айының бірінші жартысында ақпан айымен салыстырғанда шағымдар саны 50% артқаны туралы хабарлама жасалды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 COVID-19: Сарапшылар отбасы ішіндегі бейбітшілікке шақырады

Статистикалық мәліметтер бойынша, 50% бойжеткендер отбасыда тәрбиенің зорлық әдістеріне ұшырайды, оның ішінде 21% дене жазасына ұшыраса, 45% психологиялық агрессия мен зорлық-зомбылықты басынан кешіреді. Оған қоса қауіп-қатерге душар болған әйелдерге қолдау көрсету қызметтері шектеліп, жабылуда. Оның ішінде вирусты жұқтыру қорқынышынан және қозғалыс шектеулерінен арнайы әлеуметтік баспаналар көбінесе жаңа келушілерлі қабылдай алмайды.

Пандемиядан туындаған әлеуметтік-экономикалық күйзелістер, сондай-ақ қозғалыс шектеулері бәріне әсер етуде, оның ішінде әсіресе осал топтарға – әйелдер мен қыздарға, мүгедектерге, қарттарға, денсаулығы нашар адамдарға жағымсыз ықпалын тигізіп жатыр.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің жақында жарияланған жолдауында «Зорлық-зомбылық тек соғыс алаңымен шектелмейді. COVID-19 шектеулері кезінде көптеген әйелдер мен қыздарға олар үшін ең қауіпсіз болуы тиіс жерде – өз шаңырақтарында қауіп төніп тұр. Сондықтан мен барша үкіметтерді індетпен күресте әйелдер қауіпсіздігін алдыңғы қатарға қоюға шақырамын», деп атап өткен еді.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін үлкен қауіп төнуде.

2019 жылғы Халықтың жағдайын талдау деректері бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың жартысына жуығы жынысына және жасына қарамастан өз отбасыларында түрлі зорлық-зомбылыққа тап болған. Жақында жүргізілген жедел COVID-19 сараптамасы көрсеткендей, сауалнамаға қатысқандардың 38% карантин кезінде отбасы мүшелерімен қарым-қатынастарының нашарлағанын хабарлады.

«Пандемия гендерлік теңсіздіктер мен мүгедектігі бар адамдар басынан кешіретін теңсіздіктерді одан бетер айқындауда. Дәл осындай жедел сараптама көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан адамдардың төрттен үшінің полицияға, психо-әлеуметтік қызметтерге, медициналық немесе басқа мекемелерге жүгінуге мүмкіндігі жоқ. Есту қабілеті бұзылған адамдар ымдау тілі аудармасына мұқтаж, бұл олардың көмекке қолжетімділігін шектейді. Осы адамдарға көмектесу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ЮНФПА қолдауымен коронавирустан қалай қорғауға болатындығы, үйден шығу немесе оралған кезде не істеу керек және зорлыққа тап болғанда өзекті ақпарат бойынша бейнероликтер дайындады», - деді Қазақстандағы ЮНФПА Өкілі Джулия Валезе.

27 сәуірде БҰҰ жариялаған «Әйелдерді ілгерілету» бастамасы бойынша әлемдегі денсаулық сақтау, экономикалық және гуманитарлық салаларда нақты өзгерістер үшін әйел көшбасшыларын алдыңғы қатарға қояды. Аталған індетпен күресте инфекцияның келесі толқынын, жұмыссыздықты және тіпті әлеуметтік толқуларды болдырмау сияқты ең жағымсыз сценарийлерді алдын-алу үшін шешімдерді қабылдауда әйелдер қатысуы керек.

Қазақстанда әйелдер ұйымдары мен белсенділері үкіметті және даму бойынша серіктестерді азаматтық қоғаммен ықпалдастық жолында COVID-19 пандемияға қарсы әрекет ету және қалпына келтіру жұмыстарының өзегіне әйелдер қажеттіліктерін қоюға шақырады.

БҰҰ Әйелдер Орталық Азиядағы азаматтық қоғам ұйымдарымен COVID-19 бойынша ұсыныстар мен шешімдер енгізу үшін консультациялар өткізді. Нәтижесінде Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер мен ЮНФПА дайындаған төтенше жағдайдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу және оған қатысты іс-қимылға қатысты заңнамалық және нормативтік стандарттарға өзгертулер енгізу бойынша бірқатар тәжірибелік ұсыныстар енгізілді.

Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура айтуынша   әрбір мемлекет қызметтерді онлайн желілер арқылы ілгерілету, тұрмыстық зорлық-зомбылық шеккендерге баспаналар санын кеңейту, оларды қажеттілік ретінде белгілеу және алдыңғы қатарлы ұйымдарға қолдауды күшейту арқылы әрекет ете алады.

«Таяуда БҰҰ Еуропалық Одақпен бірлесе отырып, Орталық Азия мен Ауғанстан үшін жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған «Жарық сәулесі» атты бағдарламаны бастайды. Біздің ұжым аталған бастаманың COVID-19 туғызған шұғыл қатерлерді шешуге бейім екенін қамтамасыз етуде», - деді ол.

