- Басты
- COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биылғы жыл былтырғыдан қиын боатынын жеткізді. Сонымен бірге, аталмыш ұйым сарапшылары Sars-cov-2 вирусының мән-жайын зерттеу үшін Қытайдың Ухан қаласына барды. Ал, Ұлыбритания ғалымдары аурудан кейін адам ағзасы кем дегенде бес ай бойы иммунитетті сақтауға мүмкіндігі барын айтып отыр. Әлемдегі коронавирустың жағдайы туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Джон Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша әлемде 23 миллионнан астам адам Covid-19-ды жұқтырды, 2 миллионға жуық адам қайтыс болды. Ал, пандемия басталғаннан бері 51 миллионнан астам науқас сауығып шықты.
ДДҰ: Биылғы жыл қиын болмақ
Жаңа коронавирустың әсерінен пайда болған COVID-19 пандемиясының екінші жылы адамзат үшін бірінші жылға қарағанда қиынырақ болуы мүмкін. Мұндай пікірді сәрсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Twitter-дегі сұрақ-жауап кезінде оның төтенше жағдай бағдарламасының директоры Майкл Райан айтты.
«Біз екінші жылға (пандемияның) қадам басып отырмыз, және (коронавирустың) таралу динамикасын ескере отырып, одан да қиын болуы мүмкін», - деді ол.
ДДҰ сарапшылары Уханда
Қытайдың Ухан қаласына ДДҰ-ның 10 адамнан тұратын сарапшылар тобы вирустың шығу себептерін анықтау үшін келді. Сарапшылардың мұнда келіп, зерттеу жүргізуі үшін ДДҰ мен Бейжің арасындағы келісім бірнеше айға созылды. Ең алдымен, ғалымдар ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерінен, аурухана қызметкерлері мен азық-түлік нарығының саудагерлерінен мәліметтер жинамақ. Олар пациенттерден әр уақытта жиналған биоматериал үлгілерін зерттейтін болады. Бірақ алдымен олар екі апта карантинге жатқызылуы керек.
ДДҰ тобының келуі Қытайдың солтүстігінде аурудың қайтадан өршіген кезіне тұспа-тұс келді. Осы аптаның басынан бастап жалпы саны 50 миллионнан асатын елдің бірнеше аймағында локдаун жарияланған еді.
Қытай алғашқы жағдайлардың Уханда анықталғанын жоққа шығармайды, бірақ вирустың басқа жерде пайда болған болуы мүмкін екенін айтады. ДДСҰ сарапшылар тобының жетекшісі Питер Бен Эмбаректің айтуынша, ғалымдар іс жүзінде не болғанын түсіну үшін көптеген зерттеу жұмысын жасау керек.
«Менің ойымша, бұл бірінші миссиядан кейін біз барлық сұрақтарға нақты жауап бере аламыз, бірақ бұл қазірдің өзінде мақсатқа жетудің бастамасы», - деді ол Франс Пресс агенттігіне берген сұхбатында.
Ұлыбританияда дәріханалар да вакцинация науқанына қосылды
Ұлыбританияда дәріханалар бейсенбіден бастап вакцинация науқанына қосылды. Осылайша, алғашқы алты дәріхана вакцинациялауды бастады. Бірінші кезекте, вакцина салынатын басым топтардың өкілдеріне - егде жастағы адамдар, жабық типтегі мектеп-интернаттардың тұрғындары, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен медицина қызметкерлері кірмек.
Желтоқсан айының соңынан бастап бүкіл ел бойынша шамамен 3 миллион адам вакцинаның алғашқы дозасын алды, бірақ билік бұл науқан баяу жүріп жатқанын айтады. Бастапқы жоспар бойынша, бірінші кезектегі топтардың 15 миллион адамына ақпан айының ортасына дейін вакцина егілуі керек, бірақ әзірге бұл мақсатқа жету қиындай түскен. Шағын дәріханалар кейбір жұмыстарды өз мойнына алуға дайын екендігін жеткізген.
Жұмадан бастап Ұлыбритания Бразилияда анықталған коронавирустың жаңа түріне байланысты Оңтүстік Америка және Португалия елдерімен рейстерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бразилиялық нұсқа Ұлыбритания мен Оңтүстік Африканың мутациясынан ерекшеленеді. Коронавирустың жаңа белгілерінің жұқпалылығы жылдамдығы өте жоғары. Осыдан кейін онымен көптеген елдер рейстерді тоқтатқан болатын.
Ұлыбритания Еуропадағы эпидемиологиялық жағдайы өте нашар ел. Өткен тәулікте 1564 адам қайтыс болды. Елде локдаун енгізілген. Лондон мен басқа да ірі қалаларда карантиннің сақталуын қадағалайтын полиция патрульдері белсенді жұмыс істей бастады, ереже бұзушыларға айыппұлдар салу жиілеп кеткен.
Британдық қоғамдық денсаулық сақтауды зерттеу ұйымының зерттеулері коронавируспен ауырған адамдардың иммунитеті бес айға дейін сақталатынын көрсеткен. Сонымен қатар, қайта жұқтыру ықтималдығы бірінші рет ауырып қалу қаупінен 83%-ға төмен. Алайда, адам ағзасында иммунитетті сақтайтын нақты уақыты әлі күнге түсініксіз.
Францияда Ішкі істер минстрлігіне қарсылық күшейді
Франция тұрғындарының жеке өмірінің құпиялылығын бақылайтын агенттік елдің ішкі істер министрлігі карантин режимін бақылау үшін дрондарды қолданғаны үшін наразылық білдірді. Информатика және азаматтық бостандық жөніндегі ұлттық комиссия (CNIL) Ішкі істер министрлігінің мұндай әрекеттерін жеке өмірге қол сұғу деп атады, ал дрондарды осындай мақсатта пайдалану заңсыз, өйткені суретке түскендердің жеке басы дрондардан түсірілген фотосуреттерден оңай анықталады.
Бейсенбіде Франция премьер-министрі Жан Кастекс алдағы сенбі, 16 қаңтардан бастап елдің материктегі территориясында коменданттық сағат кешкі 6-да басталатынын мәлімдеді. Бұл шара кем дегенде 15 күнге енгізіліп жатыр. Францияда желтоқсан айының ортасынан бастап үйден себепсіз шығуға тыйым салынады.
Франция пандемияға ең көп зардап шеккен еуропалық елдердің бірі. Елде 2,9 миллион жағдай тіркеліп, 69,1 мың адам қайтыс болған.
Өткен жылы билік эпидемиямен күресудің түрлі шараларын енгізді. Атап айтсақ, жалпыхалықтық деңгейден бастап жергілікті локдаунға дейін, айыппұлдар мен үйден шығуға арнайы рұқсат алуды енгізген еді. Шаңғы базалары жабылды. Қазіргі уақытта бүкіл елде коменданттық сағат күшіне еніп отыр, бірақ Франция үкіметінің ғылыми кеңесшілері енгізілген шектеулер білгелі бір нәтиже бермегенін, карантиндік шараларды одан сайын күшейту керек екенін айтып отыр.
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар
-
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді
-
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар
-
Антикор: 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5%-ға азайды
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы