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты алдын-алу Қазақстандағы БҰҰ COVID-19 жауап жоспарларының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

БҰҰ агенттіктері нұсқаулық шығарып, саясаткерлермен үздік халықаралық тәжірибе туралы ақпарат алмасу арқылы зорлық-зомбылық құрбандарының қажеттіліктерін насихаттау бойынша бірлесіп жұмыс істейді. Ал жедел гендерлік сараптамада індет кезінде тұрғындардың тәжірибесі, әйелдер мен қыздарға қолдау көрсету бойынша іс-әрекеттерді дамытуға көмектесетін ақпарат бар. Сонымен қатар ЮНФПА #ProtectYourFamily (Отбасыңды қорға) науқаны шеңберінде әкелерге арналған бейнероликті насихаттады.

ЮНИСЕФ қызметі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және немқұрайдылықты алдын алуға бағытталған, оның ішінде ата-аналарға арналған кеңестерді кеңінен тарату, онлайн-семинарлар өткізу және карантин уақытында ата-аналардың оң тәжірибесін насихаттауға танымал адамдарды тарту шаралары жүргізілді.

«Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ төрағасы Зульфия Байсақова атап өткендей, бүгінгі күні орталық құрамына МЖӘ ретінде 18 ұйым кіреді.

«Сондай-ақ, 10 дағдарыс орталығы енеді. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық өте өзекті мәселе. Әсіресе, ол карантин кезінде ерекше байқалды. Оған сенім телефонына хабарласушылардың санын 4 есеге арттырғаны себеп болып отыр. Оның ішінде тұрмыстық жәбірленушілер хабарлама және сайт арқылы хабарласқан. Себебі, олар үрейден, ашық сөйлесе алмаған. Дағдарыс орталықтары агрессорлармен жұмыс жүргізуді жоспарланып отыр. Оқыту мәселесін де қолға алмақпыз. Оның ішінде полиция өкілдері мен зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты мамандардың агрессорлар мен жәбірленушілермен жұмыс жүргізуді жүзеге асырып жатырмыз. Бұл кешенге қоса, Парламентте қаралып жатқан зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын да іске қосуды жүзеге асырмақпыз», - деді ол.

Өз кезегінде жобаның психотеравпевті Евгений Дуплякин карантин кезінде отбасылық зорлық-зомбылық көбейіп отырғанын жіктеп, атап берді.

«Отбасындағы зорлық заманауи қоғамның басты мәселесі. Бұл жағдай дамыған елдерде де әлеуметтік проблемалар туғызып отыр. Алайда, оларда құқықтық нормалар мен азаматтық қоғамның санасымен басқарылады. Зорлыққа ұшырайтындардың көбі әйелдер мен балалар, мүгедектер. Агрессорлардың мұндай әрекетке баруы зорлықты теріс іс деп танымауында болып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, маман бұл зорлық-зомбылықтың пайда болуына жұмыссыздық, алкоголизм, құндылықтардың болмауы да әсер ететінін жеткізді.

«Психологтар мен психотерапевтер жұмысында зорлық-зомбылық мәселесі жиі қозғалады. Ерлерге қарағанда әйелдер көп келеді. Әйелдер тек физикалық зорлыққа қатысты хабарласады. Физикалық зорлықтан бөлек, психологиялық не эмоционалдық зорлық бар. Ол өзінің әріптесіне эмоцианалды түрде әсер етеді. Үшіншіден, экономикалық зорлық. Бұл агрессор серіктесіне жұмыс істеуге мұрша бермеу және қаржы көзінен айырып, тәуелді етуді көздейді. Ерлер жақындарына бақылау орнатып, билеу үшін зорлыққа барады», - деді ол.

Ал жобаның психология Салтанат Маусейітова дағдарыс орталықтары агрессор тарапымен де жұмыс істейтінін айтты.

«Қазақстанда қазіргі кезде жәбірленуші жақпен дағдарыс орталықтары жұмыс істейтін болса, агрессорлармен жұмыс жүргізілмейді. Осы жылдың наурыз айында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен осындай жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Бағдарлама аясында отбасында туындайтын агрессияның себептерін анықтап, қажеттіліктерін көрсетеміз. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерін оқыту мен қоғам арасында ақпараттық жұмыстар жүргізіледі», - деді ол.

С.Маусейітова атағандай, бұл бағдарламаның негізгі мақсаты агрессордың істеген зорлық-зомбылығын қылмыс екенін көрсетіп, болашақта ондай істердің қайталанбауын жүзеге асырады.

«Агрессор ер адам екі ай бойы психологтар мен психотерапевтілердің бақылауында болады. Әрбір ер адаммен жеке және топтық консультациялар жүргізіледі», - деді ол.

Жобаның психотерапевті Тұрғанжан Сабиров агрессорларға тренинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз - агрессорларға тренинг жүргізу. Бір қатысуға 5-10 адам қатыса алады. Тренинг жүргізу алдында зерттеу жүргізіледі. Себебі, оған есірткі қолданатындар қатыса алмайды. Бұл дамыған мемлекеттердің тәжірибесінде бар. Тренингтердің нәтижесінде агрессорлар жауапкершілігін түсініп, көзқарасы мен қабылдауын өзгертуі керек. Тренингті әйел де, ер де жүргізеді. Агрессорлар қандай жағдайлардан кейін осындай әрекеттерге барады, оны қалай алмастыру керек. Осы сынды мәселелерді түсінетін болады. Аталған тренингтер әлем бойынша өзінің тиімділігін көрсетті», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды